Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты л. Н. Ибраимова


 ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата08.04.2024
өлшемі0,78 Mb.
#200601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
ibraimova-etnopedagogika (1)

 
6. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ 
Ақыл-ой тәрбиесі қазақта халықтық білім арқылы берілген. Халықтық білім деп адам, қоғам, табиғат туралы санғасырлық 
жинақталған халықтың тәрбиесін айтамыз.Халықта «ақылы асса, аға тҧт» деген сӛз бар. Халық «баймын деп, тасыма, кедеймін деп, 
жасыма» деп ақыл айтады, инабатты, иманды ҧрпақ ӛсіру ҥшін, «жақсыдан ҥйрен, жаманнан жирен» деп ӛсиет айтады.
Азамат қоғамының дамуы еңбек пен ғылымның ҧштаса ӛрістеуімен байланысты. Ғылым-адам табиғат және қоғам туралы білімдер 
жиынтығы. 
Қоғамның даму барысында ғылым жетекшілік роль атқарады. Қоғамдағы барлық байлық - ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен 
техника жетістіктерінің бірлескен жемісі. 
Ғылыми білімді жасаушы- халық , оның кемеңгер ақылды жандары. Сол ғылыми білімді меңгеру, даналық ойға ие болу-оқумен, 
оқығанды кӛңілге терең тоқумен байланысты екенін ӛте ерте тҥсінген қазақ халқы былай деген: 
Оқу шала естіні бҥтін, 
Бҥтін естіні данышпан қылады. 
Оқусыз білім жоқ 
Білімсіз кҥнің жоқ. 
Білімдіге дҥние жарық 
Білімсіздің кҥні ғәріп. 
Оқу- білім бҧлағы. 
Білім-ӛмір шырағы, - деп ӛмірдің тҧтқасы оқуда және білімде деп топшылаған жастарға халқымыз: 
Білекті бірді жығады, 
Білімді мыңды жығады. 
Ақыл азбайды, білім тозбайды, - деп білімнің ӛмірдегі мәнін ҧғындыруды мақсат еткен. Білімді болу ҥшін асқан 
тӛзімділіктің, еңбексҥйгіштіктің қажет екенін сезген халық: «Оқу-инемен қҧдық қазғандай» деп тҥсіндірген. Білімнің ӛздігінен келмейтінін, 
ол ҥшін кӛп оқып, оны кӛңілге тоқып, ғалымдармен жолдас болып, мҧратқа жетудің қажеттігін халқымыз мақал-мәтелдер арқылы 
жастардың санасына сіңіріп отырған. 
Ғылыммен жақын болсаң-қолың жетер, 
Залыммен жақын болсаң-басың кетер. 
Оқы да біл, ойнада кҥл. 
Оқу тҥбі тоқу,- деген соған дәлел. 
Қазақ халқы жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде және олардың ҧлттық санасын қалыптастыруда ауыз әдебиетінің кӛптеген 
жанрларын пайдаланған. Ӛйткені «Ауыз әдебиеті - халық даналығының кӛзі, ӛмір тәжірибесінің жиынтығы» деп санаған. 
Осы мақсатта ҧлы ойшылдар мен ғҧлама ғалымдардың шығармаларын, мақал-мәтелдерді, айтыстарды, жҧмбақтарды, ҧлттық 
ойындарды, қол ӛнері мен тіл ӛнерін, /шешендік сӛздер, қанатты сӛздер және т.б./ кең пайдаланған. 
Енді соларға нақты мысалдар келтірелік. 
Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде және ой-санасын ӛрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде, әсіресе жҧмбақ 
айтысы ерекше роль атқарған. 


10 
Жҧмбақтың тәрбиелік мәні туралы академик М.Әуезов былай дейді: 
«Жҧмбақ – халық шығармаларының ішіндегі ең ескі тҥрінің бірі. Жҧмбақ ӛткір, ҧшқыр ой тҥйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті 
кҥшті, тәрбиенің тамаша қҧралы. Ол бҥгінгі біздің дәуірімізде де ӛзінің керектілігін, қасиетін жойған жоқ». Жҧмбақ адам баласы 
санасының даму барысында әр алуан ӛмір қҧбылыстарын тҥсініп білуге ойды жетектеу, талпындыру, әсіресе жастардың ой-ӛрісін, қиялын 
кеңейтуде кӛздеген мақсаттан туған. Жҧмбақта адам баласының даму барысында әр алуан ӛмір қҧбылыстарын тҥсініп білуге ойды 
жетектеу, талпындыру ,әсіресе жастардың ой-ӛрісін, қиялын кеңейтуді кӛздеген мақсаттан туған. Жҧмбақтар қалай және қайда айтылған? 
Қазақ халқының әдет-ғҧрпы мен салт-дәстҥрінен туған ойын-сауық кештерінде ӛлең жырмен айтысу, ән сайысына тҥсу, сӛйтіп 
жиналған жҧрттың кӛңіл-кҥйін кӛтеру және жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстҥрі ертеден орын алған. Сол ойын-сауық кештерінде 
жастар бір бірімен ән шырқасып, кҥй шертісіп, жҧмбақ және жаңылтпаш айтысып, ӛнер сайысына тҥскен. Бҧрын қазақта кҥйеу таңдаған 
дана қыз жігітке жҧмбақ арқылы талап қойып,оны шешуін кҥтіп, сертке кеткен, ақылды,тапқыр жігітке тҧрмысқа шығатын болған. Бертін 
келе ақындардың айтысында жҧмбақ айтысы ерекше орын алған. Мысалы, Әсет пен Рысжанның, Ақбала мен Боздақтың айтыстары жҧмбақ 
тҥрінде жырланған.
Жҧмбақ айтысы жастардың логикалық ой-ӛрісінің дамуына ерекше әсер еткен және оларды тапқырлыққа тәрбиелеуде ҥлкен роль 
атқарған. 
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда кең тарап, дәстҥрге айналған ақындар айтысының жаңа бір тҥрі пайда болған. Онда бір ақын: 
ӛмір, ӛнер-білім, тіршілік, еңбек, кәсіп туралы сҧрақтар береді. Оларға бір топ ақындар қатынасып,ӛз кӛзқарастарын ӛлеңмен білдіретін 
болған. Мысалы, Алты ақынның ӛмір туралы айтысы, «Тоғыз ақын қатынасқан Қаңлы Жҥсіп пен Кете Жҥсіптің айтысы», он ақын 
қатысқан Шәкей шал айтысы, Ырысты мен 16 ақынның айтысы т.б. 
Сонымен осы ақындар айтысында сӛз болатын ғылыми-білімнің ӛрісі, талап,еңбек, терең ойлылық мәселелері- жастардың ақыл-
ойын тәрбиелеуге, ғылымды оқып-біліп меңгеруге мезгейтін тәрбиелік мәні терең ӛнер туындысы. 
Қазақ балаларының тілін ҧстартудағы тәрбиенің бір кӛзі-жаңылтпаш айтқызу. Жаңылтпаш айтқызудағы мақсат-жастарды 
кҥлдіру,кӛңілін кӛтеру, екіншіден-әр сӛзді тез, шебер, дәл айтуға, тіл ҧстартуға ҥйрету. Жаңылтпаш қашан және неге айтылған. Қазақтың 
салты бойынша ойын-сауыққа келген жастардың бәрі де ән салып, кҥй шертіп, ӛлең айтуға тиіс. Ал осы ӛнерлерден қҧр алақан жастарға 
жаза ретінде ойынды басқарушы адам жаңылтпаш айтқызатын болған. 
Шындай шытырмыш, 
Ол шытырмышты 
Мен шытырмыштамай 
Кім шым-шытырмыштайды. 
немесе 
Ар жақтағы Қҧдияр қҧдам еді, 
Ол мені қҧдаламады, 
Мен оны қҧдаламадым, - деген сияқты жаңылтпаштардың соңғы екі жолын шатаспай жылдам-жылдам айтып шығу оңай емес.Егер 
ол адам жаңылтпаштың әр әрпін, әр сӛзін орамына келтіріп айта алмаса, бҧзып айтса, жҧрт оған кҥледі. Жаза ретінде ӛлең айтқызған, ал 
жазаланушы әрбір жас ән-кҥй орындауға міндетті болған. Ал мҧның ӛзі-ӛнерді халықтың қадірлемегенін; жастарды ӛнерлі болдыруға 
ерекше кӛңіл бӛлгенінің белгісі. 
Жастардың ой-ӛрісін, тапқырлығын тәрбиелеуде ҧлт ойындарының да ролі ерекше болған. Олар оймен келетін ойындар, «Санамақ 
ойыны», «Тоғыз қҧмалақ», т.б. Мысалы, «Санамақ» ойынының мәні: бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусақтардың аттарын 
жаңылмай жылдам ататтыру немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай жылдам он қыздың, он баланың, он ақынның,он ӛзеннің аттарын 
атау сияқты қҥлдіргі ойындар балаларды тапқырлыққа тәрбиелеудің бастамасы болып саналған. «Ҧшты-ҧшты» ойынының мәні: жанды 
заттан жансыз затты тез ажырата білуге баулу.
Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде қазақ халқы ежелден тіл ӛнері мен қол ӛнерін кең пайдаланған. Ол ҥшін шешендік ӛнер мен 
шеберлік ӛнерді қатар бірдей бағалай білген.Мысалы,
Шешеннің тілі ортақ, 
Шебердің қолы ортақ; 
Жігітке ӛлең де ӛнер, ӛнер де ӛнер. 
Ӛнер алды қызыл тіл. 
Қазақ халқы сӛз ӛнерінде логикалық ойдың кҥшті болғанын және болуын қалаған. Ол ҥшін жігін жатқызып, ебін тауып, дәлелдеп 
нақты сӛйлей білуді балаға ҥйретіп отырған.Мысалы, 
Сӛз тапқанға қолқа жоқ.. 
Шешен кісі сӛз айтар ойға салмай, 
Шебер кісі тон пішер бойға салмай. 
Жҥйелі сӛз жҥйесін табар, 
Жҥйесіз сӛз иесін табар. 
Жҥзден бір шешен, 
Мыңнан бір кӛсем. - 
деп топ алдында сӛз бастаған ,ел билеген шешендерді ерекше қастерлеген. Қазақ халқы шешендік сӛздерді сап алтындай қадірлеп, 
ҧрпақтан-ҧрпаққа ҥлгі-ӛнеге етіп ҧсынып отырған. Мысалы, Жиренше шешеннің, Қаз дауысты Қазбектің, Сырымның, Әйтекенің, 
Тӛлебидің, Бӛлтіріктің т.б. сӛздерінде ақылдылықтың, тапқырлықтың, білімділіктің тамаша ҥлгілері кӛрінеді. Олар ақыл-ой тәрбиесінің 
негізі және асыл-арналары болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет