Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты л. Н. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет17/21
Дата08.04.2024
өлшемі0,78 Mb.
#200601
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ibraimova-etnopedagogika (1)

(Жүсіп Баласағұн) 
Әйел алсаң кӛріп ал ақылдысын,
Ол – сенің ақыреттік жақын кісің 
(Шал ақын) 
«Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп қҧмарланба. 
Ары бар, ҧяты бар, ақылы бар, 
Ата-ананың қызынан қапыл қалма» - 
(Абай) 
деп, даналар жырлағандай, бойжеткеннің ақыл-зердесі бағаланып, «Алған жарың жақсы болса, жҧмақтағы хормен тең» деп, бір-ақ 
тҥйгендігін зерделейміз. 
«Ӛнерсіз қыздан без, ӛнегесіз ҧлдан без» деп, ата-бабамыз тектен тек айтпаса керек. Болашақ ошақ иесінің іскер, еңбексҥйгіш, 
шебер, отбасына ҧйытқы бола білуі, ерін кҥте білу, қонақты қарсы алу, бала тәрбиелеу, туысқа қамқорлық, аналық борышын орындау, іс 
тігу, тамақ даярлау т.б. қазіргі заманға сай отбасы тіршілігіне бейімділігі – әр бойжеткеннің басты талабы. Қай ата-ананы алсақ та қызының 
ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. 
Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып ӛсуі ҥшін жасынан-ақ ҥлкендердің алдынан аттатпай ӛсіреді. Халқымыз «Келіннің 
аяғынан, қойшының таяғынан» дегендей, жаңа отаудың береке қҧтын ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін болашақ ҧрпағына дҧрыс 
тәлім тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен ӛлшеген. 
Абай қыз балалардың жҧбайлық ӛмірге ертерек баулынуы керектігіне ата-аналар назарын аударады. Қыз кҥнінде сырттай әжептеуір 
болып жҥріп, ҥй болғанда берекесі кетіп, азып-тозып, салақ әйел атануы жастайынан ҥй іші тірлігіне ерте бауланбағанынан деп ескертеді. 
Сондықтан да Абай ата-аналарға қыз бала тәрбиесіндегі халық дәстҥрін басшылыққа алуды ҧсынған. Соның айғағындай, абзал аналардың 
аялы алақанында алаңсыз ӛсіріп келе жатқан қыз балаларын ӛз алдына ҥй болғанда кӛптеген шаруалар кҥтіп тҧратынын әр уақытта естен 
шығармай, сол жҧмыстарға баули берген. Сонымен бірге адамгершілік қарым-қатынастың жай-жапсарын бойларына сіңіріп, ӛз қыздарын 
жақын жеңгелерімен сырлас болуға баулып, кӛбінесе сол ҥлгілі, ӛнегелі жеңгелерінің іс-әрекетіне еліктете бастаған. 
«Келінім саған айтам, қызым сен тыңда» деп, жаңа тҥскен келінге ақыл айтып, талап қоя жҥріп, ӛз қыздарының да осы шаруамен 
хабардар болуын естен шығармаған. 
Тәлімгер аналар ес біле бастағаннан ҥй шаруасына жарап қалған қыз балаларына іс тіктіріп, ҥй кҥттіріп, барған ҥйіне жағымды, 
сыйлы адам болуы ҥшін ҥй тіршілігінің еңбек әрекетіне осылайша баулып отырған. 
Бізге жеткен тәлім-тәрбие осы бір, қыздар жайлы айтылған арнаулы атаулар-сӛздер осы мәселенің даяр оқулығы іспетті. Мысалы: 
«Қызың ӛссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Жібекті кҥте білмеген жҥн қылады, қызды кҥте білмеген кҥң қылады» т.б. кӛптеген мақал-
мәтелдер халық тәрбиесінің осы қырларын аша тҥседі 
Қандай заманда болсын қыз бала қиын жерде жол тауып, ӛз намысын қорғайтын, елге пана болатын дәрежеге ақылымен, 
сабырымен тапқырлығымен, нәзік жҥректігімен, ақыл-парасатымен жеткен. «Әкеге қарап ҧл ӛсер, шешеге қарап қыз ӛсер» деп отбасының, 
қоғамның тәрбиесі анаға байланысты екеніне ерекше мән берілген. 
Ежелгі қазақ тіршілігінде ақылы асқан дана қыздардың, әйелдердің рулы ел басқарғанын, рудың әйел атымен аталуының мысалдары 
толып жатыр және мҧның ӛзі сол дәуірде ерекше бір қҧбылыс емес – қалыпты нәрсе саналуының ӛзі – халқымыздың қыз балаға деген 
кӛзқарасының соншалықты озықтығының бір айғағы. 
«Астың дәмін тҧз келтірер, елдің сәнін қыз келтірер» деген дана халқымыз қыз баланы сондықтан мәпелеп, аялап ӛсірген. 
Қазақ халқының аңыз, ертегі, дастан жырларында ердің сенімді серігі, анасы, ғашығы, жары, аяулы қарындасы ретінде әйел, қыз 
бала бейнесі келтірілмеген шығарма табу қиын. Осылардың кӛпшілігі халық ауыз әдебиетінде аңызға айналған. Кейбірі дала тӛсінде, 
желдің ӛтінде ескерткіштерге айналса, кейбір кӛркем кейіпкерлер ретінде халық жадында сақталған. Мысалы, ежелгі Оғыз елін басқарған 
тоғыз батырдың сенімді серіктері бола білген батыр аруларға қойылған тоғыз ескерткіштің жетеуі Қазақстан жерінде болуы, Домалақ ене, 
Айша бибі, Бабаджа әйел мазарлары, арқылы ақын Сара, ақылды Айман, кҥйші Дина, Нҧрғаным, Зере, Айғаным бейнелері – соның дәлелі. 
Қазақ жырларындағы ару бейнелері – Қҧртқа, Қыз Жібек, Баян, Аймандар даналығымен ақыл-парасат биіктігімен, қандай қиын 
сәттерде ҧстамдылығымен, тапқырлығымен танылды. Солардан халқымыздың қыз бала тәрбиесімен жан-жақты айналысқанын кӛреміз. 
Мҧндағы: 
1. Ҧлттық әдеттер: тазалық сақтау әдеттері, адамгершілік әдеттері, мәдени әдеттер, еңбек әдеттері т.б. 
2. Ҧлттық әдет-ғҥрыптар: ырымдар, жоралғылар, рәсімдер, салтанаттар т.б. 
3. Ҧлттық салт-дәстҥрлер: қыз бала тәрбиесіне байланысты салттар мен дәстҥрлер. 
Кӛбінесе жҧрт әлдебіреудің іс-әрекет, мінез-қҧлығы кӛңіліне жақса, «Кӛргені бар екен!» – деп сҥйсініп, ҧнатпаса «Кӛргенсіз екен» – 
деп кҥстәналап жатады. Ондай «кӛргенділік» пен «кӛргенсіздіктің» адам бойында қалыптасуы алдымен отбасынан бастау алатыны да 
белгілі. Ал, біздің халқымыздың ежелден қалыптасып келе жатқан тәрбиелік дәстҥрлерінде тәлімі мол ҥлгілер мен салттар аз емес. Соның 
ішінде қыз баланың тәрбиесіне айрықша мән берілгенін жоғарыда сӛз еттік. 
Сонымен, халқымыздың қыз бала тәрбиесі бойынша салт-дәстҥрлерін саралай келе, «Қазақтың қыз бала тәрбиесінің» ҥлгі келесі 
суретте ҧсынылған . 
Қазақтың 
қыз бала 
тәрбиесі
Ана 
тәрбиесі 
Әже 
тәрбиесі
Ҧлттық әдеттер 
арқылы 
тәрбиелеу 
Ҧлттық әдет- 
ғҧрыптар арқылы 
тәрбиелеу


23 
Енді бҥгінгі қыздарымыз қандай деген сҧракка келгенде татымды жауап таба алмай, кҥмілжіп қаламыз. Ӛйткені, бҥгінгі ҧрпақ 
тәрбиесінде, соның ішінде қыз баланың тәрбиесінде біраз мәселелердің кҥн тәртібіне кҥрделеніп шыққан жайы бар. Бҥгінгі 
бойжеткендеріміздің бойынан нәзік жаратылыс, аяулы мінез-қҧлық, айнадай тазалық пен айнымас адалдық сияқты қазақ қыздарына ғана 
тән асыл қасиеттерді табу оңай емес. Олар қазір байсалды болудың орнына тарпаң, ибалы, ізетті болудың орнына қытымыр, нысапты 
болудың орнына ашкӛз болып бара жатқандай. Неге олай? Біздіңше, оның себебінің тамыры тереңде жатыр. Біріншіден, коғам, әсіресе, 
кешегі Кеңестер кезінде әйелдердің мойнына ҥлкен жҥк артты. Сондықтан, олар бала тәрбиесіне, онын ішінде әсіресе, қыз балаға деген 
ерекше тәрбиеге ықтиятты кӛңіл бӛле алмады. Олардың санасына сәби кезінен бастап жаңағы жоғарыда айтқанымыздай қасиеттерді сіңіре 
алған жоқ. 
Мәселен, Жапония дҥниежҥзінде ҧлттық салт-дәстҥрін ең берік сақтаған ел. Ол елдің ӛз ҧлтының ежелгі табиғатын қаймағын 
бҧзбай тҧтастай сақтауының басты себебі онда бала ес біле бастаған шағынан оған ҥлкенді сыйлауды, ізетті, ибалы болуды ҥйретіп, ӛз 
ҧлтына тән басқа да қасиеттерді санасына сіңіре береді. Яғни, бала тәрбиесіне ҥлкен жауапкершілікпен қарап, ҧлттық тәлім-тәрбиенің адам 
бойында қалыптасуына игі ықпал етеді екен. 
Ал, біз ӛз ҧлтымыздың қанымен келе жатқан салт-дәстҥрлері мен әдет-ғҧрыптарына, мәдениетіне, әдебиетіне, ӛнеріне немқҧрайлы, 
тіпті менсінбей қарадық. Керісінше, ӛзге ҧлттардың мәдениеті мен әдебиетіне, ӛнеріне қызығушылық, кӛрсеқызарлық пайда болды. 
Соларға еліктедік, солардан ҥйренуге тырыстық, басқалардікі ӛзіміздікінен артық кӛрінді. 
Бҥгінде біздің сахнамызды, радиотолқындарымызды Батыстың жауыздыққа, әдепсіздікке, ойсыздыққа тәрбиелейтін қоқыр-соқыр 
дҥниелері жаулап алды. Оның жастар санасына жағымсыз жақтары, ар-ҧяттан бездіретін келеңсіз кӛріністері кӛп екенін біле тҧра, оған мән 
беріп, кӛңіл бӛлмей келеміз. Ал, бізге керегі әлемдік мәдениеттің озық ҥлгілері. Оларды игеру ҥшін алдымен қыздарымыздың әлемдік 
мәдениеттің адами ізгі қасиеттерін игеруге, озық ҥлгілерін ҥйренуге және оның тҧнығынан сусындай білуге баулуымыз керек. Сонда ғана 
ертеңгі кҥні ана болып, бала тәрбиелейтін олар ҧлтымыздың кешегі ӛткен ата-бабаларымыздан келе жатқан болмысына лайықты ҧрпак 
ӛсіре алады. 
Тегінде, қыздар ер балаларға карағанда сезімтал, демек, еліктегіш келеді. Ал, қазіргі кезде олар еліктейтін дҥниелер тым-тым кӛп. 
Әсіресе, Батыстан жеткен жабайы «қызықтар мен тамашалар» қаланы да, даланы да жайлап барады. Сол қызықтардың ортасында, соларға 
ынты-шынтысымен еліктеп, біздің «мәпелеп ӛсіріп» отырған ҧлдарымыз бен қыздарымыз жҥр. Бҥгінгі қазақ қыздары Батыс салттарына кӛп 
еліктейді. Соның салдарынан қазір ешкімнен именбей-ақ темекі тартатын, кӛшеде жҥріп келе жатып сыраны шишаның аузынан да сыңғыта 
беретін ӛрімдей жас қыздар кӛбейіп келеді. Олар киіну ҥлгісімен де сол батыстықтарға ҧқсауға тырысып, кӛшеде жартылай жалаңаштанып, 
кіндіктерін кӛрсетіп жҥре береді.
Бҥгінгі таңда қызғалдақтай мәпелеп ӛсіріп отырған қызыңызды: «Сенің ертеңгі негізгі орның – отбасының айналасы, ошақтың 
қасы» – деп қана ҥгіттеуге, әрине, болмайды. Бірақ, кӛрінгенге кӛп еліктеп, тым еркін жҥріп, бейпіл сӛйлеуден тҥбінде опық жеуі мҥмкін 
екенін (ондайлар қазір аз ба?) ҧрпағыңызға ҧғындыра берсек қҧба-қҧп болар еді. 
Біз дербес мемлекет ретінде жас ҧрпақ әсіресе, қыз балалар тәрбиесінің ӛткенмен ҥндестігін, сабақтастығын одан әрі тереңдете 
тҥсуіміз керек. Қазақ қызының бойына ҧлттық ерекшеліктерді орнықтыру, жҥректерінде ҧлттық намыс отын маздату ел болудың басты 
талаптарының бірі. Қыздарымыз елін, жерін сҥйетін, ҧлтымыздың болашағын ойлайтын азамат болып ӛссін десек, бәрінен бҧрын ата-
бабаларымыздың уақыт тезінен сҥрінбей ӛткен дәстҥрлі тәлім-тәрбиесін жаңа заманмен ҧштастыра, қайта жаңғыртуымыз керек. Сонда ғана 
шын мәнісінде ӛмірдің қызғалдағындай қыз ӛсіре аламыз. 
Қазақтың отбасындағы тәрбиеде ерекше орын берілетін мәселе – келін тәрбиесі. Келін – жат жҧрттан келген, ҥй ішінде жаңа мҥше. 
Егер ол ӛзінің жақсы салт-дәстҥрлері мен әдет-ғҧрыптарын әкелсе нҧр ҥстіне нҧр, ал кері болса, оны қауіпті деп есептеген халық. 
Сондықтан қариялар ҥйленетін жігітті ондай қауіптен кҥні бҧрын сақтандырып отырған. Мысалы, «Кӛріп алған кӛріктіден, кӛрмей алған 
текті артық», «Есік кӛргенді алма, бесік кӛргенді ал» деп, кеңес беріп отырған. 
Қазақта «Баланы жастан, келінді бастан» деген мақал бар. Мҧның мәні: баланы жҧмысқа да, ақылға да жастай ҥйрет, ал жаңа тҥскен 
келін де жас бала, олай болса балаға жасамақ тәрбиені келіннен аяма десе, келіннің баладан ӛзгешелігін ескерткен. Сол сияқты қазақта 
«Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген мақал бар. Мәні – жаңа келген жҧрты келінді жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа 
баулыған. 
Келін келіп тҥсісімен беташар жасалады. «Келіннің бетін кім ашса – сол ыстық» деген сӛз бар. Мәні – ақын келіннің бетпердесін 
желпіп тҧрып, ҥй-іші, туыстары, ауыл-аймақ ҥлкендерінің аттарын атап тҧрып таныстырады, ал келін әрбіріне иіліп сәлем беріп тҧрады. 
Сондай-ақ, «Жас келін бойын жасырады, даңқын елден асырады» деген қолпаштау сӛз ел арасында сақталған. Мәні – ата-енесі, әжесі мен 
атасы бар жас келін олардан бой жасыруын міндет деп санаған. Бҧл ибалық, иба – кішілікті ғана кӛрсетпейді, ол келіннің тәрбиелілігінен 
нышан береді. Егер келінге далада ҥлкен кісілер кездесе қалса, «Иіліп сәлем» беріп, ҥлкен кісілерді ізетімен ырза қылады. Бҧл сыпайы, 
ибалы жас келіннің ӛзін сыйлатуының басты қҧралы. Міне осыдан келіп «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» дегендегі «тыңда» 
сӛзінде жҥз жыртыспаудың, ибалы болудың ҧшығы жатыр, яғни «тәрбиелі келін бол» деген ой жатады екен. 
Енді қазақтың келін тәрбиелеудегі салт-дәстҥрлердің маңызына тоқталайық. 
Қыз бала бой жетіп, әке-шешенің аясында бҧлғақтаған дәуренін қаддырып, басқа бір елге келін боп тҥсіп, келіншек атанады. Ол ӛз 
шаңырағын кӛтеріп, ҥй шаруасына иелік етіп, тҥтін тҥтетеді, ана болып, ӛмірге перзент әкеледі. Жар қҧшып, ана болу – қыз баланың 
мақтанышы, әрі бақыты. Бҧған, әсіресе, әке-шешесі қуанады. Алайда оған дейін қыз баланың сол кҥнге дайындық ретінде ӛз ҥйінде жҥріп 
ҥйренген ӛнегелері мен ӛтейтін міндеттері аз болмайды. Солардың бәрі қосыла келе, келін тәртібі яғни келін болу әдебін қҧрайды. Соған 
мойынсҧнып, ынта қойып ҥйрену, даярлану кӛргенділіктің белгісі. Қыз бала келін болып тҥскенде, атқаратын ауыр да ардақгы міндеттерді 
аттап ӛтуге болмайтын әдеп инабаттылық талаптар жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Келінге қатысты халықтық дәстҥрден, туыстық 
атаулардан, олардың ӛзара және ӛзімен арақатынасынан жақсы хабардар болуы керек. Ҥй ішіне келетін жаңа мҥше – келін. Қазақтың ата 
салтында келіннің келген жерінде ата-енесінен, сол ҥйдің ҥлкендерінен бҧрын тҧру, жуынып-шайынып, ҥсті-басын ретке келтіріп ӛзінен 
кейін тҧрған ата-енесіне сәлем беру әдеті бар. Бҧлайша ізет жасау ҥлкендер мен келін арасындағы қарым-қатынасқа жылылық, сыйластық, 
инабаттылық дарытады, қанға сіңген халықтық ҧғым бойынша, ҥлкендер соған-ақ тӛбелері кӛкке жеткендей қуанып, мәз болып, ыстық 
ықыласпен, баталарын береді, келіннің сол сәл ғана еңбегін, он есе артығымен ӛзіне қайтарады. Ал, келіннің дҥниеден ҥміті жоқ жандай, 
сәске тҥске дейін шашының дудасы шығып, пырылдап ҧйықтап жатқаны жараса ма? «Ӛзің жатып байыңа тҧр-тҧрлама келіншек» – деген 
әзіл-шыны аралас сӛздің астарында ҥлкен мән бар екенін жастар аңғара бермейді. «Ерте тҧрған еркектің ырысы артық, ерте тҧрған әйелдің 
бір ісі артық» – дегендей, отауының сәнін, ошақ басының берекесін ендіретін шаруа аз ба? «Жаман келін мыңқылдап жҥріп билейдінің» 
керін келтіріп, ҥйі жинаусыз, кірі жуусыз, ыбырсып жататын, бірдеңеге қолының ҧшы тисе, қабағын қарс жауып, қайғының қара суын 
сапыратын келінді қай кісі, қай қылығы ҥшін жақсы кӛріп, рахмет айтады?» Жақсы адамға жарасатын ширақ қимыл, сезімтал сергектікпен 
жайдары қабағы ашық жҥзбен ҥйін-ҥй қылып ҧстап, ҥлкендеріне ізетін міндет етпейтін келіннен ата-енесі айналып кетпейме?! Осы орайда 
айта кететін тағы бір мәселе – келіннің келген ҥйінен басқа да ҥлкен-кіші туыстарына ӛздеріне жарасымды, сыпайы әрі қҧрметтеуді 
білдіретін ат қойып алу да ҧлтымызға ғана тән бір әдемі әдетіміз. Кҥйеуінің әкесін «Қайын ата», шешесін «Қайын ене», қарындастарын 
«Қайын сіңлі», ағаларын «Жақсы аға», «Ҧлкен аға» т.б., інілеріне «Сал жігіт», «Мырза бала» т.б., ал бҧрын қыздарды «Апа» деп, не 
олардың кҥйеулерінің аттарымен «Бәлендегі қыз» дей салады. Жас келіндер кҥйеуінің бірге туған немере, шӛбере туыстарының ӛздеріне 


24 
жоғарыдағыдай ат қоюмен бірге, олардың әйелдерін ӛзіне, яғни абысын-ажындарына да «Ҥлкен апа», «Кіші апа», «Жеңешем», «Ҥлкен 
жеңешем», «Кіші жеңешем», «Әбікем», «Апатайым» т.б. деп атайды.
Ӛзі келін болып тҥскеннен кейінгі балалардың атын атай береді. Әркімнің туыстық жақыңдығына қарай, елде, қоғамда алатын орны 
мен беделіне лайыкты ат қойған келіндердің ізеттілігі мен қойған атының ақылдылығына қарай ҥлкендер ол келінді ҧнатып, сыйлай 
бастайды. Би, болыс болып жҥрген қайнағаларына «Би ата», «Би аға», «Болыс ата», «Ел ата» деп атайды. Әдепті келіндер ат тергеуге 
соншалыкты мән беріп, ҥлкендердің аттарын тура атамайды, ол тҧрмақ қайын ата, қайын ағалары мен аттас бӛтен адамдарды, мысалы 
оларға былай деп ат қояды: «қажы атам аттасы», «ағажан аттас» деген сӛздермен білдіреді. 
Қазақ әйелдері кҥйеулерінің де атын атамай, оларды «отағасы», «біздің ҥйдің кісісі», «қожайын», «бәленнің ағасы» дейтін. 
Кҥйеулерінің қҧрдастарының да атын атамай, оларды да «қҧрдас» деп атандыратын. Ат тергеудегі қазақ әйелдерінің аса ізеттілігі мен 
тапқырлығын дәлелдейтін мынадай әңгіме сақталған: 
«Бір қазақтың бес ҧлы болыпты. Олардың аттары: Кӛлбай, Қонысбай, Койлыбай, Қасқырбай және Пышақбай екен. Бір кҥні келіні 
суға барса, кӛлдің ар жағында, қамыстың бер жағында қасқыр қойды жеп жатыр екен. Сонда келіні ауылға жҥгіріп келіп: «Сарқыраманың 
ар жағында, сылдырламаның бержағында маңыраманы ҧлыма жеп жатыр, тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіндер» депті. 
Қазақ дәстҥрінде ҥлкеннің атын атамай, тірі де ӛзін, ӛлгенде әруаған қҧрметтеп есінде сақтауды ҥлкен әдептілік, кӛргенділік деп 
есептейтін де, ондай адамдарға барша жҧртшылық дән ризалықпен қараған. Кішінің ҥлкенді, ҥлкеннің ӛз тарапынан кішінің кішілігін 
сыйлауды халқымыздың қанына сіңген қасиетті дәстҥрі. Сонымен қатар, қазақ халқында «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ 
жаулық, ҥшінші байлық – он саулық» деген ҥш тармақты, бір бҥтін аталы сӛздің бар екені мәлім. Мҧндағы «ақ жаулық» деген әйел 
мағынасындағы сӛз екені тҥсінікті. Сондықтан, әйелдің инабатты, ізеттіліктің, мәдениетінің белгісі, ол әйелдің ақ жаулығы, яғни, басына 
тартатын орамалы. Ертеде қазақ келіндері басынан ақ орамалын тастамаған. Бҧл тәрбие мынадай мысалдармен айтылған, «қараңғыда 
жалаңбас жҥруге болмайды», «суға жалаңбас бармайды», – дегендей. Ақ орамал тарту ол келіннің кӛңіл кҥйінің ақ екенін, яғни тазалығын 
білдірген. 
Келінге тән міндеттің бірі ол келіннің дәстҥрлі тҥрде амандасуы. Келіндер жасы ҥлкен ата-ене, қайнағаларға ҥйге кіріп 
амандасқанда, немесе қымыз, шай, ас-су әкеп бергенде, сәл тізесін бҥгіп, ҥш рет басын иіп, сәлем жасаған. 
Ҥлкен астан кейін, ҥй иесі жас келінді шақырып, ақсақалдардың алдындағы табақты алдырып, келінге сәлем жасатып, ҥлкен 
кісілердің батасын алдыртқан. Осындай ҥлкендерден алғыс алған жас келін ҥй ішінің ішкі ӛміріне бар ынта-жігерімен аянбай еңбек ете 
кірісіп, елге жағуға тырысқан. Бата тілектер жастарды жақсы сӛзбен жарылқап, еңбекке ынталандыру, отбасы татулығын кҥшейтуге 
айрықша әсер еткен. Әрдайым қазақ келіні сабырлы, ҧстамды, ізетті, кішіпейіл, еңбекқор, балажанды, әрі тазалығы мықты болуы тиіс. 
Келіншек келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын. Келіннің қолынан татқан тамақ, ішкен шай бапты, дәмді кӛрінсін, яғни әрбір 
қазақ келіндері ҧлттық тәрбиенің негізгі міндеттерін ӛз жанына қалыптастыруы тиіс. 
Қазақ салты бойынша бҧрын ата-енесі қолына тҥскен келінін бір жыл толғанша тӛркініне жібермеген. Мҧның мәнісі – осы аралықта 
келінді тәрбиелеуі керек. Балалық шіркіннің бас асауы басылмай келген жас келінге бҧл бір жыл оңайға тҥспейді. Ауыр еңбекке, қатал 
тәртіпке толы бір жыл ол ҥшін қыл кӛпірден ӛткенмен бірдей. 
Бірінші, осы уақыт ішінде келген жеріндегі ата-ене, қайнаға, қайын, абысын, тағы басқаларға ат қойып, оны жаңылмай айтуы керек. 
Екінші, киіз ҥйдің тҥңдігін елең алаңда ашып, су әкелу, от жағу, сол сияқты тҥндікті ел жатқанда жабу келіннің міндеті. Осы 
аралықтағы шай қайнату, іркіт пісу, қымыз қотару, қҧрт жаю, кір жуу, саба пісу, ыдыс-аяқ жуу, сиыр сауу, қой қосақтау, бие сауу, тезек 
теру, тҥскі ас, кешкі тамақ, ішек-қарын тазалау сықылды тізе бҥктірмейтін жҧмыстардың тҥтіні ҥзілмейді. Келін қалғып-шҧлғып, 
жығылып-сҥрініп кешке әрең жеткенімен, елдің соңында жатуы керек. Қазақ қай бір ерте жататын халық. Қонағы тҥн ішінде келсе, келінге 
тіпті ҧйқы жоқ. Сонда келін орта есеппен 17-18 сағат ауыр жҧмыс істейді. 
Ҥшінші, осы бір жыл ішінде ҥлкен ҥйге сәлем беріп кіруден, артымен шығудан жаңылмауы шарт. 
Тӛртінші, келін жыл бойы жібектей болуы, мінез кӛрсетпеуі керек. Егер қай кҥні ерте тҧра алмай қалып, «Тентегім» деп ӛзі ат 
қойған қайындары тӛсектің тҧсына кеп: «Мына қатынды марту басып жатыр ма?» деп, киіз ҥйді қҧрықпен сабаласа да қарсы шықпай, атып 
тҧруы керек. Мҧны орындамаса «шуаяқ» деген атқа ие болады. 
Бҧл тӛртеуін ата-ене келінді еңбекке, адамгершілікке қалыптастыру ҥшін әдейі істейді. Бҧл – олардың, ӛздерінше мектебі. 
Кейін бҧдан тҧңғыш баласын босанып, ол қырқынан шыққанда бір-ақ қҧтылады. 
Сонан соң енесі келінді бірінші рет тӛрге шығарып: «Сен енді санатқа қосылдың. Бҧрын бала едің, енді ана болдың. Бҧрынғымыз 
ӛзіңді адам болсын, пыссын дегеніміз. Енді осы ҥйге толық мҥшесің», – деп келінінің маңдайынан сҥйіп, мейірім білдіреді. Сәлем беруден 
азат етеді. Қолына ағаш теген, себеле пышақ ҧстатып, тошалаға апарып, не бір керемет мҥшелерді ӛз бетімен таңдап асуға рҧқсат береді. 
Тіпті осыдан кейін қонаққа ӛз бетімен мал сойғызуға да рҧқсат етіледі. 
Бірақ бҧл қҧқыға келін ҥйінен келген киелі киімді сол тӛрде отырып кигеннен кейін қақылы. Сол тҥні ата-ана келіннің тӛркінінен 
келген кимешек-шылауышты ӛз қолдарымен кигізеді. Арттағы әке-шешелері бҧл бас киімді қыздары тез балалы болсын деп сандыққа әдейі 
ырыммен салады. Бізге бҧл киімді киелі дегізіп отырған да осы ырым. Егер келін ҧзақ уақыт бала кӛтермей, кимешек-шылауыш сандықта 
жата берсе, ата-ене ӛздерінің бір кінәсі ҥшін кие атты деп іштей желінеді. 
Келін қыз кҥнінде, сәукелені сҧлу болуы ҥшін, елдің кӛзін сҥрінту ҥшін тіккізсе, кимешек-шылауышты ана болу ҥшін дайындатады. 
Қазақ әсілі ақ тҥсті ҧнатады. Ақ әйелдің кӛріксізі болмайды. Оған ақ кимешек пен шылауыш қосылған соң тіпті қҧлпырады. 
Мҧнда бір айта кететін жайт, сәукеле сәнге, қызықтыруға бола тігілсе, кимешек-шылауыш қызғаныштан, кінәдан аулақ болуға 
арналып дайындалады. Қызықтыратыны – қандай қыз болмасын ӛзіне жақсы жігітті табуды кӛксейді. Ол ҥшін оларға ең алдымен кӛркем 
болып кӛрінуі керек. Біреудің етегінен ҧстап, басы байланған соң, енді бҧны алған адамның басқалардан қызғануы туады. 
Әйелдің еркекті арбайтыны кӛп. Соның бірі – қолаң қара шаш пен ақ мамық тамақ. Кимешек-шылауыш осыларға біреу-міреу 
тамсанбасын деп жауып тҧрады. Әрі жылылық, әрі тазалыққа жақсы. Ата-ененің келініне бҧны кигізуінің бір жағында мҧндай да мән 
болғанымен, ӛз тізгіні ӛз қолына тиіп, отбасы мҥшелігіне ӛтіп алған келін оны ҧдайы кимейді. 
Сонымен, қазақ отбасында келін тәрбиесіне ерекше мән беріп, оны болашақ ана, ҥй иесінің адал жары, ҥйдің киесі деп санаған. 
Сондықтан кезкелген қыз бала болашақ келін болуға ӛзін-ӛзі даярлау қажет, ӛйткені келін – болашақ ана, отбасының негізгі мҥшесі. 
Бҧл ҥлгідегі қҧда тҥсу дәстҥрі, келін тҥсіру дәстҥрі, беташар тойын жасау дәстҥрі, келінді отбасында тәрбиелеу дәстҥрі жеке-жеке 
қарастырылып, олардың мазмҧндары қажетті әдебиеттерді пайдаланылып жасалады . 
Қазақтың келін тәрбиелеудегі салт-дәстҥрлердің маңызын аша отырып, «Қазақтың келін тәрбиесінің» ҥлгісін ҧсынамыз (сурет 3). 
Келінді жаңа отбасында тәрбиелеуге қазақ халқы ерекше мән берген. Жаңа тҥскен жас келінге енесі ӛз білгендерін ҥйретіп, еңбекке, ҥй 
ішінің жинақылығына ҥйрету ежелгі ел дәстҥрі болған. «Жақсы ауылға келген келін – келін, жаман ауылға келген келін – келсап» деу біреудің 
жас баласын тәрбиелеп, адам қылу бҥкіл ауылға, әсіресе ӛнеге ҥлкен сын екенін білдіруден шыққан. Парасатты әжелердің «Келініңді қызыңдай 
кӛр, қызыңда келін болмас па?» деуі немесе «Келіннің ӛнегелі болуы – енеден» деуі ҥлкендерге де жауапкершілік артудан туған ой-пікірлер. Ӛз 
білгенін келініне ҥйретіп, ӛнегелі, кӛргенді келін атандыруға енелер де тырысқан. 


25 
Сурет 3 – Қазақтың келін тәрбиесінің ҥлгісі 
Енесі жеңгелері жаңа тҥскен келінге айтатын кҥйеуіңнен басқа ер адамдарға, қолыңның ҧшынан басқа денеңді кӛрсетпе, жалаң бас, 
жалаң аяқ жҥрме, еркектің жолын кесіп ӛтпе, ҥлкендер отырған ҥйге баса кӛктеп кірме т.б. ӛсиеттердің бәрі ӛнеге тәлім-тәрбие. Ежелгі ел 
дәстҥрі бойынша келін алдымен, тҥскен жерінің ҥлкен – кішісіне, еркек – әйеліне ӛзінше ат қояды. Мысалы, «еркем, кішкене қайным» деп 
қайныларына қойса, ол аттардың қисынды, тапқырлыкпен қойылуы жас келінге сын болған. Бҧл жас келінді әдептіліке баулудың бастамасы 
болып саналған. 
Келіннің қолынан шай ішу, дәм тату, сол арқылы оның аспазшылық, ҧқыптылық ӛнерін мақтау да ежелгі ел дәстҥрі. Бәленше 
келіннің берген шайы, ас ҧстауы қандай тамаша деп тандай қағып мадақгаған. Келіні 1,5-2 жыл бойы ҥлкен сында болған. Сыннан сҥрінбей 
ӛтіп, жақсы атаққа ие болған келіндер тҧңғыш баласын туған соң, енесі «шырағым, сен енді ана болдың, балалықтан қол ҥздің, сыннан 
сҥрінбей ӛттің» дегендей ишарат білдіріп, келінді сәлем етуден, босағада отырудан босатқан. Осы кӛзден кейін ғана шын мәнісінде келін 
мен ене арасында сыйластық, жарасымдылық орнаған. Әйел қандай биік дәрежелі жҧмыс істемесін, қайда болмасын оның ең басты міндеті 
– ӛмірге ҧрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Кӛп жағдайда отбасының беріктігі әйелге байланысты. Әйел сабырлығы, кешірімділігі, 
сыпайылығымен т.с.с. жақсы қасиеттермен ҥй-ішіне береке әкеп, шаңырақ бақытын орната алады. 
Халыктың ауыз-әдебиетінде жас әйелдің тӛзімділігін, шыдамдылығын суреттейтін мынадай аңыз бар: 
«Ертеде бір шаруа кісі жалғыз баласына ӛзі тендес біреудің қызын алып береді. Той тарқаған соң 2-3 кҥннен кейін жас келін ӛзінің 
отауында қыздармен сӛйлесіп отырып қатты кҥледі. Сол кезде атасы, сыртта дәрет алып отыр екен, келіннің қатты кҥлгенін ерсі кӛріп: 
«Осыншама саңқылдап кҥлген қандай кӛргенсіздің баласы екен» депті. Бҧл сӛз жас келінге ӛте ауыр тиеді де, сол кҥннен бастап ол 
сӛйлемей қояды. Кешке кҥйеуі келіп, тіл қатса сӛйлемейді. «Баласы, келініңізге бір нәрсенің салқыны тиген бе қалай, тілі байланып 
қалыпты» дейді. Бҧл сӛзді естіп атасы ӛз еліндегі бақсы-балгерлердің бәріне емдетеді. Бірақ келінге ешқандай ем қонбайды. Келін ата-
енесін жақсы кҥтетін болған соң, оны тастауға қимай әкесі баласына тоқал алуға рҧқсатын береді. Жаңа келген келін арбадан тҥспей жатып: 
- Келіншектің ҥйін ілгері тігіңдер деп отауын тігіп жатқандарға бҧйыра сӛйлейді. 
Сонда жігіттің бірінші әйелі шығып: 
Келін, келін, келін-ай, 
Келмей жатып, сӛзге бақ, 
Мен келгелі жеті жыл, 
Сейлегенім бҥгін-ақ, – депті. 
Бҧрынғы келіннің сӛйлеп кеткенін естіген атасы ақсарбас айтып: «Ойбай балам, ана сампылдаған тоқалынды қҧрт, ақ келінімнің 
садағасы кетсін!» – деп жаңа келген келінді отауын да тіктірместен, тӛркініне апарып тастайды. 
Ҥйінен келіншектің жеті жылдай сӛйлемей қойған себебін естігенде: «Аһ, сақалдыдан кеткен ағаттық, сайтанға болат тояттық!» – 
депті атасы. 
Міне бҧл ҥлкен кісінің аңдамай айтқан бір ауыз сӛзі жас адамның жҥрегіне қандай ауыр жара салғанын кӛрсетеді. 
Әрине, ҥлкеннің ҥлкендігі, кішінің кішілігі болуға тиіс. Ҥлкен адам ӛз балаларына жамандық ойламайды, тек кейде ашуланып қатты 
айтуы мҥмкін. Жастар кішілік жасап, ҥлкеннің ондай ашуланып, қатты айтқанын кӛтеруге тиіс. 
Қазіргі кезде, яғни егемендік алып, тәуелсіздікке қолымыз жетіп, еліміздің мәдениетіне, салт-дәстҥріне қайта оралдық. Еліміздің 
«ҧлттық тәрбиеге» деген кӛзқарасы қалыптаса бастады. Ата-енелердің келін тәрбиесіне деген кӛзқарастары да ӛзгерді. Мысалы, бірнеше 
жыл бҧрын тҥскен келінге: «Балам от ӛте қауіпті, шашыңа тисе кҥйіп қалуың мҥмкін» десе, тҥсінген келінге бҧдан артық тәрбие бола ма? 
Менімше, орамал тарту – ол жас келіннің мәдениетін, тазалығын байқатады. 
Халқымыздың келін тәрбиесінде жат бола бастаған дәстҥрінің бірі ат қою. Бір кҥні кӛшеде есімі Аман деген кісі келе жатыпты, 
алдынан қарама-қарсы ӛткен келін: «Амансыз ба?» – деп сәлемдесіпті, сонда әлгі кісі: «Иә, деп, сол Аман мен боламын» деген екен. Сол 
сияқты ҥлкен кісілердің аттарын тергеу немесе «қайын аға», «қайын сіңілі», «қайын інілерге» ат қоюдың еш бір артығы болмас деп, «аға» 
деген сӛзді жанамалап сәндеп қояды. Ол ат қойғанға жатпайды. Мысалы, қайнағам бар, ӛзі ақ кӛңіл, ӛзі мырза, ол кісіні: «Мырза аға» 
деймін, қайын інім бар «ҥйдің кенжесі», қайын інімді «кенже бала» деймін, қайын сіңілімді «ақылдас» деймін, себебі екеуміздің 
сырымызда, мҧңымызда бір. Ат қою адамдардың, яғни жас келіннің ат қоюы силастығын, қарым-қатынасын арттырады. 
Сонымен, келін – ҥйдің сәні, отбасында татулықтың, силастықтың, кішіпейілдіктің, ынтымақтың, бірліктің бастаушы ҧйытқысы. 
Сондыктан келінді жаңа отбасында ол келген кҥннен бастап, оны жас баладай тәрбиелеу қажет: «Келінді бастан, баланы жастан» – деген 
даналық осыдан шыққан.
Халқымыздың салт-дәстҥрі арқылы тәрбиеленген келін тәрбиелі әйел болып, ал ондай әйел отбасының шамшырағы, бағы, сәулесі, 
еркектің берік қамалы болары һақ. 
Кҥнделікті ӛмірдегі тірлішік барысын байқай отырып, «Алла тағала әйелді еркектің қабырғасынан жаратқан» деген сӛзге еріксіз бас 
ҧрасың. Бҧл да жаратылыстың қҧдіреті шығар. Әрине, әйелді де, еркекті де тәңір жаратып отырғандықтан да екеуінің де қоғамдағы алатын 
орны мен рӛлі, кҥнделікті тіршілікте атқаратын қызметтері ҥйлесіп, бір-бірімен заңды тҥрде байланысып жатады.
Қазақтың 
келін 
тәрбиесі 
Қҧда тҥсу дәстҥрі 
Келін тҥсіру дәстҥрі
Беташар тойын жасау 
дәстҥрі
Келінді отбасында 
тәрбиелеу дәстҥрі


26 
Елімізде әйелдерге арнап ӛлең-жыр жазбаған, әйелдің бейнесін сҧлулап бейнелемеген сӛз шеберлері кемде-кем болар. Адамзат 
ӛмірінде еркектер бҧтақ болса, әйелдер оның гҥлі, жапырағы іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышҧлы жапырағы жоқ, гҥлсіз ағашты 
«қубас» деп атаған екен. Ендеше, ер азамат ағашқа, әйел ана жапырақ пен гҥлге тең болса, біз яғни, балалары соның бҧтақтарымыз. 
Бауыржан атамыз тағы бір сӛзінде «әйелсіз адам баласы кҥн кӛре алмайды, әйел-ана, әйел-бақыт, әйел-аққу» деген екен . 
Жоғары да айтып ӛткендей тек Бауыржан Момышҧлы ғана емес, жалпы әйелдер жайлы жазылған жырлар, аңыз әңгімелер, әсерлі 
романдар жетерлік. Бір қызығы бәрінің шығармалары бір-біріне ӛте ҧқсас болып келеді. Бәрі де ӛз арманындағы әйел жайлы сыр шертеді. 
Мәселен, ақын Мҧхтар Шахановтың : 
Әйел – еркек намысының қорғаны 
Нағыз сҧлу әйел табу – 
Бҥкіл еркек арманы, –
деген ӛлең жолдары осының дәлелі десек те болады. 
Негізі әңгіменің осы бір мағынасы әріден бастау алғанын ата-бабаларымыздың «жақсы әйел жаман еркекті адам етеді» деген нақыл 
сӛзінен-ақ байқауымызға болады. 
Алайда, осы тҧста қыздарымыздың қҧлағына алтын сырға. «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады» деген де бар емес 
пе?! 
Жай ғана мысал келтіре кетейік. Мәселен, соңғы жылдары абысын-ажынды болып бірге, бір шаңырақ астында ғҧмыр кешіп жатқан 
жанҧя жоқтың қасы. Әрине, ол менің білуімше, балалық шағы мен бойдақ кезінде бірге тҧрып келген ер жігіттердің кінәсі емес, олардың 
таңдаған ӛмірлік серігі, яғни, әйелдерінің себебі болуы керек. Кӛп жерде қыздарымыз «абысын тату болса, ас кӛп деген» нақыл сӛзге аса 
мән бере бермейтін сияқты. 
Бауыржан Момышҧлы ӛзінің тағы бір сӛзінде «әйелдің бойында ҥш асыл қасиет болса, ол ақылды әйел» деген екен. Оның бірі 
балаға дҧрыс тәрбие беру болса, екіншісі келген қонақты дастархан жая, ақ кӛңілмен қарсы алу, ҥшіншісі кҥйеуін сыйлай білу. 
Жасыратыны жоқ қазіргі кезде ондай қасиеті бар әйелдер азайып барады. Бҧған қарап, әйелді бас сала кіналауға да болмайды. Оған 
тіршілік қамының ӛзгеруі де әсер етуде. Кҥн кӛрістің қамымен әйелдер еркектің ісін атқаруда. Сол бір кӛлденең жабысқан жағымсыз 
қылыққа «жҥгі жеңіл есек жатаған болады» дегендей еркектер де бойалдыра бастады. 
Бҧл әңгіме әйелдердің ӛз орнын білуі жайлы болса, тағы бір кӛңіл тоймайтыны қыздарымыз бен әйелдеріміздің киім-киіс, жҥріс-
тҧрысы да ӛзгеріп кетті. Оған себеп кҥнделікті теледидардан кӛрсетіліп жатқан парнографиялық сериалдар, қатын-еркегі аралас бірін-бірі 
аяусыз тӛмпештеп ӛлімші халге душар етіп жатқан боевиктер мен газет-журналдардағы еуропаға еліктеп жазылатын сапасыз, тәрбиелік 
мәні жоқ мақалалар. 
Дҧрыс-ақ, сәнділікке, бой әдемілігіне мән беру керек. Алайда, қазақтың ӛзіне тән киім киісі, қонақты кутуі, ҥлкенді сыйлап, кішіге 
ізет кӛрсетуі, ер азаматқа деген ілтипаты мен дәстҥрі бар емеспе? Неге біз оны еуропадан ҥйренуіміз керек? Кейде, кҥйеулеріміздің «неге 
олай киіндің, неге бҧлай бояндың» деген сӛздеріне реніш білдіріп, кейіп жатамыз. Ондайда, әйелдер ӛздерімізге не жарасатынын білмей, 
әркімге еліктегіш екенімізді ҧмытып кетеміз. Осы мақсатта, қыз-келіншектерге «жақсыдан ҥйрен, жаманнан жирен» деген асыл да нақыл 
сӛз мәңгілік естеріңізде болсын дегім келеді. 
Кім біледі, тҧрмыс-тіршіліктің тауқыметі ме, жоқ әлде тәрбие жҧмысына аз кӛңіл бӛлуіміздің әсерінен бе, әйтеуір әйелдеріміз бен 
қыздарымыз әрқилы жолға тҥсіп барады. 
Әрине бҧдан, қазақтың әйелдері әдепсіз деуге болмайды. Айталық, кешегі қиын-қыстау кезеңді басынан ӛткерген ардақты 
әжелеріміз бен апаларымыз қазіргі кыз-келіншектерге жақсы әдет, тамаша тәлім-тәрбие, кереметтей ҥлгі-ӛнеге болды емес пе?! 
«Әйел ҥйдің шамшырағы, бағы, сәулесі, еркектің берік қамалы», – деп те тегін айтылмаса керекті. Қазақ халқының басынан қандай 
қиындық ӛтпесе де әйелдер ӛз отауын, жанҧясын тастап кетпеген. Керек болса, жауға қарсы бҧрымын дулығаның астына орап, ерлерімен 
бірдей тҧра білген. Аңыздарға сҥйенетін болсақ, Домалақ анамызды абысындарының азғыруымен Бәйдібек бабамыз жҧртқа тастап 
кеткенде де, ол кісі еріне деген сыйластық сезімін жоғалтпай малын ӛсіріп, балаларына дҧрыс тәрбие беріп, әкесіне деген сҥйіспеншілік 
сезімдерін арттыра тҥскен. 
Ал Отан соғысына кеткен кҥйеулерін пір тҧтып, ӛмір бойы кҥтіп, шаңырағының отын сӛндірмей отырған апаларамыздың ҥлгісін 
неге алмасқа. Одан әріге барсақ, 37 жылғы халық жауларының әйелдері тҥрмелерде жҥріп, талай қулық, сҧмдық, сҧрқиялық, сатқындық пен 
арамдықты кӛрсе де, ӛз ерлерінің туын биікке кӛтере білуі ӛткір ӛнеге емес пе?! 
Әйел қауымы қайғы болса, шын жҥректен қайғыра алады, қуаныш болса бар ықыласымен қуанады. Адам кӛңілінің айнасындай ғой 
әйел. Ендеше, әйелді де әрдайым бәріне бірдей кінәлі ете бермей, бір мезгіл Бауыржан Момышҧлының мына бір : 
«Әйел деген гҥл сияқты нәзік болады. Оны аялап, әлпештеу керек. Әйелді еркелет, ол сенің жҧбайың. Әйелді сӛзбен жықпай, 
таяқпен жығу әр жаман еркектің қолынан келеді. Әйелді қорлаған еркекті ӛмір ӛкінішсіз жібермейді. Ӛйткені, әйел – ӛмірдің анасы, ал асыл 
перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Ӛйткені әйел – киелі халық. Оның киесі ӛзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді» деген қасиетті 
сӛздеріне ҥлкен мән беріп, әйел затының сезімін бағалай білу ер азаматтар ҥшін ҥлкен парыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет