Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты л. Н. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата08.04.2024
өлшемі0,78 Mb.
#200601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ibraimova-etnopedagogika (1)
ibraimova-etnopedagogika (1)
 
4. БЕСІК ТӘРБИЕСІ 
 
Қазақ баласын ағаш бесікке салып тәрбиелейді. Бесік тәрбиесінің маңызы туралы М.Жҧмабаев, Х.Арғынбаев, 
М.Ғабдуллин,С.Қалиев т.б. ӛз еңбектерінде арнайы мән берген. 
Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасауы мҥмкін. Астына тақтай салып, дәрет жҥретін 
жерді тесіп ойып қояды. Оған киізден тҥбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын кӛрпешемен (оны жӛргек деп 
атайды) орап таңып қояды, басына кішкене жастық салады. Баланың бесікте кіші дәретке отыруына қолайлы етіп қойдың асық жілігінен 
тесіп шҥмек, ҥлкен дәретке арнап киізден тҥбек жасайды. Оған орта беліне дейін кҥл салады. 
Бала бӛлеген бесіктің ҥстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің ӛзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік кӛрпе, одан 
кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жҥген және қамшы сияқты бҧйымдар жабылады. Тон, шапан жабу – ержеткенде бала халыкқа қадірлі 
болсын деген тілек; жҥген –ержеткенде бала халыкты қорғайтын азамат болсын; жҥген жабу – ат ҧстайтын азамат болуын тілеу; кебенек, 
қамшы жабу – ел қорғайтын батыр болсын деген тілек. 
Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жҥзік ҥлестіріледі. Ал бесікке салған бәйбішеге таза матадан кӛйлек кигізеді. 
Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлылығы: біріншіден, кӛшіп-қонғанда тҥйеге артып жҥруге қолайлы, екіншіден, баланы емізгенге ӛте 
ыңғайлы. Баланы жӛргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып отырып та емізе береді. Тіпті анасы емізе отырып, мызғып та алады. 
Ҥшіншіден, бесік баланың денесінің тазалығына, ҧйықтауына қолайлы. Баланың нәжісі (зәрі) денеге жайылмай шҥмек, тҥбек арқылы 
кетеді. Денесі қҧрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ҧйықтайды. Ал, бала денесінің ӛсуі ҥшін ҧйқы аса қажет. Бала 40 кҥнге дейін 22-23 
сағат, алты айға дейін 20-21 сағат, ал 1 жасқа дейін 18-20 сағат ҧйыктайды. Ҧйқысы тыныш болғаннан денесі тез ӛсіп жетіледі. 
Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақгы жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу 
тойын жасайды. Бесікті кӛбінесе баланың нағашы жҧрты алдын ала арнайы жасатып, бесік тойына алып келіп тарататын болған. Ондағы 
мақсат жиен-жекжат ӛсе берсін, ҥрім-бҧтағым, ӛрісім кӛп болсын деген ой-пікір кӛзделген. Баланы бесікке салуды да ҥрім-бҧтағы ӛскен, 
беделді қариялардың біріне тапсырған. 
Ол әйел бесіктің жасау-жабдықтарын ҥйінен жасап әкеп, ағаш бесікке саларда нәрестеден жын-шайтан аулақ болсын деген ниетпен 
бесікті отпен аластайды (отпен аластау біріншеден – діни ҧғымға байланысты туған болса, екіншіден – микробтарды ӛлтіру, ҥшіншіден – 
иіс-қоңысты кетіру), яғни гигиеналық тазалық кӛзделген . 
Бесікке салушы бесіктің барлық жабдыктарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген қҧрт, май, ірімшік, бауырсақ, қант-
кәмпит, кҥміс ақшаны уыстап алып бесіктің тҥбек байлайтын тесігінен тӛмен ӛткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға ҥлестіреді. Балалы 
болғысы келген жас әйелдер де ырым етіп шашудан дәм татып, қалталарына салып алады. Шашу ҥлестіріліп болған соң бесікті отпен 
аластайды. Бесіктің арқалығына бірнеше жерден темірмен қарып белгі салады. Бәйбішелер қырандай кӛреген болсын деп бесіктің 
арқалығына бҥркіттің тҧяғын байлайды, жын-шайтаннан, кӛзден сақтасын деп тҧмар жаздырып немесе ҥкінің қауырысынын бесіктің 
басына тағады. Сҧлу болсын деп басына айна, тарақ жастайды. Бесікті аластау кезінде: 
Алас, алас, баладан алас, 
Иесі келді, пәледен кеш ! 
Алас, алас, пәледен алас, 
Кӛзі жаманның кӛзінен алас, 
Тілі жаманның тілінен алас, 
Қырық қабырғасынан алас, 
Отыз омыртқасынан алас, – деп, пәле-жала, жын-шайтан, тіл-кӛзден сақтасын деген тілек айтылады. 
Баланың туылғанына қырық кҥн толысымен, оның кырқынан шығару ырымын жасайды. Бір еркек қарын шашын алады, ал тҧқымы 
ӛскен ҥбірлі-шҥбірлі қария бәйбіше 40 қасық суды ҥстіне қҧйып тҧрып: «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын» деген 
тілек айтады. Бала шомылдырған легеннің тҥбіне 40 қҧмалақ тас, сақина, жҥзік сиякты заттар салынады. Сақиналарды бала шомылдыруға 
кӛмектескен әйелдер ӛзара бӛліседі. Қарт бәйбішеге кӛйлектік мата, шашын алған еркекке тақия т.б. сыйлық беріледі. Қарын шашты 
шҥберекке тҥйіп, баланың киімінің иығына қадап қояды. Бесікке қайта бӛлеп жатып та: 
Алас, алас, аласы, 
Тулаған тайдан, 
Келді міне баласы, 
Куалаған ботадан қорықпа! 
Кеш, кеш пәлесі, 
Маң тӛбеттей ҧйқылы бол. 
Келді міне егесі. 
Тҥлкінің баласындай кҥлкілі бол 
Аталарың, ағаларың шақырса, 
Алас, алас, аласы, 
одан қорықпа. 
Келді міне, баласы. 
Ойнақтаған лақтан қорықпа 
Ҧйықтап демалсын. 
Былдыраған бҧлақтан қорықпа.
Қуанып оянсын! – 
деп тілек айтылады. 
Бесікке салу тойына жиналғандар ӛлең айтып, әзіл-қалжың, ҧлт ойындарын ойнап кӛңіл кӛтереді. Жас нәрестеге бәйбішелер бата 
беріп, немелеріне сарқыт алып қайтады. 



Бесікте бала емшектен шыққанша жатады. Ит кӛйлегі тозып, еңбектеп жҥре бастаған кезде баланы бесіктен мҥлде шығарып, анасы 
қойнына алып жатады. Бала бҧл шамаға келгенде бесікті тазалап, ҥйдің ең сенімді жеріне сақтап қояды. Ол келешек ҧрпақ тезірек дҥниеге 
келсін, «бесік тілеу – тілеуші енді оған келер бала жатсын» деген ырым. Бесікті қазактың қҧрмет тҧтуы соншалық, кейде атасы жатқан 
бесікке немерелері жатады. Қазактың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардактаудан шыққан. 
Балаға деген ана махаббаты «бесік жырлары» арқылы берілген. Ана бӛбегін бесікке бӛлерде ең алдымен бесік жырын айтады. Онда 
ана ӛзінің баласына деген сҥйіспеншілігін: 
Мойындағы тҧмарым, 
Мойнымдағы маржаным, 
Тарқамайтын қҧмарым, 
Қорадағы мал-жаным, 
Тағдыр берген алсын деп, 
Бесігіңе жата ғой, – 
Ақ бесікке салсын деп. 
Тәтті ҧйқыға бата ғой, –
деп білдіре келеді де: 
Балам жатсын бесікте
Пәлесі қалсын есікте, – 
деп пәле-жаланы ӛлеңмен аластамақ болады. Баланы бесікке бӛлеп, шайқала әндетіп тербете отырып, бӛбегіне деген ыстық сезімін 
одан әрі жалғастырып: 
Кӛзімнің ағы, қарасы –
Маңдайдағы қҧндызым, 
Жҥрегімнің панасы. 
Аспандағы жҧлдызым. 
Уайым, қайғы ойлатпас 
Әлди, әлди, балам-ай, 
Кӛңілімнің санасы. 
Айналсын сенен анаң-ай! 
Айналайын, шырағым, 
Әлдилеп сені сҥйгенде 
Кӛлге біткен қҧрағым, 
Анаңның кӛңілі болар жәй, – 
деп, ӛзінің баласына деген махаббатын әлемдегі алуан тҥрлі теңеулерге теңеу арқылыбілдіреді. 
Бҧндай жырларды әуел баста жеке ақындар шығарған. Кейін шығарушы авторы сақталмай, бҥкіл ана атаулы жаттап алып айтатын 
ӛзінің баласына деген махаббат әнҧраны болып кеткен. Бҧл жерде кӛзделер мақсат біріншіден, бесік жырын анасы әндете отырып, ӛзінің 
нәрестесін әсем ән ырғағымен тәтті ҧйқыға бӛлеу болса, екіншіден, ананың баласына берер тілек батасы, сәбидің болашағынан кҥтер ҥміт-
сәулесі сӛз болады. 
Қҧрығыңды майырып, 
Ақырып жауға тиісіп, 
Тҥнде жылқы қайырып, 
Батыр болар ма екенсің?! 
Жаудан жылқы айырып, 
Бармақтарың майысып, 
Жігіт болар ма екенсің?! 
Тҥрлі ою ойысып, 
Айыр қалпақ киісіп, 
Ҧста болар ма екенсің?! – 
дейді. 
Осы бір ауыз ӛлең жолынан халықтың бала тәрбиелеудегі ой-арманы айқын кӛрінген. Ол ана тілегі арқылы беріліп отыр. Мал бақ, 
кәсіп ет, ел жҧртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл-кеңес, тілек етіп білдірген. Баланы жастайынан ел 
намысын қорғаушы азамат болуға баулу, оны ана аманаты ретінде келер ҧрпақтың қҧлағына сіңіру ежелгі ел дәстҥрінің озық тҥрі болған. 
Баланы бесіктен шешіп аларда анасы ӛлең-жырмен әндете отырып: 
Анасы шешіп алсын,
Балам бесіктен шықсын, 
Ҧйқысы бесікте қалсын. 
Пәлесі есіктен шықсын, – 
деп, ҥнемі ӛлең-жырмен әлдилеп, жауыздық атаулыдан сәбиін аман сақтау ой-арманын білдіреді. 
Академик Мәлік Ғабдуллин қазақ халқының бесік жырларының тәрбиелік маңызы мен мәні туралы былай деген: «Бесік 
жырларынан» халықтың бала тәрбиесі жайындағы арман-тілегі, кӛзқарасы, мақсат-мҥддесі айқын кӛрінетінін байқаймыз. Онда баланы жас 
кезінен еңбекқор, еңбек сҥйгіш етіп тәрбиелеу, оны адал кәсіпке, халыққа қызмет етуге даярлау ата-ананың ең басты борышы делінеді. 
Мҧның ӛзі қазақ халқының бала тәрбиесін баланың есейген кезінен емес, тіпті оның бесікте жатқан кезінен қолға алғанын, баланы еңбекке 
баулу ісін ерте бастағанын аңғартады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет