14
және «Елім-ай» бағдарламасы. Эстетикалық тәрбиені дамытуда халықтық музыкалық шығармашылық елеулі рӛл атқарғаны және әлі де
атқара беретіні даусыз.
М.Х.Балтабаевтың жҧмысында халықтық музыкалық шығармашылығы жоғары оқу орындарындағы
вокалды-аспаптық ансамбльге
қатысушыларға кӛркемдік-эстетикалық тәрбие беру қҧралы ретінде қарастырылып, білімгер жастарды тәрбиелеудегі халықтық-музыкалық
шығармашылықтың рӛлі мен орны белгіленеді, оның ӛзіндік ерекшеліктері анықталып, Қазақстан жоғары
оқу орындарының музыка
бӛлімдерін ҧйымдастырудың толып жатқан проблемаларын кешенді тҥрде шешу жолдары кӛрсетіліп, олар жергілікті жерлердегі
кӛркемӛнерпаздар ҧжымдарының білікті жетекшілерін даярлау мен қайта даярлау мәселесін шешу және халықтық музыкалық
шығармашылықтың потенциалдық мҥмкіндіктерін жан-жақты пайдалану ҥшін негіз ретінде қарастырылды.
Р.Дҥйсембінова ӛз еңбегінде қазақтың халық әндерінің тәрбиелік мҥмкіндіктері
мен ерекшеліктеріне тоқталады, белгілі ғалым –
зерттеушілердің ән-жырлар бойынша жасаған жіктеулеріне талдау жасай келіп, солардың негізінде педагогикалық жіктеуді ҧсынады. Автор
ӛзінің еңбегінде тиімді әдіс-тәсілдерді, формаларды пайдалана отырып,
қазақ әндері, сол сияқты балалардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып «Қазақ халқының ән және әншілік ӛнері» факультативтік курсы бағдарламасын, халық әндерін пайдалану жӛнінде
әдістемелік
нҧсқаулар мен хрестоматия жасаған.
Балалар мен жастардың әсемдікке, сҧлулыққа деген кӛзқарасын қалыптастыруда Абай ӛлеңдерінің рӛлі ерекше. «Қуатты ойдан бас
қҧрап, еркеленіп шығар сӛз» деп ҧлы ақынның ӛзі айтқанындай, оның ӛлеңдері туған жердің сҧлу табиғаты, қазақ ауылының кӛріністері,
адамдардың кӛңіл- кҥйі сан алуан сезімдерімен ҧласып музыка ҥніндей естіледі. Мҧндай суреттемелер «Жаз», «Кҥз», «Жазғытҧрым»,
«Желсіз тҥнде жарық ай» т.б. ӛлеңдерінде ерекше әсерлі кӛрсетілген. Абай қазақ ауылының кӛшіп-қонған кӛрінісін «Жаз» деген ӛлеңінде
былай деп шебер суреттейді.
М.Жҧмабаев сҧлулық сезімдері жайындағы ғылыми ҧғымдарды да бір қырынан ашып, ӛнер адамына тән ӛрнекті сезімдерді
тәптіштеп тҥсіндіреді. М.Жҧмабаевтың «Педагогика» кітабындағы педагогикалық ойлардың негізгі арқауы «адам баласын, әсіресе жанын
тәрбие қылу керек деп ҧғу керек... Дҥниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып,
басқалардың жан сырын ҧға алады.
Ата- ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жҧмсақ болса, бала да жҧмсақ... Сондықтан баланың
маңындағы адам дҧрыс мінезді болуы керек »т.б. деген ҧлағатты ойларға саяды.
Достарыңызбен бөлісу: