Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты л. Н. Ибраимова


 ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата08.04.2024
өлшемі0,78 Mb.
#200601
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
ibraimova-etnopedagogika (1)

 

11. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ
Қазақ халқының ҧлы ағартушысы Шоқан Уәлиханов «От ең, жоғары қасиетті нәрсе. Тӛтенше жағдайларда қазақтар мойнына белбеу 
салып, отқа сақина тастайды, майды отқа тастайды», - деп Отанын, ҥйін айтуы оттың қасиеттілігін кӛрсетеді. От – тіршіліктің кӛзі, адам 
қанының жылуы, ҥй ішінің қҧты. Соған орай қазақ ӛз ӛмірінің қҧт-берекесіне айналған тҧтқасын – ҥй ішін тҧтастай Отбасы деп атайды. Қазақ 
ҧғымында отбасы – ӛмірдің тҧтқасы, ҥй ішінде от жағылатын ошақтың тӛңірегі, оттың маңайына таратқан балқытар жылуы. Оттың басы, 
ошақтың қасы – ырыстың ҧйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршіліктің тҧтқасы санап аялайды, соның шырқы бҧзылмауы ҥшін шара 
қолдануы – әр отбасы мҥшесінің адамдық борышы. 
Қазақ ҥшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Ӛйткені адам баласының ой-санасы ӛсіп, ақыл-ойының кемелденуі ҥшін де тіршілік нәрі 
санаға отбасынан кіреді, отбасында кӛрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді, кҥллі парасат, пайым отбасынан 
ӛрбиді деп ҧғады. Сондықтан қазақ салтында Отбасының тәлім-тәрбиесі ерекше дәстҥр. Сол отбасының ҧйытқысы – әке мен ана. Әке – 
Отбасының иесі, қорғаны, қамқоры, ал Ана – отты ӛшірмей, маздатып жағушы, жылылық иесі. Осы екі киеден қуат алған ҧрпақ әрқашан 
еліне жақсылық сәулесін себетін айбынды азаматқа айналады. Ата-ананың мҧраты – ӛрендерінің жҥрегіне ізгіліктің, салауаттың таза, 
мӛлдір, тҧнық қалпымен дамуы. 
Отбасы – ҥйелмендер ынтымағы мен берекесінің ҧйыған орны, ҥлгі алар мекені. Сондықтан «Әке кӛрген оқ жанар, шеше кӛрген тон 
пішер» деп пайымдайтын қазақ ӛмірлік ереженің жібін сабақтап, әрі қарай жалғастырып әкетуді - ҧрпақтың борышы деп санаған. Ізгі мҧрат 
– әкеге қарап ҧлдың, шешеге қарап қыздың ӛсуімен ҧштасып жатады. Сондықтан ең алдымен әке мен шешенің ӛздері ҧрпақтарына ӛнеге 
болып саналады. Саналылық та, даналылық та, иманжҥзділік те, адамгершілік те бала бойына Отбасының тәлімі арқылы дариды да, 
ӛзгермес қасиетке айналады. Сондай игі мақсатпен әр Отбасының мҥшесі ӛз ҧрпағының болашағы ҥшін қам жасайды, жеткіншектеріне жол 
нҧсқайды, адамдық парасатты, пәк адалдықты ҥйретеді. Бҧл қазақи ӛмір салтының заңы. Қазақ ҧрпағын сақтаған осы жол, қазақ баласы осы 
қағидамен тәрбие кӛрсе, бақытқа кенелері хақ. 
«Отбасы – адам баласының ӛсіп-ӛнер, қаз тҧрар, қанат қағар ҧясы, алтын бесігі» дей келіп, профессор К. Оразбекова «Отбасы 
дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (кҥйеуі, әйелі, балалары, атасы, әжесі т.б.) бірлесіп, әлеуметтік-тҧрмыстық ӛмір сҥретін 
адамдар» деп, отбасына анықтама берген. Профессор Ә. Табылдиев «Отбасы – ҥйелмендердің жанҧялық бірлігі», профессор Қ. Жарықбаев 
«Отбасы – семья, жанҧя, ҥйелмен сӛздерінің синонимі», ал әлеуметтанушылар «Отбасы – неке немесе қандас туыстыққа негізделген шағын 
топ, мҥшелері қоғамдық тҧрмыста, ӛзара моралдық жауапкершілікте, ӛзара кӛмекте бір-бірімен байланысы: кҥйеуі мен әйелінің 
арасындағы, ата-анасы мен балалардың арасындағы қарым-қатынас» деп тҥсіндіреді. 
Қазаққа отбасы – тек ошақ қасы ғана емес, ол ең алдымен Отанның ошағы. Отан, отбасы деген сӛздердің тҥбірі – от деген киелі 
ҧғымнан бастау алған. Яғни от пен ошақ және Отан бір-бірімен ажырағысыз ҧғымдар. От бар жерде ӛмір бар. Ӛмір болған соң отбасы 
қҧрылады. Мың, миллиондаған отбасы Отан деген ҧғымды қҧрайды. Отаның болу ҥшін – жерің, ҥйің, елің, мемлекетің, дінің, тілің болуы 
шарт. Сонымен мемлекет отбасынан қҧрылса, отбасы туыс адамдардан қҧрылады. 
Қазір дҥние жҥзі отбасы қҧндылықтарына қайта мән бере бастады. Біріккен Ҧлттар Ҧйымының Бас Ассамблеясы Халықаралық 
отбасы кҥнін белгіледі. 
Отбасы – Отанның ошағы. Отбасында тәрбие ҧлттық сипатта жҥрсе, кезкелген отбасының берекесі кіреді, отбасы мҥшелері бақытты 
ӛмір сҥреді. Сондықтан Отбасын сақтау, қорғау, қастерлеу әр отбасы мҥшесінің қасиетті борышы болу керек. 
Отбасы – адам баласының дҥниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін ҥйі, ӛсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті 
алтын бесігі. Адамзат ҧрпағына отбасына аса қҧнды ықпалы мен әсерін ӛмірдегі басқа ешнәрсенің кҥшімен салыстыруға болмайды. Балаға 
ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. 
Отбасы мҥшелерінің адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділікке негізделген қарым-қатынасының бала тәрбиесіне 
ықпалы зор. Алайда ҥлкендердің мінез-қҧлқы мен іс-әрекеті силауға тҧратындай, жасӛспірімдерге ҥлгі кӛрсететіндей болуы абзал. Сондай-
ақ отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы ҥйдегі адамдардың жас шамасы әртҥрлі болса да, бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат 
ынтымақтастығында деп айтуға болады. 
Қазақ ата дәстҥрінің бірі – дҥниеге келген балаға бҥкіл ауыл, тума-туыстар болып кӛңіл бӛлу. Азан шақырып, атын қойғаннан 
бастап, ержетіп отау тіккенге дейін, ауылда бала ӛмірінің әрбір белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. 
Бала ӛміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығына қадірменді ақсақалдары мен игі жақсылары балаға деген жақсы 
тілегін айтып, ақ батасын беріп, ҥй иелерінің қуанышын бӛліскен. Сонымен қатар бала тәрбиесі бҧрынғы қазақ ауылында бір ғана ҥй 


16 
адамдарының тілек-талабы мен мҥдделерінің деңгейінен асып-тҥсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болып отырған. Қазақ отбасы 
тәрбиесінің осы жақсы ҥрдісін бҧл кҥнде қайта жандаңдыруымыз қажеттігі қазір әлеуметтік-педагогикалық проблема. 
Отбасында ӛз ҧрпағының тәрбиесі – ерлі-зайыптыларға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет қойып отыр. Бала тәрбиесіндегі әйел-
ананың орны ерекше. Ӛйткені ана тілі, ҧлттық ерекшелік, адамға жақсылық атаулы ана сҥтімен сіңеді. Сондықтан әйел болмысының 
ӛзгеруінің әлеуметтік себептерінің алдын алып, оны әуел бастағы табиғат алдындағы ҧлы міндеті – бесігінен ажырамауына қамқорлық 
жасау. Баланы кішкене кезінен анасының сҥтін ӛтеуге баулу, бҥкіл қоғамда әйелге, анаға ерекше ілтипат қалыптастыру, оған қамқорлық 
жасау қажет. Сондай-ақ бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін, тәрбиелеу мҥмкіндіктерін арттырудың да маңызы ерекше. Ӛйткені 
отағасы – шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, қамқоршысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тҧту дәстҥрін 
одан әрі жалғастыру қажет.
Біздіңше, отбасы дегеніміз – ҥйелменде атасы мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен інісі, сіңлісі мен әкпесі туыстық байланыста 
болатын, бірлесіп ӛмір сҥретін адамдар жиынтығы. Отбасы – ҧлттық және рухани дәстҥрлер мен қҧндылықтарды ҥйрететін, бала бойына 
сіңіретін орын. Сондықтан отбасы – тәрбие бесігі. Отанға, елге деген борышымыз алғаш осы отбасынан басталады. Отбасында ҥлкендердің 
іс-әрекеттерін кӛріп ӛскен бала – соны қайталайды, әдетіне айналдырады. Осылайша баланың адамгершілігі мен тҧлғасы қалыптасады. Сол 
себептен отбасы мҥшелерінің бір-бірлерінің алдындағы адамгершілік міндеттерін, жауапкершіліктерін орындауларының маңызы ӛте зор. 
Отбасының бақыты мен ҧлттың болашағы осыған кӛп байланысты. 
К.Оразбекованың «Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықпалымен жҥзеге асатын қоғамдық тәрбиемен ҧштас» деген анықтамасымен 
келісе отырып, біз «Қазақ отбасылық тәрбиесі – нақты бір ҥйелменде ата-аналар мен туыстардың ҧлттық рухани дәстҥрлер мен 
қҧндылықтар арқылы балаларға беретін ҧлттық тәрбие жҥйесі» деп санаймыз. 
Қазақ баланы ӛте жақсы кӛретін халық, сондықтан да баланы отбасының бақыты деп санап, қолдан келгенше әр отбасы оны жақсы 
тәрбиелеуге тырысқан. Сӛйтіп бала тәрбиелеуде әр отбасы тәрбие бесігі болды. Халықтың ӛмір жолында қалыптасқан ӛте ҥлкен тәрбиелік 
мәні бар әдет-ғҧрыптардан туындаған салт-дәстҥрлер тәрбие қҧралы болды. Заман кезеңдеріне сай әдет-ғҧрыптың, салт-дәстҥрдің озығы 
мен тозығы іріктеліп саралануының арқасында ӛмірге бірге қайнасқан салт-дәстҥрлер қаншама қҧбылмалы заман ӛзгеріп жатса да, ӛз 
маңызын жоғалтпай тәлім-тәрбиенің пәрменді қҧралы болып келе жатқаны ӛмір шындығы. Бірақ та айта кету керек сол бала тәрбиелеуде 
ҧлттық мҧра арқылы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік мәні бар пәрменді қҧралдан айрыла бастаған кезіміз де болды. 
Кеңес дәуірінде балаға тәлім-тәрбие беру жҧмысында отбасының жауапкершілігі азды-кӛпті тӛмендеп, ол жҧмыстар негізінен 
мектепке дейінгі балабақшаға, мектепке, мектептен тыс пионерлер ҥйіне, ӛлкетану, жас техниктер станцияларына, ҥй басқармаларының 
жанындағы клубтарға жҥктелген болатын. Сондықтан да, ата-аналар ӛз жауапкершіліктерін сол ҧйымдарға аударып, тәлім-тәрбие 
жҧмыстарына әсіресе ҧлттық тҧрғыдағы тәрбиеге айтарлықтай кӛңіл бӛлмеді. Ал қазіргі кезде отбасында жҥйелі тәрбие беру, не тәрбие 
жайлы жақсы әңгіме айту азайды. Барлық әңгіменің тӛркіні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет