Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты л. Н. Ибраимова


ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ИМАНДЫЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата08.04.2024
өлшемі0,78 Mb.
#200601
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
ibraimova-etnopedagogika (1)

8.ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ИМАНДЫЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ 
Қандай халық болса да, оның ҧлттық ҥрдісі, ӛзіндік әуені, ілікті қасиеті, ҧлттық болуы арқылы болашақ ҧрпағының тӛл келбетін 
қалыптастырады. Қай уақытта да адам баласының тҥпкі мақсаты, қайырымды қоғам орнатып, ӛзінің тіршіліктегі бақытын табу. Сондықтан, 
қайырымды іс істеуден артық еш нәрсе жоқ екенін әр адам сезінеді. Бірақ адамдар қоршаған ортаның, жайсыз жағдайлардың әсерінен және 
тәрбиенің келеңсіз тәлімдерінің салдарынан қайырымдылық жасауға асықпайды, жаман мінез- қҧлықтарды бойына сіңіреді. Содан келіп, 
ӛмірде жиі кездесетін жақсы мен жаман адамдардың пайда болатынын білеміз. Осындай адамдардың бейнелерін суреттейтін кӛптеген 
қиял- ғажайып ертегілерден мысал келтіруге болады.
Қазақ халқы жастарды ізеттілікке, кішіпейілділікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді біріншілікке деп санаған,ӛйткені адамгершілік 
қасиеттің негізі – имандылық пен ізеттілікте, ал имандылық – адамның сенімі. Халық тәжірибесінде ақылды, парасатты адам – иманды 
және адамгершілікті болатыны дәлелденген.
Адамгершіліктің негіздері: кісілік, ерлік, табандылық, мақсаттылық, ҧлттық намысты қорғау, қоғамшылдық, азаматтық борышты 
сезіну, қҧқықтық нормаларды іске асыру, отансҥйгіштік т.б. адамгершілік тәрбиесінің нәтижесі болып табылады. 
Кісілік рәсімдер: имандылық- ізеттілікті, сыйласымды, жақсылыққа сенуді, тек жақсылық жасауға бейімделуді; салауаттылық – таза 
жҥруді, есіріктен аулақ болуды, ар-ҧятты қастерлеуді, оғаш қҧлық кӛрсетпеуді; қайырымдылық – адамға, айналасына жақсылық жасауды, 
кӛмек кӛрсетуді, адам баласына мейірімді болуды, табиғатты қорғауды; перзенттік парыз – Отанға, ата-анаға қызмет етуді, перзенттік 
борыштар мен міндеттерді ӛтеуді, Отанын, адамдарды ардақтауды; әдептілік – ізетті, инабатты, қайырымды, мейірімді болуды, әрқашан 
әдепті сақтауды, әдеппен сӛйлеуді, жақсы мінезділікті кӛздейді.
Адам бойындағы мыңдаған қасиеттердің ішінде негізгі орын алатын қасиет- адамгершілік қасиет. Адамгершілік қасиет жеке 
тҧлғаның бойына игі іс-әрекеттер, әдет-ғҧрыптар, әдептілік нормалары, салт-дәстҥрлер мен салт-сана арқылы қалыптасады. Жас ҧрпақтың 
адамгершілік қасиеттерін дамыту ҥшін, оларға игі іс-әрекеттерді ҥйрету, елін сҥйген ерлердің кісілік (гумандық), адамгершілік іс-
әрекеттерін ҥлгі тҧту тәсілдері қолданылады.«Ҧлттық тәрбиенің негізі- адамгершілік, еңбек тәрбиесі»,- дейді М.Жҧмабаев. Адамгершілік 
турасында дана бабамыз Әбу Нәсір Әл-Фарабидің : «Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат» деген ҧлағатты пікірін 
мойындай отырып, жас ҧрпақты білім нәріне қандыру да ҧстаздық парыз екендігі анық.


12 
Қазақ халқында имандылық – адамгершілік тәрбиесі екі бағытта жҥргізілген: 
1) ҧлттық әдеп негізінде тәрбиелеу; 
2) халықтық салт-дәстҥрлер негізінде тәрбиелеу. 
Қазақ халқында имандылық ӛз бастауын әдептен алады. Ал ҧлттық әдеп ҥшке бӛлінеді: 
1)
мінез-қҧлық әдептері; 
2)
жҥріс-тҧрыс әдептері; 
3)
қарым-қатынас әдептері. 
Мінез-қҧлық әдептері: биязылық, кішіпейілділік, салмақтылық, кеңпейілділік, бауырмалдылық, шыдамдылық, сыйластық, 
ҧқыптылық, меймандостық,тындырымдылық және т.б. 
Жҥріс-тҧрыс әдептері: есіктен сәлем беріп, оң аяқпен кіру, тағамды оң қолмен жеу, нанды екі қолмен сындыру, айға қарап қол 
шошайтпау, тамақ ішкенде жамбастамау, киімді оң жақтан киіп, сол жақпен шешу, ҥйге қарап жҥгірмеу, есінегенде ауызды оң қолдың 
сыртымен жабу, босағаны кермеу, есікті қатты жаппау, аяқты айқастырмау, дауыс кӛтермеу, ӛтірік айтпау және т.с.с. 
Қарым-қатынас әдептері: ҥлкеннің алдын кеспеу, ҥлкенге бҧрын сәлем беру, екі қолдап амандасу, ҥлкеннен бҧрын дастарханға қол 
созбау, ҥлкеннің сӛзін бӛлмеу, ҥлкенге қҧрмет кӛрсету, ҥлкеннің алдында жамбастамау, ата-ананы қҧрметтеу, ата-анаға қарай аяқ созбау, 
тӛрт тҥлікті қастерлеу, мазаратқа қол шошайтпау, қазаны қҧрметтеу, дәм-тҧзды ақтау және т.б. 
Имандылық-адамгершілік тәрбиесін берудің негіздері: халықтың ауыз әдебиеті, діни-рухты тәрбие, халық тарихы, ҧлттық мәдениет. 
Жақсы адам болуы ҥшін тек денесінің сау болуы жеткіліксіз, рухани саушылықта болуы да ӛте қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір 
хадисінде : «Аллаһ сендердің сыртқы тҥрлеріңе қарамайды, сендердің іштеріңе, жҥректеріңе қарайды» депті. Ӛзінің борышын жақсы 
тҥсінген адам сол – ӛзін жақсы тәрбиелеген адам. АХЛАҚ – тәрбие, ӛнеге, адамгершілік, мораль деген мағынаны білдіретін «Ахлақиа» 
деген арап сӛзінен алынған. Адамда мінез-қҧлық ретінде кӛріне отырып, ішкі сипатын білдіретін, ӛмірден сондай-ақ оқу-ҥйрену әрі отбасы 
тәрбиесінен қалыптасқан рухани кҥй /психолгия/. 
Сӛзімізден, ісімізден, жҥріс-тҧрысымыздан әрі әрекетімізден жақсылық байқалып тҧрса, онда мҧны ахлақты, яғни тәрбиелелік деп 
тҥсінеміз.Тәрбиелелік - әр адамның алдында тҧрған жауапкершілікті білдіретін кӛрсеткіш.Тәрбиелелік қана ӛмір сҥріп отырған 
ортамыздың талаптарына лайық болған міндеттерімізді дайындап береді. Осы міндеттерді орындауда, бойымызда болатын биязылық, 
сыпайы сӛз, ілтипаттық, сабырлылық, парасаттылық т.с.с. кӛркем мінездің шешуші маңызы бар. 
Діни рухтық тәрбие арқылы балаларды діни-моральдық ахуалмен таныстыру, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік
қайырымдылық, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді ҥйретуге болады. 
Осы діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты – баланың ӛзіне ӛзінің сенімін тәрбиелеуге баулу және соған қалыптастыру. 
Адамгершілік қасиеттің ең негізгі мәселесі – қайырымдылық пен достық. 
Халық ҧғымында жақсылық пен жамандық, достық пен адамгершілік егіздің сыңарындай қатар салыстырыла суреттеледі. 
Елге қайырымды, жақсылық жасаған адамды:
Ел қамын жеген – ер. 
Жақсының жаттығы жоқ. 
Жақсы Аймен-Кҥндей, әлемге бірдей. 
Жақсы туса елдің ырысы, 
Жаңбыр жауса жердің ырысы. 
Жақсы келді дегенше жарық келді десеңші, – деген мақал-мәтелдермен кӛрсеткен. 
Халық мақалдарында жақсы адам мен жаман адамды салыстыра суреттеп, жақсының жақсылығын, халыққа тигізер пайдасын паш 
еткен. 
Оны мысалы: Басыңа іс тҥссе, 
Жақсы кӛмек етеді. 
Жаман кҥліп ӛтеді. 
Жақсыдан әкім қойсаң, 
Елді тҥзетер. 
Жаманнан әкім қойсаң, 
Елді жҥдетер. 
Халық шығармаларында дос пен қасты ажыра білуге меңзейді.
Досыңмен дос болғанға шаттан, 
Дҧшпанмен дос болғаннан сақтан. 
Досы жоқпен сырлас, 
Досы кӛппен силас, - деп ескертеді. 
Халық адамдармен шынайы дос бол, достықты отбасынан баста, – дейді. Соған арнап мақал-мәтелдер мен ақыл-нақылдар 
толғанған: 
Жҥз сом ақшаң болғанша, 
Жҥз жолдасың болсын. 
Досы кӛпті жау алмайды, 
Ақылы кӛпті дау алмайды. 
Мал кӛтерер ӛлімді, 
Дос кӛтерер кӛңілді. 
Әйеліңмен дос бол – берекең кіреді, 
Азаматпен дос бол – қадіріңді біледі, 
Білімдімен дос бол – ақыл кеңес береді. 
«Иман» - араб тілінен алынған сӛз, тӛл тілімізде «сенім» деген ҧғымды білдіреді. Діни тҥсініктер имандылық- Алланың хақ 
екендігіне, Мҧхаммед пайғамбар Алланың елшісі екендігіне сеніп, Алла жолын, пайғамбар ҧсынған парыздарды мҥлтіксіз орындау. 
Адамгершілігі аса жоғары кісіні халық «иманды» деп қҧрметтейді, ал адамгершілік қасиетті бҧзған адамды «имансыз» деп, одан 
тҥңіледі. 
Қазақ халқының ата-баба дәстҥрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ ҧлттық психологиялық салтқа, халықтық 
ерекшелікке айналған қҧбылыс. Жас адамды имандылыққа баулу – олардың ар-ҧятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, кішіпейілділік, 
қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдет-психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңірді.
Адамгершілік қасиетінің ең жоғары тҥрі – ар-ҧятпен ождан сақтау. Халық мақалдарында жастарды сабырлы, адал, арлы азамат
болуға ҥндеп отырған, яғни оны 
Жаным – арымның садағасы. 
Ӛлімнен ҧят кҥшті. 
Ақылды болсаң арыңды сақта, 
Ар-ҧят керек әр уақытта. 
Жігіттің қҧны – жҥз жылқы, 
Ары – мың жылқы, – деп ар-ожданды қастерлеп, адамгершілік туы етіп кӛрсеткен. 
Бала тәрбиесіне ерекше кӛңіл бӛлген қазақ халқы ӛзінің мақал-мәтелдері мен нақыл сӛздерінде адамгершіліктің мынадай асыл 
белгілерін бала бойынша сіңіріп отырған: әдептілік, сыпайы адамгершілік, ҥлкенді силау, достықты уағыздау, кішіпейілділік. 


13 
Ал осы қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын – ӛтірік, ӛсек, еріншек, мақтаншақтық сияқты – жаман әдет, жат-мінездерден 
сақтандырып отырған. 
Адамгершіліктің ең негізгі тҥрі – бауырмалдылық, бҥкіл адам баласын бауыр, дос тҧту, кӛпшіл болу. Мысалы, 
Атаның баласы болма, адамның баласы бол. 
Кӛппен кӛрген ҧлы той. 
Кӛпті жамандаған кӛмусіз қалады. 
Қазақ халқы ағайын туғанмен, ауыл-аймақпен тату-тәтті, ынтымақты, берекелі, бірлікте болуды кӛздеген. 
Оған дәлел мына мақал-мәтелдер: 
Ырыс алды – ынтымақ. 
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, 
Тӛртеу тҥгел болса, тӛбедегі келеді. 
Шынайы адамгершілік және адамдық қасиет елін, жерін, Отанын сҥю, яғни ҧлтжандылықтан туады. 
Батыр туса – елдің ырысы 
Жаңбыр жауса – жердің ырысы. 
Болат қайнауда шынығады, 
Батыр майданда шынығады. 
Елін сҥйген ер болар. 
Ерді намыс ӛлтіреді. 
Ерлік білекте емес, жҥректе.
Жас ҧрпаққа ӛз елін, жерін, суын, отанын, отбасын сҥйетін адам болуды ҥндеген.Мысалы, 
Ӛз елің – алтын бесік. 
Отан оттан да ыстық. 
Туған жерге туыңды тік. 
Басқа жерде сҧлтан болғанша, 
Ӛз еліңде ҧлтан бол. 
Отан ҥшін отқа тҥс, кҥймейсің 
Арың ҥшін алыссаң, ӛлмейсің. 
Ер жігіт ел ҥшін туады, 
Ел ҥшін ӛледі. 
Сонымен, болашақ ҧрпақты отанын сҥюге, ҧлтжандылыққа тәрбиелеу қазіргі кезеңде ӛте маңызды басты мәселе. Қазақ халқы 
ҧлтжандылықты: ҧлттық қасиетін, елін мен жерін сҥю, ер болу, ер-азаматтың ерлігін қастерлеу, халыққа оны мағлҧм ету, сол арқылы 
балаларға ҥлгі-ӛнеге етіп ҧсыну деп тҥсінген



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет