5
«этнос» – ру, тайпа, ҧлт, және «педагогика»(оқыту, тәрбиелеу) -деген екі сӛзден қҧралып, этнопедагогика деп аталған бҧл ғылым
- жалпы
педагогика ғылымдарының тҥп негізі, оның ғылыми қалыптасуындағы негізгі бір саласы.
«Этнопедагогика» терминін ғылымға алғаш 60 жылдың соңы 70 жылдың басында чуваш ғалымы, академик Г.Н.Волков ендірді.
Г.Н.Волковтың анықтамасы бойынша: «Этнопедагогика – бҧқара халықтың жас ҧрпақты тәрбиелеу бойынша тәжірибесі, оның
педагогикалық кӛзқарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ҧлттық мінездегі ерекшеліктерді
зерттейді... Халық педагогикасы – халықтық ауыз әдебиетінде, ырымдарында, балалар ойындары мен
ойыншықтарында мәңгі қалған
педагогикалық мағлҧматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы –халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру ҥшін
пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-қҧралдардың, тәсілдердің, жиынтығы мен ӛзара байланысы. Оның зерттеу
тақырыбы –– тәрбие, ал тәрбие объектісі –– адам, тҧлға», – дейді. Г.Н.Волковтың пікірінше, этнопедагогика ғылымының нысаны – ғылым
болып есептелмейтін халықтық педагогика. Этностық тәрбие – отбасындағы, рудағы, тайпадағы тәрбие, дәлірек айтсақ табиғи, мектептен
тыс, дәстҥрлі, формальді емес халықтық тәрбие.
Кең мағынада халықтық педагогика – тәрбие ісіне қызмет ететін халық шығармашылығының барлық тҥрлері. Олар: салт-дәстҥрлер,
әдет-ғҧрыптар,тойлар, мерекелер, ҧлттық ойындар, халық тарихы, әдебиеті, қол ӛнері, еңбек әрекеттері,
халық музыкасы, халық билері,
халық әндері және тағы басқалар.
Халықтық педагогика ғылыми педагогикадан бҧрың шыққан ҧғым. Ол «ақылды адам» жер бетінде пайда болысымен туған.
Халықтық педагогика ғылыми педагогиканың бастапқы кӛзі, негізі және бастамасы болып саналады. Халықтық педагогикадағы ғасырлар
бойы жинақталған бағалы идеялар (прогрессивтік, демократиялық, гуманистік, идеялық және халықтың тәрбиелік тәжірибесі) ғылыми
педагогикада кең пайдаланылуы керек.
Ӛкінішке орай кеңес дәуірінде олай болмады, тек қана орыс және шетел педагогикасы дамыды және солар оқытылды. Ал барлық
мектептерге тәлім-тәрбие сол педагогикалар негізінде жҥргізілді.
Этнопедагогиканың пәні – ҧлттық тәрбие процесі. Ал ҧлттық тәрбие қазақта ана қҧрсағынан басталып, адамды ӛмір бойы және оны
о дҥниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғҧрыптар мен салт-дәстҥрлер негізінде ҥздіксіз жҥргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар
арқылы жҥзеге асырылған.
Этнопедагогика ғылымының міндеттері:
1) ауыз әдебиетінің шығармаларын;
2) этнографиялық материалдарды;
3) халықтың тәрбие дәстҥрлерін;
4) халықтық ойындар;
5) отбасы тәрбие тәжірибесін пайдаланып –– Жас ҧрпақты “Сегіз қырлы, бір сырлы” азамат етіп ҧлттық тәрбие беру.
Достарыңызбен бөлісу: