отбасының ӛмірі,
ата-ананың тәрбиесі, ӛмір сҥрген ортаның пайымды әсері болды. Балаға ата-ананың жҥріс-тҧрысы, ӛмір тіршілігі
,
туған-туыстары, жора-
жолдастарымен қарым-қатынастары кӛрнекі қҧрал болса, айтқан тәлім-тәрбиелік
ӛсиетті сӛздері, ҥйреткен ӛнегесі тәрбие оқулығының
әліппесі
болады. Амал қанша осы асыл қазына бір
кезде ескінің
қалдығы деп есептелініп ӛмірден аластатылды.
Енді, міне,
осы халықтық тағылымат қайта оралып ӛмірге еніп,
егеменді елдің
келешек азаматтарын ҧлттық
рухта тәрбиелеуде
қолданыла бастады. Мақсатымыз ӛте биік
,
талпынуымыз орынды, бастауымыз қҧба-қҧп.
Бірақ та осы тағылыматты пайдалануда ӛте бір
негізгі
буын отбасының ерекше орын алатынын онша ескермей, барлық жҧмысты тек мектепке аударып, әр пәннің бағдарламасында
халықтық тағылыматтың элементтерін пайдаланып, сабақ ӛткізіп, әдет-ғҧрыптың орындалуының кейбір тҥрлерін спектакль есебінде
жасанды тҥрде кӛрсетіп, негізінен ісіміз бен сӛзіміздің ара-алшақтығы қашықтап барады. Мҧның себебі кӛптеген ҧстаздардың ӛздері
қазыналы ана тілді, ҧлттық
салт-дәстҥрді, әдет-ғҧрыпты шынайы мәнінде білмей, жаттанды тҥрде оқып алған материалдардың мәніне
ӛздері тҥбегейлі тҥсінбей, айтып тҧрған әңгімесінің,
не қӛрсетіп тҧрған заттарының қандай мағыналы екеніне,
қай дәуірде
пайда болып
енгеніне мән бермейді, олардың тәрбиелік әсерін ашып кӛрсете алмайды.
Сонымен, халықтық педагогиканы отбасында әрбір ата-ана баланы тәрбиелеуде кеңінен пайдаланып отырса, оған қазіргі әжелер мен
аталар шамалары келгенше ықпал етсе балалар отбасында ҧлттық рухта тәрбиеленер еді.
Қазақ халқының әдет-ғҧрпында отбасына ҧл баланың келуін «Ҧл туғанға, Кҥн туған» деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі
қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ҧл бала болып есептеледі.
Халқымыз ҧл бала тәрбиесіне ерекше кӛңіл бӛлген. Оны мал бағуға, шӛп және отын шабуға, аң аулауға, мылтық атуға, мергендік
қҧруға, қолӛнер шеберлігіне ҥйренуге, мал тауып, отбасын асырауға әкелері ҥйреткен.
Әсіресе ҧл баланы елін, жерін, халқын қорғауға ерекше тәрбиелеген. Ол ҥшін ҧл бала тәрбиесінде жас кезінен ауыз әдебиеті
шығармаларын, оның ішінде батырлар жырын кеңінен пайдаланған. Ол туралы М. Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты
еңбегінде нақты мысалдар берілген.
Қазақ халқы ҧлдың жақсы-жаман болуына кӛбінесе ӛскен отбасы жауапты деп тҥсінген. Ҧлды тәрбиелейтін – ең алдымен әке мен
шеше. Онан соң аға мен жеңге, ата мен әже.
Қазақ ҧлды – ашамайға мінгізісімен мал тҥлігі дейді. Бҧл – алғашқы мҥшелдің ар жағындағы кез. Қазақтың бҧл шақтағы баса назар
аударатыны баланы ең алдымен еңбекке баулу. Ертеде жетіге жетісімен қазіргідей мектепке жетектеп жӛнелетін мҥмкіндік жоқ. Тӛрт
тҥлікке сҥйеніп, кҥн кӛретін кӛшпелілерге ондағы бастауыш мектеп – қозы баққызу. Мҧнан қолайлы кәсіпті бармақтай балаға ол кездегі
ауыл тауып бере алмайды. Кҥндіз ойын атаулының бірде-бірін қозыдан босай алмайтын бала ӛз-ӛзінен еңбекке қалыптасып, кішкене кезде
кездесетін сотқарлықтың денін білмей ӛседі. Ерте оянып, сергек болуға бет алады.
Осы алғашқы мҥшелдің ішінде қазақ ҧлды ҥлкендерді сыйлауға әдеттендіреді. Ҥйге ҥлкендер келгенде бала атып тҧрып келген
кісінің алдынан шығады, қол қусырып сәлем береді, атын байлайды, есік ашып тӛрді нҧсқайды. Кетерде аттандырады. Бҧдан бҧрынғы
балалар, бҧлтармаған. Ӛйткені, ол ҧл ҥшін ҥлкенді сыйлаудың алғашқы шарты. Бҧл міндетті қаршадай қазақ арғы ата-бабаларынан мирас
етіп «әдеп» деп алған.
Егер келген қонақ қонып қалса, оның атын жатарда арқандау, не тҧсап, не шідерлеу, таңертең алып келуге тағы да әлгі ҧл міндетті.
Егер қозымен ерте кетсе, кешігіп тҧрған қонақ оны жазықты демейді. Бҧл – кӛбінесе әдептілікке жетелеудің жеңіл жолы.
Отбасы иесі ҥйіне игі жақсылар, тілді-жақтылар, кӛргенділер, кӛсемдер келгенде ҧлдарын босағаға етегін шегелегендей отырғызып
қояды. Мҧнысы – жақсылардан тағылым алсын, дуалы сӛздер естісін деп кӛргенділікке баулуының бір тҥрі. Тағдырын, даудамайын, ел
есесін қарусыз-ақ сӛзбен басқарған баяғыдағылардың балалары тӛрдегінің сӛзін ерекше кӛңіл қойып тыңдайды. Қазақтың арғы-бергі
шежіресін, ықыл-жықылын, кӛсем сӛзін, жӛн-жосығын, заңын, ерекшелігін естиді. Мҧндайда ақылды әке қҧйма қҧлақты кӛп жҧмысқа
жҧмсамайды. Себебі – ол баласын «оқытып» отыр.
Қазақта кешке жақын шал атаулысы ауылдағы бір жотаға жиылып «ҧзынқҧлақ» дейтінді естуге уақыт бӛлу болған. Бҧл – қазіргі
соңғы жаңалықты есту ҥшін радио мен теледидардан тындайтынымызға ҧқсайды. Сонда әрбір шал бір-бір ҧлын (кейбірі бірнешеуін) ерте
келеді. Ол кездегі шалдар шалбардың балағын қаптың ішіндей кең, киімінің етегін ҥзіктей ҥлкен киеді ғой. Балалардың кӛбі тап бір
жасырынбақ ойнағандай не етекке, не балаққа кіріп алады. Кешке шейін қозыдан қалжырап келген баласын бҧл жерге ертіп келуіндегі
мақсаты – ҥлкендерден ӛнегелі сӛз естісін, ел ішінде не болып жатқанынан хабардар болсын, жақсылардың аты-жӛнін біліп оларға ҥйір
болуға бейімделсін, елде кім жаман, кім жақсы екенін білсін, жақсылықпен жамандықты айырсын деген сықылды әдіс. Ол кездегі сол бір
ӛсиетші шалдар оқымағанымен философиямыздың ішек-қарнын ақтарғанда алдарына жан салмайтын. Сол кеште қазаққа тән қасиеттер кӛп
айтылады.
Қазақта не кӛп – батыр кӛп. Оның бәрі Қабанбай мен Бӛгенбай болмағанымен жаугершілікте ел мен жерді қорғасқандар. Оларды
кӛбейткен, әрине, ҧзақ жылға созылған соғыс. Қазақтың жалпақ жаһанын қорғап қалу ҥшін ерлердің қазіргі біз білмейтіндері қисапсыз ғой.
Соғыс сондықтан да қазаққа баласын батыр етуді талап еткен. Осы талап та – бала тәрбиелеудің бір тҥрі. Бҧл жӛнінде қазақ ҧлын
жастайынан садақ атуға, мерген болуға, бҧрынғы батырлардан ӛнеге алуға ҥйреткен. «Отызында орда бҧза алмаған, қырқында қыр аса
алмайды» дегенді ҧлының қҧлағына титтейінен қҧйған. Бҧл – бір жағы болса, екіншісі – бҧрынғылар тҥн бетінде қара танитындарды
ҥйлеріне арнайы шақырып, батырлар жӛніндегі дастандарды ет тҥскенше оқытып, ҧлдарына жаттатқан. Осы арқылы ҧлын ездіктен аулақ
болуға ӛзінше оқытқан. Бертінірекке дейінгі барымтада, қыз алып қашып, жылқы қуып кетуде әр ауылға дейін батыр ҧстауы осының
жалғасы.
Кейбір ақылды әкелер, мҥмкіндігі барлар ҧлын қасына ертіп алып жылына қаншама қатым ел аралайтын. Ондағы баратын ҥйлері –
ылғи кӛргенді шаңырақ, ҧрпағы ӛнегелі орын, ақылгӛйі бар ауыл, дана адамдікі... Бҧлардан ет жеп қымыз ішуге бармайды. Бӛлтірігін
баулыған сыттандай баласына ғажайып адамдардың дуалы сӛзін естірту, ӛнегелі ӛмірін кӛрсету, келешекте осылардай бол деген емеуірінді
білдіру. Ол кездегі мҧндай әкелер ҧлына сыпыра жақсылықты кӛрсетіп-ақ қатарға қоса алған.
Бҧрынғы жақсы әкелер жаудан қорықпаса да, ҧлының кішкене кезінен, ӛте-мӛте еліктегіш шағынан қорыққан, сақтанған. Бірақ бҧл
– қорқуға да, сақтануға да жатпайтын. Бҧл – ҧл тәрбиелеудің қиындығы. Әсілінде әкенің әр қылыгы ҧлына кҥйедей жҧғады. Сондықтан әке
ҧлы алдында ҥнемі артықшылығын кӛрсеткен. Орынсыз сӛйлемеуге, ғайбат айтпауға, әйелімен ҧрыспауға, ішінде сан-сан қат ит ӛліп жатса
да сҥрпейлі кейпін ҧлына кӛрсетпеуге, ҥйде ың-шың шығармауға барынша тырысқан. Ойпыл-тойпылы, ырың-жырыңы, бірде аш, бірде
тоғы кӛп бҧл пәниде естіп сыр білдірмеу – қорыққаннан да қиын шығар. Бірақ бҧл – осы арқылы ҧядағы ҧлды дҧрыс ӛсіру ғой.
Қазіргі кейбір әкелер бҧлай істеуді қойып, ҧлының кӛзінше сақалына тҥкіргенше мас болудан, әйелімен айырылысқанша
жанжалдасудан жалықпайды ғой. Мҧндайлардың ҧлдары «ҥйренгенім ҥйімдегімнен арыға» қайтып бара алсын.
18
Казақта мҧрагер деген ҧғым бар. Бҧл – тек қана мал-мҥлікке ие болу емес, әкедегі талантқа, ӛнерге де тәлімгер болу. Осыны әу
бастан байқайтын әке ҧлы неге бейім болса, ҧядағы ҧлын соған жастайынан бейімдейді. ӛзіне титтейінен шәкірт ете бастайды. Бҧл
бейімділік ӛзінде болмай, басқада болса, ҧлын соның баулуына жеткізеді. Қазақта бҧл да – тәрбие, қамқорлық, ҥлгі-ӛнеге.
Қазақ бала таппаған әйелді, қҧлындамаған биені – бедеу дейді. Мҧнысы – ҧнатпағаны. Енді қатынды алып, баланы тапқызған соң
тәрбиелеуді ойлайды. Біз мҧның «он бестегі отау иесінен» сӛз етсек. Ол әкенің онан ҥлкен де, кіші де ҧлы бар ғой. Сонда әке бҧның
ішіндегі ҧядағысын тәрбиелеу ҥшін алдымен онан ҥлкенін қолға алады. Оны жӛндесе қалғаны соған қарап ӛседі. Қазақтағы: «он ҧлға
қаратер болғанша, ҥлкеніне ғана ҧмтыл» дегені міне осыдан шыққан. Қазақтағы киімді біріне алып, қалғанына соның ескісін кигізу де
осыдан қалған.
Қазақ алғашқы мҥшелді қҧрсақтағы бір жылды қосып он ҥш жас дейді. Осы он ҥш пен он бестің арасының сҥйем болғанымен
соңғының жҥгі алдыңғыдан әкеге де, ҧлға да ӛте ауыр. Әкеге ауыр болатыны – бҧрынгыдай тәрбие ғана емес, енді бҧған аяқтандыру дейтін
қосылады. Ҧлға ауыр болатыны – «Он бестегі отау иесі» дегенді естіп, балалықпен қоштасуына тура келеді. Мҧның аржағында – тіпті иек
астында, бір жыл ӛте сала, бәлкім әке бола қалатыны және қылқиып тҧр. Бҧрынғыдай кҥндіз қозы жайып, тҥнде ақсҥйекке кетуге әке
аталған соң кету қайда? Мҧны тете жеңгесі кҥнде жарапазандатып, қҧлағынан маза да кетеді. Бҧрынғыларды кӛріп, ӛзі де мойындайды. Бҧл
– ҥйдегісі болса, енді дҥздегілердің: «Оразалының он бесінде «боспын» дейтін оңбағанның баласы отызында «жаспын» дейді», деп
қамшылайтыны тағы бар.
Осындай ӛларада әлгі сҥйемдей аз уақыт ӛте шығып, біреудің бҥлдіршіндей кӛгершінін ата-ана ҥкілеп те ҥлгіреді. Бҧрынғы қойшы
бала енді кҥйеу бала аталады. Қалыңдық жақтан да «жеңге» дейтіндер шығады. Бҧрын ӛзінің әке-шешесін, ауыл-аймағын ғана сыйлайтын
балаға енді ата-ене, қайын жҧрт алдындағы әдептілік келіп қосылады. Әке мен шешеге қҧданың бабын табу, қалыңмалды ӛткізудін ҥстіне
ҧлын тәрбиелеу және жалғасады.
Әке сары ауыз балапандай ҧядағы ҧлының пәк екенін, ақылақты болып ӛскенін қҧдалар жаққа кӛрсету ҥшін енді бастағы сегізге
қосымша жҧмыстарды қосады. Ҧлын бҧдан былай бала емес, мал тҥлігі ғана емес, азаматтықтың алғашқы адымына жеткізу ҥшін
ҧмтылады. Кәдімгі ересектерше – жігітше киіндіруге тырысады.
Бҧрынғы қҧрдастарынан енді бӛліп алуға тура келеді. Егер қайын жҧрттан біреу келгенде, «ҧлы кҥлтӛбеде ойнап жҥрсе, кӛргендер,
ышқырынан асығы тҥспеген боқмҧрын екен, әй, анау бізге кҥйеу болып жарытпас», – деуі мҥмкін. Осыны естімеуге тырысудың ӛзі де –
ата-ананың ҧлына деген бір тәрбиесі. Қазақта қалыңдығы бар баланың ҥсті-басын ӛзгерту, ҥйірінен бӛлу тәрбиеге жатады. Ӛйткені, әке-
шешесінің естігені балаға ой тҥсіреді. Ӛзі де «ержеткен деген осы екен-ау» дегенге келеді, ойланады... Бҧрын қиссаларды, дастандарды
тыңдататынына, ҥлкендерді сыйлауды ҥйрететініне, енді қайын жҧртпен қалай қарым-қатынаста болуын қосады.
Әке-шеше ӛстіп жҥргенде әлгі тете жеңге жас қайнына махаббаттың жарапазанын бастап: «ауылына барасың ба, бармайсың ба?
Бармай қайтып жҥресің дардайында» деп болашақ абысыны жақты нҧсқауды кӛбейтеді. «Келіншек алған соң, ҥйтесің-бҥйтесің» деп ӛз
басынан ӛткендерді де айтады. Бҧнысы – қайткенде жақсы кҥйеу болудың жолын нҧсқағаны. Білген ҧлға бҧл да – тәрбие.
Әке мен шешеден, жеңгеден кӛп-кӛп жаңалықты естіп, махаббат – дейтін ғаламның табалдырығына бет алған, оны іштей ҧната
бастаған баланың сезімін ерте ержеткізетін қазақ салты асыққандық емес. Екі баланы жас кезінен бір-біріне бауыр басқызып қимастыққа,
қосақтарымен қоса ағаруға ауытқусыз апару. Қалыңдығының етегін табиғатта жел, адамда ӛзі ғана алғаш ашқан еркектің ол әйелді, ӛз
ҥйінен басқа ҥйдің итін ҥргізіп кӛрмеген еркекті әйелдің аса қадірлейтінін, сенетінін қазақ баяғыда бағалаған. Тез аяқтандыру – сондықтан
да қазаққа тән бір тәрбие.
Қазақта қайынға жыныстық тәрбиені ҥйрететін, оқытатын мектептің ең алғашқысы – жеңге. Оның қайнына айтпайтыны аз. Ол ең
қҧпия әттахиятты қайнысы қалыңдығын әкелуге кетерде айтады. «Ҧлы сӛздің ҧяттығы жоқ қой», ондағасының кейбір жері мынадай:
«Тентегім, қалыңдықтың тӛсегіне алғаш жату ӛртке кіргендей ыстық болады. Жҥрек лҥпілдейді. Дене лапылдайды. Тізе дірілдейді. Ет
терлейді. Дем ентігеді. Ес жаңылады. Осындайда сен не етқызумен, не асығыспен қалыңдығыңның «қолды» болған-болмағанын аңғармай
қалма... Егер ойдағыдай болса, қайтқан кҥйеудің кӛңілі қош, келген келіннің беті шіркеусіз болады. Бҧдан екі жақ та мәз».
Қазақтың мҧнысы да жастардың ӛмірін тазалықтан бастауындағы тағы бір тәлім. Бірақ амал қанша, қазағымның қаймағы
бҧзылмаған бҧл ӛнегелері қазір бҥлініп барады. Кезінде кеңес ҥкіметі бҧны – «феодалдық салт» деп саққа жҥгіртіп ӛңін айналдырса, қазіргі
ӛзіміз ондай заңдылыққа ат ҥсті қараудамыз. Біз бҧны дәріптеу арқылы бала-шағаны балиғатқа толысымен қосақта деуден аулақпыз. Ол
кезде ҧл жиырманың ішінде, қыз кемеліне келгенде қосылғандар кӛп болған. Бҧл – қатып қалған шарт емес еді. Бірақ жастар мейлі жастай,
мейлі кемеліне келгенде қосылсын, тарихтагы «жеңге» сӛзі кімге болса да керек екені хақ қой.
Отбасында жастай қосылған екі баланы қашан бӛлек отауға шығарғанша қатар тәрбиелейді. «Кішкентайдан бірге ӛскен сәулем
едің» деген сықылды екеуі бір ҥйдің ҧлы мен қызындай тату-тәтті ӛседі. Біз бҧны да – қазақтың ҧядағы ҧлының келешегіне деген
қамқорлығы – тәрбиесі деп тҥсінсек ағат кетпейміз. «Баласын кәртейгенше, немересін ӛлгенше» бағатын балажанды, бауырмал қазақтың
ҧлына ҧяда ҥйрететіні – кӛп жҥгінің алғашқысы осы.
Қазақ халқы «Ҧлға отыз ҥйден тиым, он сан ҥйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын кӛп, қойылар талап та жоғары болған.
Халықтың дәстҥрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады.
Қазақтың ер жігіті қандай болуы керектігі туралы халықтың талғамына сай ҧлттық тҥсініктер М. Қазбековтың қҧрастыруымен
шыққан еңбекте былай бейнеленген:
1. Кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, терең ойлы, ӛткір кӛзді, торсық шекелі, қыр мҧрынды, қара қасты, кең маңдайлы, қияқ мҧртты,
кең иықты, апай тӛсті, ӛткір тісті, жуан білекті, қынай белді, қапсағай денелі, от ауызды, шешен тілді, темірдей саусақты, жау жҥректі
т.с.с.».
2. Қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сҧңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай ӛжет, қабыландай сҧсты,
нардай тӛзімді, қҧландай сҥйекті, жылқыдай мінезді, бҧландай алып, сауысқандай сақ». Және аталған қасиеттерге сәйкес: «Жігіт қыраны,
жігіттің сҧңқары, жігіттің арыстаны, жігіттің қабланы, жігіттің жампозы, жігіттің сҧлтаны» деп айтады.
3. Қабілет икемі: «Кӛсем жігіт» – ел басқаратын жігіт; «Шешен жігіт» – дау шешетін жігіт; «Батыр жігіт» – еліне қамқор, жауына
алаберен жігіт; «Сері жігіт» – аттың жҥйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын сайлап, мың қҧбылтып ән салып, кҥмбірлете
кҥй тартатын ӛнерлі жігіт; «Жомарт жігіт» – дастарқаны берекелі, пейілі кең, ӛзі жайдары; «Палуан жігіт» – мойны жуан, жауырыны
қақпақтай, бҧлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің кӛзінен ӛтердей епті, алып кҥш иесі; «Ҥй жігіт!» – ҥй шаруасымен айналысады;
«Тҥз жігіт» – тҥз жҧмысына мінсіз, ҥй жҧмысына қырсыз.
Сонымен қатар, бабаларымыз ер жігіттің басынан «Алты асыл-қасиет», «Ҥш асыл-мінез» және «Ҥш ажырамас-серік» табылуын
талап еткен.
* Алты асыл-қасиеті:
1. Зерде-зейіні болсын;
2.
Ӛнер-ӛрісі болсын;
3.
Тапқырлық, талап ерлігі болсын;
4.
Жігер-кҥші болсын;
5.
Қайрат-қаруы болсын;
6.
Білімі болсын.
* Ҥш асыл-мінезі:
1.
Туған елі мен дос жаранына адал болу;
2.
Қара қылды қақ жарған әділетті болу;
3.
Қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.
* Ҥш ажырамас-серігі:
1.
Астыңа мінетін тҧлпарың болсын;
19
2.
Шыңдалған ақыл-айлаң болсын;
3.
Айнымас адал жҧбайың болсын.
* Тӛрт қҧбыласы тең ер жігіт: тҥзу мылтығы, қыран қҧсы, жҥйрік аты, мінез-қҧлқы мінсіз жҧбайы бар ер жігіт.
Сонымен қатар, ер жігіттің жолына, басына дҧшпан болатын жаман қасиеттері – жігіттің тоғыз жауы:
1.
Басты жауы – жалқаулық, сорлататын жаныңды;
2.
Осалдығың – аңқаулық, соқтыратын саныңды;
3.
Жасқаншақ болсаң ҧры алар, қоралап қойған малыңды;
4.
Жалатқызбас жасықтық, аузыңдағы балыңды;
5.
Ӛтірік айтсаң ӛңмеңдеп, жоғалтарсын арыңды;
6.
Ӛсек терсең телмеңдеп, суға кетірер салыңды;
6.
Кӛшрме босқа мақтан ғып, тҥкке тҧрмас барыңды;
7.
Кӛрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды;
8.
Біреуді
алдап
арбаумен,
аша
алмайсың
бағыңды.
Шал ақын «Жігіт сыны» туралы да былайша толғайды:
Бір жігіт бар – қҧр жан.
Бір жігіт бар – тірі жан.
Бір жігіт бар – жігіт жан.
*
Қҧр жан жігіт – жігіт кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді.
*
Тірі жан дейтін – бар тапқанын киімменен асқа сатар, жақын ӛрген досын жатқа сатар.
*
Қызыл белбеу, шоқима етік, ҥкі тағып әркімді сықақ қылар.
*
Жігіт жан дейтін жігіт – сегіз қырлы, бір сырлы болар.
Сонымен, қазақ халқының асқақ адамгершілік мҧраттарына иек артқан ҧрпақ тәлім-тәрбиесі мен ҥлгі-ӛнегесінің ең шыңы – ер
жігіттің жеке басының ар-жаны таза һәм ҧятты болуы. Ата-бабаларымыз ар тазалығы ҥшін бар жиған-тергенін де тәрк ете алған. Сондықтан
да, адамгершілік хақындағы ең асқаралы халықтық тҥсінік:
Малым жанымның садағасы,
Жаным арымның садағасы, –
деген даналық оймен тҧжырымдалған екен.
Жоғарыда аталған қадір-қасиеттерді бҥгінгі ҧландар бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, ӛнерлі де талантты, жігерлі де
қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің
артықшылығы неде деген сҧрақ оралады. Ӛйткені оларды бесік жырына қҧлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына
сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана
қоймайды, сондай-ақ, нәтиже де берері анық.
Керісінше жалқаулықты серік етіп, жанын ӛтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы тҥгілі ӛз
басында асырай алмай жҥрген ерлерімізден қандай ҧрпақ жалғастығын кҥтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ҧрпақ ӛкілдерінің
тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ҧл жаман, анадан ӛнеге кӛрмеген қыз жаман»,
«Атасыз ҧл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас» деп тҥйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте берілуіне
ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Ӛйткені ер баланың дҧрыс тағылым-тәрбие алуы, дҥниенің сырын танып
білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен ҥлгі-ӛнеге кӛрсетумен байланысты. Қандай ата-ана болсын, баласының дҧрыс адам
болғанын, ӛзінен артық болғанын қалайды. Бҧл – ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда
тәрбиенің тҥрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ҧғына бермеуі мҥмкін. Ҧлттық тәрбиенің бҧрынғы әдістерін бҥгінгі кҥн
талабымен жаңаша қарастырған жӛн. Отбасы жағдайында осындай тәрбиенің берілуіне педагогикалық тҧрғыда кӛмек беру мектеп
мҧғалімдеріне де зор міндет жҥктейді. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің ҥлгісін одан әрі, бҥгінгі кҥннің талабына сай жетілдіріп,
ӛсіп келе жатқан ӛскелең ҧрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін кӛрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана
халықтың ҧрпағы екендігін ҧғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу – ата-ананың бірден-бір міндеті, әрі парызы.
Қазақ қыз бала мҥшел жасқа таясымен: «Ҧлдың ҧяты – әкеде, қыздың ҧяты – шешеде» деп баланы әке мен ана ӛз қарауларына бӛліп
алады. Мҧның себебі екеу: бірі – осыған дейін сыртта да, ҥйде де бірге ойнайтын қыз ӛз-ӛзінен ҧлдардан бӛлініп, шешеге бейімделеді. Бірі
– қазақта қыз балаға әкенің ақырмауы, қол тигізбеуі – жылжымайтын, бҧзылмайтын заң. Ҧл мен қыз «әкесін кӛріп оқ жонуға, шешесін
кӛріп тон пішуге» әдет алатыны да осы кез.
Міне, осыдан бастап «ҧлдың қызығы дҥзде, қыздың қылығы ҥйдеге» ана баса қарайды. Әйелінің бҧл міндетінен ағат кетпеуін
отбасы бақылайды. Егер баланы анасы дҧрыс тәрбиелемесе, ӛткен қателік ҥшін әке қызды емес, әйелінің қҧлағын ыңғырлауға, алда-жалда
бала кӛргенсіз бола бастаса, жетелі кҥйеу кер қамшыны керегеден жҧлып ап әйелінің басында ойнатуға әбден ақылы. Бҧл ҥшін ең алдымен
ерлі-зайыптылар сыйласымды, салауатты болуы шарт. Бҧлардың ӛзі жаза басса, баланың «ҥйренгенім ҥйімдегіге» жалт етуі оп-оңай. Бҧл
ҥшін алдымен керегі мыналар:
- Бала алдында әйел кҥйеуін қҧрметтеп, оның айтқанын әмір деп тҥсінуден ешқашан жаңылмай, ол ілтипатын кҥлшедей қызына
ҧдайы кӛрсетіп отыруы керек.
- Қыз осы мӛлшерге келісімен әке де шаңырақтағы ең беделді, ӛнегелі адам екендігін кӛрсетіп, бҧрынғы артық-ауысуынан ада-гҥде
қол ҥзбесе болмайды. Бҧл ӛзінен бҧрын бала алдындағы парызы, кӛрсететін әкелік ӛнегесі.
- Мҥшеліне келген қызға ҥйдегі ӛзінен ҥлкенді де, кішіні де сыйлау, сыйлата білуге дағдыландыру, қосымша ат қойғызу.
- Балаға осы бастан маңайдағылардың ӛзі қҧралпы балаларындағы кӛргенділікті ҧдайы қҧлағына қҧйып отырған артық емес. Сонда
олар сол баладай болуға тырысады, еліктейді.
Қазақ халқы әдептілікке тәрбиелеуді ең алдымен қыздың тәрбиесінен бастаған. Ӛйткені, бҥгінгі бармақтай бала ертең бойжетеді,
бҥрсікҥні ана болады. Адамзатты осы анадан деп тҥсінген казақ әдепті ана арқылы қыздан бастаған. Қазақ ҧлдың оннан асқан жасын –
«қозы жасы» деп шаруашылыққа-еңбекке баули бастаса, қыздың сол шағын – «қонақ жасы» дескен. Жат жҧртқа жаратылған баланың
оңжақта енді бірнеше жыл ғана болатыны алдымен анаға аян. Осы бір қарбалас кезде қайран ананың жҥгі қапталынан ғой. Бҧл ҥшін ең
алдымен қызын әдепке қалыптастырса, қалғаны жеңіл. Бҧрынғы аналар, «қызым әдепті болсын» деп мыналарды істеді:
1. Бала алдында әкені Алатаудай ете білді. Оның атын атамады. Айтқанын орындады. Сонан соң қызбала бҧл ғаламда әкемнен
артық адам жоқ деуді бара-бара мойындады. Бҧл опасыз пәниде, бірде жоқтық, бірде бҥтін тіршілікте жоқшылық пен барлығы қҧрғырдың
есіртетіні де, кейітетіні де жиі кезігеді емес пе, осындай-да қызын әдептілікке апарғысы қелген ақылды әке сыр, мінез білдірмейді.
2. Қыз балиғатқа толысымен оның айналасы жауға толады. Біреу «ҥкілеуге» ҧмтылады. Біреу «кетік алма» етіп кеткісі келеді...
Осындайда бҧрынғы аналардың екі кӛзі тӛрт, ҧйқысы аз. Ол есік алдындағы ит ҥрсе де, біреу келе жатса да, ҥйіне қонақ қонса да, қызы
кӛзінен таса болса да секем алады. Себебі, кӛгеніндегі марқасы марқайды. Мҧндайда ана сорлы қызының мінезіндегі ӛзгерісті, денесіндегі
байқала бастайтын белгілерді сәт сайын абайлаған.
3. Қызы әжетке жарасымен ол кӛздегі ақылды аналар бҧрынғыдай бӛлек жатқызуды, албаты қыдыртуды шектеп не ӛзінің, не
әжесінің іргесіие жатқызады. Далаға жіберсе, бейбастақ бала, тӛрге жатқызса, ынсапсыз қонақ, жеңгеге ілестірсе, «қызды жеңге, жеңгені
теңге бҧзады» бар деп ӛзінен ӛзгеге мҥлдем сенбеген.
4. Қызының ойын, уақытын бӛлуге мҧрша бермеу ҥшін қозы қосақтатқызған, ҥйдің кҥйбіңінен бас алғызбаған. Еңбекке
машықтандырып, тіл алғызуға қалыптастыру да қазақта әдепке апаратын бір жол болған.
20
5. Ана қызының табиғатындағы талантты алдымен аңғарады, егер ол іскерлікке, албармактылыкқа, ӛнерге бейім болса, баласына
осы жӛнінде мҥмкіндік жасайды. Бҧл да – әдептілікке, желдеп кетпеуге қарсы тҧратын екінші жол.
6. «Қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен кӛрші бол» дегенді ежелден білетін ана бәрінен бҧрын қызын кейбір «кӛгенде
қашып кететіндердің» маңына жолатпайды. Бҧл ҥшін ана маңындағы қызы қҧралпыларды жете білуді, тегін тексеруді, олардың әдепсіздігін
қызының қҧлағына жиіркенте жиі-жиі айтуды ескерген.
7. Ертедегі қазақта бастаңғы, қызойнақ, қойкҥзеті, тоқымқағу, алтыбақан, ақсҥйеқ деген сықылды жастардың бас қосатын кездері
жиі болған. Бҧған мҥшелінен асқан – бойжете бастаған қыздар баруға ақылы. Мҧндайда ақылды аналар қызын сенімді адамға қосқан, ерте
қайтуды тапсырған. Келген соң қәдімгідей жҥрген-тҧрғанын тексеріп отырған. Қазіргідей туған кҥнді, мектеп бітіргенді, ескерге шығарып
салуды, бір жақтан келуді қарсы алуды кҥнді – тҥнге, тҥнді – кҥнге ҧластырып тойлатуға тізгін-шылбырсыз жіберу ол кӛздегі аналарда
кемде-кем болған.
8. Сҧмдыққа ҧрынған, қолды болған қызын ертедегі аналар келісімен не тҥрінен, не қҧбылысынан, не уақытынан, не бірге болған
адамынан абайлауды, тексеруді ҧмытпаған. Ананың бҧл сәуегейлігінен жасқанатын қыз кӛп жағдайда сақтанған.
9. Қызы ел кӛзіне тҥсе бастасымен оған анасы кӛсімсіп сӛйлемеуді, кісіге тіке қарамауды, ҧяң болуды, ӛз жанынан ҧзамауды,
қыдырмауды, жҧртқа сҥйкімсіздерге жоламауды, ішті болуды, албаты кҥлмеуді, ата-ана мен аға бауырдан басқаның жаны пәлендей
ашымайтынын жалықпай айтқан.
10. Жеті атаға дейінгілердің бірін – ағасы, бірін – бауыры деп таныстырған. Мҧнысы – қыз алысуға болмайдыны тҥсіндіргені.
11. «Әкенің ең жақсысы жездедей» дегенді қазақ кӛп айтқанымен, сақ аналар қызын «жезде» деуден кӛрі – «аға» деп сыйласатын
шекара жасаған.
12. Қызының ерте ме, кеш пе әйтеуір кететінін іштей бейімделіп жҥретін ақылды аналар ӛзі білетін ӛңірдегі кҥн шалған шаңырақты,
кӛргенді ата-ананы, әдепті бала-шағаны біліп алып, оны қызына сӛз сыралғысы ретінде дәріптеп, кӛргенсіздерді кҥні бҧрын білдіртпей
жамандап қызына ӛз сыңайын сӛз арасында ептеп ескертіп отырған. Баласы осылардың қайсысына назар аударғанын астыртын
қадағалаған.
13. Қызды шешеден бҧрын сӛйлемеуге тәрбиелеген.
14. «Ит жҥгіреді, иттің артынан қыз жҥгіреді» деу – қыз кемеліне келгенде кезігеді. Бҧл «қыздың ойы – кету, жолаушының мақсаты
– жетуден» шығады. Осыған байланысты бҧрынғылар қызын сыртқа албаты шығудан шектеген. Ара-тҧра ғана аса аяулы адамды, сенімдіні
аттандыруға ҥйде ешқім болмағанда ғана белдеуге, не мамағашқа дейін шығаруға ӛзі жҧмсаған. Жҧмсамаса, қыздың оны аттандыруға
рҧқсаты жоқ. Себебі – оны кез қелген кісімен кезіктіру қазақы әдептің салтында жоқ.
15. Қызды кӛргенді ету ҥшін алдымен ана ӛзіне шек қойған. Қызы бойжетіп ел кӛзіне тҥсе бастасымен, ол бҧрынғы қыдыруын,
баласын оңаша тастауды қысқартады, азайтады, не ӛзімен ерте жҥреді. «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастанғышыл болатыннан»
сақтанады.
16. Қызына ауыл-ҥйдің бозбалаларын иектетпеу ҥшін ана бҧрынғы алаңсыз ҧйқыны азайтқан. Ол ҥйінде жатып сырттағы бимезгіл
ҥрген итте де гәп барына алаңдаған, кімнің тӛңіректегенін де мӛлшерлеп, ӛзінің ояу екенін аңғартқан. Мҧндайда анаға ең сенімді серігі –
енесі. Ол іргесіне алып жатқан немересіне мықты кҥзетші. «Кемпірі бар ҥйдің кәпірі бар» деудің бір жағын жастар осы аңдудың
мықтылығына бола шығарса керек.
17. Ҥй ішінде қыздың тәртіпті болуда сӛзін тыңдайтыны әке мен шеше, сескенетіні, сыйлайтыны – аға, сырласатыны – жеңге,
ҧялатыны ауыл, ру. Бҧлар – тҧтасымен ойламай от басып алмауға қорған...
18. Шеше міндетті тҥрде ӛзі білетін ӛнерін – тігіншілік, не ісмерлік, не кісі сыйлап қонақ кҥте білу, астың бабы, дастарқанның мәзірі
сықылдылардың бәрін қызына ҥйретуге міндетті. «Шешесін кӛріп қызын ал, аяғын кӛріп асын іш» деген осыдан шыққан. Анасы аяулы,
әкесі ардақты бала әдепсіздікке бара қоймайды. Әке мен шеше бҧл биікке бір жағынан баласының қамына бола ҧмтылады. Бҧл да қызды
әдептілікке қалыптастырудағы бір жол, ӛнегелі орта.
Жоғарыдағыдай қазақы тәлім-тәрбие қыздарды адамгершілікке, опалыққа, махаббат ғаламында баяндылыққа, шынайы ғашықтыққа,
арлылыққа апарған. Опасыздыққа, махаббаттың желдеген лағы болмауға баулыған. Тарихтағы Шҧғаның сҥйіспеншіліктің ӛртіне ӛртеніп
ӛлуі, «Қорғансыздың кҥніндегі» қаршадай қыздың жауыздыққа душар болған шіркеулі бетімен пәк жерді басқысы қелмей ҥсіп ӛлуі ертедегі
ата-ананың баласын адалдыққа, кіршіксіздікке тәрбиелей алғанына, әдепке әу бастан ҥйреткеніне мысал.
Ол кезде де қазақ қыздары кӛргенсіздіктен, қайыру бермей кетуден қҧлан таза деу артықтау. Бірақ дәл қазіргідей әйел алуды қӛрпе
ауыстырғандай кӛру, кӛпшіліктің кӛзінше қыздың жігітке жабысып тҧруы, кӛпе-кӛрнеу сҥйісуі, бҥгін тиіп, ертең ажырасу, келген келін мен
қайынсіңілі арасындағы қеліспеу ол кезде жоқ еді. Кейбірі бар болса да тым сиреқ болатын.
Қазақта әсемдіқтің әр алуаны бар. Соның бірі – қыз кӛркі. Қызға тән әсемдікті бҧрынғылар қалай пайдаланғанына аялдасақ, олар
мыналар:
Қазақ баланы кішкене кӛзінде «қыз» деп кӛп атамайды. «Қыз» деп кӛп айту ҧзатылған соң, онда да балалы болғанда, егде тартқанда,
тіпті кемпір болғанда. Мҧнда әсіресе тӛркіндегілер, ӛте-мӛте жеңгелер айтады... Кейбіреулер «Қыз екенін сен біледі екенсің» деп
шамданады. Бҧнысы – қыз баланы қаршадайынан қызғышша қорғағаны. Қызға деген қызыл кӛзден кҥні бҧрын қорыққаны. Келешекте
кешікпей толысатын қыз бойындағы әсемдікті сҧқтың кӛзінен тасалағаны. Сондықтан да ӛсе бола бастаған қыз балаға ана кӛз тимесін деп
алдымен екі ырым жасайды. Бірі – кҥртесіне қара шҧбар маржан тағу. Бірі – бала ӛте реңді болса, сыртқа шығарарында бетіне, маңдайына
кҥйе жағу.
Анасы қолына тҥскен қызылды, теңге-моншақты, сақина, сырғаны, шолпыны қызының ҥстіне жапсырып, оны кҥлтелеу, қыз
баланың тазалығына ерекше кӛңіл бӛлу. Бетін жҧпар сабынмен, шашын бҧзаушыкпен жуындыру, бҧрымын тарау-кішкене кезінде анасына
міндет. Бойжете келе ӛзі істейді.
Қазақ қызы кӛбіне жастай ҧзатылатындықтан, тӛсінің томпаюын, бӛксесінің толуын жҧрт кӛзіне кӛрсетпеуді шешесі қадағалаған.
Бҧл былай қарағанда кӛз сҥрінетін әсемдік болғанымен, бҧрынғылар ҥшін оның керісіншесі әсемдікке жатқан. Ӛйткені, қазақ халқы қыздың
нәзіктігін, ҧяңдығын әсемдік деп тҥсінген. Бҧл – мҧқым шығыс халқына ортақ кӛз. Омыраудың ӛсе бастағанын кӛрсетпеу ҥшін кӛп ана
қызына тар кеудеше кигізген. Кӛйлекті кең және ҧзын ғып кигізуде бӛксенің тола бастағанын жасыру. Бҧл да – қазақы әсемдік. «Анасыздың
емшегі, әкесіздің аузы ҥлкен» деген осы әсемдікті сақтамағанда айтқан.
Әсемдіктің дене мен киімненде басқа тҥрлерінің бірі – бҧрым бабы. Қазір амал қанша, арқада тулап жҥретін қайран екі бҧрым, оның
кҥміс кҥлкілі шолпысы тҧлдаған байталдай, кҥзеген тайдай тарақтан қайран болды. Қазір не кӛп «тоқал шаш» кӛп. Абыройын аша жаздап,
қыз жҥр, орысша «білгішпін» «мәдениеттімін» деп он ауыз сӛзді артық сӛйлеп әйел жҥр. Бҧл да заманның ағымы шығар, дегенмен қазақ
әйелі болған соң әсемдіктің бҧрынғысына да ара-тҧра бҧрылған теріс емес-ау. Егер сол бҧрымдар бҥгін болса, оған кімнің кӛзі тҥспес еді,
жҥрегі туламас еді!
Қазақ қыздарындағы әсемдіктің ең қҧдіреттісінің бірі – мінез-қҧлық. Ата-ана баласын ӛзіміз сӛз етіп отырған аржақ-бержағында
биязылыққа, ӛте-мӛте ҧяңдыққа, нәзіктікке баса тәрбиелеген. Қазақ қызындағы ҧяңдылықтың ӛзі әсемдіктің бір кереметі. Ішкі дҥниесіндегі
арпалысты аз сӛзбен, дәл тауып қана, езіле, егіле айтып, әдеп сақтауының ӛзі байланысты адамын мҧрат ететін қҧдырет болған. Сондықтан
«қазақ қыздары махаббат» дегенді, «сҥйгенім» дегенді бадырайтып айтуға ауыздары бармай, «қуатым», «қалқам», «қарғам», «қҧрбым» деп
сыпайы айтқан. Мҧны да албаты айта бермей қысылтаяңда, бастарына кҥн туғанда, айырылысарда, боздап тҧрып айтуға ауыздары әзер
барған. Міне, ӛстудің ӛзінде қаншама әсемдік жатыр десеңізші.
Жігіттің қалыңдығына қашан ҧрын барғанша жолай алмауының ӛзі бір әсемдік болған. Қазіргідей бҥгін танысып, ертеңіне бас салу
бҧрын болмаған. Ҧлы сӛздің ҧяттығы жоқ, қазіргі қейбір жастар неке аманатын кҥні бҧрын атқарып тастап, тойға қҧрсақты болып
келетіндер де жоқ емес. Бірен-сарандарымыз біреудің етегінен ҧстағанша талаймен әлекей-шҥлекей болып ҥлгіреді емес пе. Біз баста сӛз
еткен аналар осындай сҧмдықты болдырмау ҥшін, қыз әсемдігін ақы иесіне аман тапсыру ҥшін қызын балиғатқа толысымен бақылады ғой.
21
Бҧл арада бҧрынғылардың әдепті де, әсемдікті де бҥлдірмеу ҥшін кҥрескенін, тәрбиелей білгенін мойындаған жӛн. Қызға қырық жерден
аңдушы болатыны да осы әсемдіктен айырылмаудың бір әдісі.
Қыз баланы бақылауына, баулуына алған ананың әсемдік жӛніндегі бір бастамасы – кестеге ҥйрету. Кестені қыз алғашында шытқа,
онан соң ержете келе тҧскиізге, тақияға, сандыққапқа тігіп, оған қосымша сырмақтың, дӛдегенің, бҧйымдардың оюларымен жалғастырады.
Былайша айтқанда, қазақтағы әсемдіктің қақ жартысы әйелдердің қолынан шыққан.
Қазақ қызының сӛйлеуінде де, кҥлуіңде де, еркелеуінде де, тіпті ренжуінде де, ас ішіп, ас әперуінде де, отырысыңда да сҧлулық,
әсемдік, басқалық болған. Бҧны қызға ҥйрететін алдымен ана, онан соң ауыл-аймақ, қалыптасқан салт-сана. Бҧрынғы қыздар кӛптің
кӛзінше кҥлуді, кӛсемсіп сӛйлеуді, алдыда жҥруді, қомағайлықты жҧрт кӛзіне кӛрсетпеген. Бҧның бәрі – болашақтағы келіннің,
келешектегі ананың алдын кҥреу.
Жалпы қорыта келгенде, бҧрынғы казақ қыздары меқтеп пен медреседе этика мен эстетиканы мҧғалімнен дәріс ретінде
оқымағанымен, ҥйде олардың қазақы қасиетін анасы мен ауылынан жеріне жеткізе тоқыған. Сондықтан да олар әдепті, әсем болды.
«Ҧлдың ҧяты әкеге, қыздың ҧяты шешеге» деп қараған халқымыз ҧл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер ӛз қолына алса, ал қыз
баланы тәрбиелеуді әжелер мен аналардың ісі болып саналған.
Халқымыз қыз психологиясының ерекшелігін жақсы тҥсіне білген. Әрбір отбасы әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да
жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ҧқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдетті-ізеттілігімен, иманды-
инабаттылы-ғымен, кҥміс кҥлкісімен кӛргісі келген. Оларды кішкентайынан кӛздің қарашығындай сақтап, әлпештеп, мәпелеп жаны мен
арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, жасӛспірім шақтағы олардың балқыған, шалқыған, еліктегін қасиеттерін ескеріп,
оған «Қырық ҥйден тыю» салу керектігін де ҥнемі еске алған.
Қыз болып қылтия бастағаннан «ақ отауға» енгенге дейін қызды қаншама сынақ кҥтіп тҧрады. Оларды ең алдымен алып-ҧшпа
сезімді тежей білуге дағдыландырады. Бҧл, әрине, оп-оңай жҥзеге аса қоймайды. Сондықтан да ол ҥлкен сын.
Халықтың дәстҥрі қыз бала тәрбиесінде ереже ҧсынбайды, тек бағыт-бағдар береді, ӛнеге кӛрсетіп, әдептілік жӛн-жосығын
нҧсқайды. Оның барлық сыры мен сынына әдебі мен мінезіне, тілі мен дініне, әні мен кҥйіне, мінезі мен қҧлқына орай ӛрілген тӛрт ҧғым
тӛңірегінде топтасады. Ол адал мен арам, обал мен сауап. Адам ҥшін ең қымбат тҥсінік те, жҧмбақ тҥсінік те жанмен сезіну, ойлану,
толғану, әсерлену, әрекеттену. Мҧның алғы шартын бақылай білу, кісінің ішкі сырын танып ҧғыну арқылы ӛзін-ӛзі тҥсініп, имандылық пен
ӛнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жҥзеге асыра алу. Бҥгінгі бойжеткен ертеңгі отбасы ҧйытқысы, болашақтағы асыл жар,
аяулы ана, ел ардағы ақылман әже. Олай болса, халық танымындағы бойжеткенге қажетті сипат-имандылық, инабаттылық, ізеттілік,
әдептілік, ісмерлік, биязылық, мейірімділік. Бала тәрбиелейтін адамның бойына дарыта алатын болашақ ҧрпағымызды ақылды, артына бір
рулы елін ерткен асыл қадірлі адам етіп тәрбиелейтін де осы қыздар, болашақ аналар, әйел заты болғандықтан жақсы мінез-қҧлыққа баулып
ӛсіреді. «Қызға қырық ҥйден тыю, қала берді есіктегі кҥңнен де тыю» дейді халқымыз. Бҧл да қыз балалардың отбасындағы тәрбиесі,
ӛмірге бейімділігі, әдептілігі, сезімтал да саналылығы биік болсын деген ойдан туған.
Қырықтың біріншісі – бесігің, ҥйің алтын босағаң. Олай болса қыз баланың тәрбиесі де осылардан басталады. Ол ең алдымен анаға
байланысты. «Шешесін кӛріп қызын ал, аяғын кӛріп асын іш» деген мақал тегін айтылмаған. Әулеттен әулетке қалған мҧра имандылық пен
инабаттылық болса «Жігіттің жақсысын – қыздай, қыздың жақсысын – уыздай» деп айтуда да терең мән жатыр. Жол жӛнекей ӛнер
сайысына сӛзбен сынасуларына, әзіл-айтыстарға қымсынбай араласуларына еркіндік берген. Халқымыздың ӛз ҧрпағының ақыл-ой
тәрбиесінде ауыз әдебиетіміздің айтыс жанры, оның ішінде жҧмбақ айтысы ерекше рӛл атқарады. Жҧмбақ айтыстарында жігіттерден гӛрі
қыз баланың жауабы ӛте ҧтымды, ойлау қабілеттерінің ӛте ҧшқырлықтарын кӛрсетіп отырған. Қыздың кӛркіне ақыл-ойы, мінез-қҧлқы сай
болуын қалаған, оны сҥйкімділікке, сыпайылыққа, нәзіктікке, жҧмсақтыққа тәрбиелеген. Оларды ауылдың кӛркіне елдің анасына балаған,
қадір-қасиет тҧтқан, ҧстамды, тҧрақты, ақылды болуын талап еткен. Соған қарамастан еркелетіп еркіндік берген. «Гҥл ӛссе – жердің кӛркі,
қыз ӛссе – елдің кӛркі» деп әйелді отбасының қадір-қасиеті тҧтқан. Отбасының тірегі де, ҧйытқысы да әйел заты деп уағыздаған.
Қыз балаға, яғни әйел затына табиғи жылылық, сезімталдық, тҧрақтылық, кешірімділік, ҧқыптылық, адалдық сияқты қасиеттер тән
деп санады. Ананың жылы лебін, ақыл-ойын, аялы алақанын, шаруақорлығын жҥрегімен сезіп, кӛзімен кӛрген бала әдепті, адамгершілігі
мол, дені сау болып ӛсетінін жақсы білді. «Қыз – жағадағы қҧндыз, жігіт – аспандағы жҧлдыз», «Қыз кетсе-қызық кетер», «Қыз қылығымен
сҥйкімді», «Ырыс алды – қыз», «Қарағым-шырағым, ауыл кӛркі – ақ лағым», «Қызы бар ҥйдің – қызығы бар» – деп оларға ҥлкен сеніммен
ҥміт артады. Болашақ ана ретінде қадірлеп, «Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын»
деп зор міндет жҥктейді.
Грек ойшылы Платонның «Ҧл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ҧятты тәрбиелейміз» деген
қанатты сӛзіне біздің халық қаншалықты лайық болғандығын айқындайды.
Сҧлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін ҥй ішіндегі еңбекке, кӛркем сӛз, ән-кҥй, айтыс секілді тҥрлі
ӛнерге баулауды – бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген. Еңбек-ӛмірдің тҧтқасы, тіршіліктің кӛзі. Еңбексіз ӛмір жоқ екенін терең
тҥйіп, ой топшылаған халық «Еңбегі қаттының – еңбегі тәтті», «Еңбек – адамның екінші анасы» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды
еңбек сҥюге тәрбиелеген. «Еріншектің ертеңі кӛп» т.б. мақалдар арқылы оларды еріншектік, жалқаулықтан бойын аулақ ҧстауға ҥйреткен.
Осы жәйітті терең тҥйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан ӛткізген халқымыз қыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынанан бастаған.
Қыз баланың еңбексҥйгіш, ӛнерлі ӛнегелі болып ӛсуіне ерекше мән берген. Қолӛнерге икемі жоқ қыздарды «ӛз ҥйінде ою оймаған, кісі
ҥйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай қҧю мен тӛсек жинаудың ӛзі ҧлкен сын болған. Осыған байланысты «Қыздың жиған
жҥгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған. Халқымыз еңбек пен ӛнерді егіз деп қараған. Қазақ шаруасының кҥнделікті ӛмір тіршілігі
тҧтыну қажетімен тығыз байланысты. Халқымыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан бар тірлігі сол мал ӛнімін ӛңдеуге,
ҧқсатуға арналған. Жҥн иіру, ӛрмек тоқу, киіз басу, ҥй жабу, ою ойып, сыру, тҧскиіз ӛрнектеу, тері илеу, бас киім тігу, сырт киім тігу
қыздар ҥшін ерекше ӛнер болып саналған.
Қазақ қыз баланы адалдыққа, әділдікке, имандылыққа, таза махаббатқа тәрбиелейді. Қыз бала – болашақ ана, аяулы жар. Қазақта
жат жҧрттыққа жаралған қыз баланы айрықша мәпелеп, бҧлғақтатып әлпештеп ӛсірген. Қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне, бой тҥзеуіне
ерекше мән берген.
Қыз бала жастайынан ҥй-ішіндегі тҧрмыс-тіршіліктегі кесте тігу, ою-ӛрнек, киім тігу, шай қҧю, нан пісіру, тҥрлі тағамдар әзірлеу, ет
мҥшелеу, оны сақтау, ҥй ішін кҥту т.б. сан алуан істерге машықтанып, бауланған. Ҧлан ғайыр даланы мекендеген қазақ елінің тҥрлі
аймақтарына жеке ерекшеліктері мен ӛзгешеліктеріне қарамастан, қыздарды адамгершілік мінез-қҧлыққа тәрбиелеудегі халықтық дәстҥрі
ортақ.
Қыз тәрбиесінде халқымыз – кҥш кӛрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ҧстап, оларды мәпелеп иландыру, сендіру әдістеріне,
ҧлгі-ӛнеге кӛрсетуге ерекше мән берген. Осының бәрі шешенің міндеті болып жолы жіңішке, жаны нәзік қыз баланың оспадар біреуден
тҧрпайы сӛз естіп, жҥрегі жараланып, қорлық-зорлық кӛрмеуіне аға ӛзін жауапты сӛзінген. Аға мен қарындастың арасында ерекше
туысқандық сыйластық болған. Аға қарындасына қатты сӛз айтпай, ҧрсып-зекімей, әрдайым қабағына қарап, шынайы еркелетіп, ешкімге
зәбірлетпей ҥнемі қорған болып жҥрген. Қалашылап, базаршылап қайтса шамасының келгенінше сҥйкімді қарындасына базарлық – қыз
балаға қажетті киім-кешек, әшекей-бҧйым, керек-жарақ әкелуді ҧмытпаған. Қарындасын біреу зәбірлесе аянбаған. Тіпті кісі ӛлтіріп қан
тӛгуге дейін барған. Сондықтан да жҧрт ағасынан жасқанып жҥретін болған.
Тегіне кӛз салған ата-бабамыз «жақсы болсын тегі, заты, тҧқымы, пәк ҧяты болсын жанның тҧнығы» деп орта ғасырлық ғҧлама
Жҥсіп Баласағҧн айтқандай, қыз бойындағы пәктік, тазалық, тәрбиелік, ар-ҧяттың мӛлдірлігі басты қасиет екендігін таразылаймыз.
«Елден – елді аралап,
Тектіден – текті саралап,
Нҧсқасын байқап шамалап» – деп,
22
Ақтанберді жырау жырлағандай, немесе,
«Кӛріп алсаң кӛріктіні,
Таңдап алсаң тектіні
Сонда кӛңіл толмай ма?» –
деп, Абай айтқандай, немесе халықтық тҥсінікте қалыптасқан «Тегіне қарап қызын ал, соғуына қарап қару ал», «Кӛріп алған
кӛріктіден, кӛрмей алған текті артық», «Шешеге қарап қыз ӛсер» – деп, мақал сӛздердегідей, болашақ жарының тәрбиелі, кӛргенді болуы
қазақ дәстҥрінде басты талап болғандығын тҥсіндіреміз. «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады» дегендей, бой жеткеннің
ақылдылығы, зерделілігі, парасаттылығы таразыға тҥсіп отырған. Бҧл жӛнінде:
Ақылды әйел ізде десең сен егер,
Есті болса,тӛрт қҧбылаң теңелер
Достарыңызбен бөлісу: |