Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты л. Н. Ибраимова


ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ТӘРБИЕСІ



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата08.04.2024
өлшемі0,78 Mb.
#200601
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
ibraimova-etnopedagogika (1)
ibraimova-etnopedagogika (1)
10.ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ТӘРБИЕСІ
 
Халық педагогикасының алдына қойған мақсатының бірі – ел арасына кеңінен тараған табиғат қорғауға байланысты халық 
дәстҥрлерін педагогикалық тҧрғыдан жан-жақты зерттеп, жҥйеге келтіріп, жас ҧрпақ тәрбиесінде пайдалану. Ҧрпақты туған жерін, ӛскен 
елін жанындай сҥйетін, ӛлкенің келешегі ҥшін аянбай, тер тӛгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде халық арасына кең тараған 
табиғат қорғау дәстҥрлерінің маңызы зор.
Заманына байланысты экономикалық, тҧрмыс-ахуалдық қалыптың бҧзылуы жеке тҧлғаның ой-санасына, мінезіне әсер етеді. 
«Заманға жаман кҥйлемек, жаманды заман билемек, заманнан жаман кҥйремек» (Абай ) деп халық философиялық тҧжырыммен табиғатты 
қорғауды, экологиялық келеңсіз жағдайға қарсы ҧрпағын жамандықпен аянбай кҥресу керек екендігін уағыздайды. 
Қазақ халқы «Табиғат» деген ҧғымды ӛте кең және терең тҥсінген. Халық ҧғымында: «Табиғат – «туған жер», «ӛскен ел», 
«атамекен», «Жер-Ана», «аяулы ӛлке», «ауылым» деген адам жҥрегіне ӛте жылы естілетін керемет сӛздермен кең мағынада айтылады. 
Белгілі жазушы, әрі ғалым Ақселеу Сейдімбеков ӛз шығармаларында халқымыз бен табиғат арасындағы ҥндестікті, бірлікті
сабақтастықты ерекше атап кӛрсеткен. «Кӛшпелі ӛмір салты табиғи географиялық дара бітімдегі биосфераға бірден-бір ҥйлесетінді. Ата-
бабамыз туған жеріне кіндік қанын ғана емес, қажет болса жҥрек қанын да тӛге білген» – деп, жазушы табиғат пен халқымыз арасындағы 
ӛзара байланысты жоғары бағалаған. 
Қазақ халқының табиғатқа деген сҥйіспеншілігі сонау ерте кезден басталған. 
1. Халық ҧғымындағы ертеден келе жатқан сӛздер: «киелі», «қасиетті», «обал», «киелі жер», «сауабы тиеді», «табиғатқа қиянат 
жасама» деген ҧғымдар. 
Киелі қасиетті кітап «Қҧрандағы» аяттар 143 табиғатты таза сақтауға, ҥнемді пайдалануға арналған. Мысалы:
а) шариғат жолында дәрет алғанның ӛзінде суды артық жҧмсауға тиым салған; 
б) нанның ҧсағын басуға тыйым салған. (Мҧхаммед пайғамбар тҥскен нанның ҧсағын таба алмай, ол аяққа басылмасын деп оған 
қорған тҧрғызған). 
в) зияны тимесе жан-жануарлар мен жәндіктерді ӛлтіру кҥнә деп есептеген. Сҥлеймен пайғамбар жолында кездескен қҧмырсқа 
илеуін баспай айналып ӛткен. 
г) халқымыздың «бҧлақ кӛрсең кӛзін аш», «бір кҥн отырсаңда ағаш ек», жерді шҧқыма, «суды тӛкпе», аққуды атпа, кҥлді шашпа 
деген ӛсиеттері соған дәлел. Сонау ерте кезден-ақ табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана сезімін тәрбиелеудің сарқылмас қайнар кӛзі 
екендігін кӛре білді. Олар ӛздерінің педагогикалық идеяларында табиғатқа жауапкершілікпен қараудың, жеке адамның адамгершілік 
қатынасын қалыптастырудың маңызына ерекше мән берді.С. Рубинштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты 
бӛліктерінің бірі қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-қҧлық нормаларын қалыптастыру екенін 
кӛрсете отырып,... басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы 
адамның ғана қолынан келуі мҥмкін, ал ол дегеніміз - дҥниеге, ӛмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам» дейді. 
Атақты педагог В.А.Сухомлинский бала жанына табиғаттың жақын екендігін және олардың сан алуан табиғат сырына қҧштар 
екендігін байқаған әрі табиғат арқылы тәрбиелеу оның педагогикалық жҧмысының негізі болған. Ол «табиғаттың әдемілігі адам жанының 
тазалығын тәрбиелеуде ҥлкен орын алады» деп, атап кӛрсеткен. 
Қазақ халқында табиғатты сҥйіп, қорғау туралы тҥрлі мақал-мәтелдер, ауыз-әңгімелер, тағлымы мол салиқалы сӛздер, даналық 
нақыл ойлар, ӛрелі ӛнегелі ӛсиеттер айтылып, ата-ана арқылы балаға, ҧрпақтан-ҧрпаққа беріліп отырған. 
Табиғатпен біте қайнасып, аспан астында ӛмір сҥрген халқымыздың табиғатты қорғау дәстҥрі де оған байланысты тудырған 
даналық сӛздері де жас ҧрпақты еңбекке даярлаудың тәсілі. Ӛз асыраушысы, анасы деп ҧғынған ата-бабамыз – табиғатты ерекше 
қастерлеген. Тіпті ата кәсібіне орай жаз жайлауын, қыс қыстауын белгілеп, ҥнемді тәртіппен пайдаланған. «Жаман қойшы жайлауын бір 
кҥн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың кҥн жейді», «Жол ҥстінде тас жатса, алып таста», «Жеті кҥн жауған жаңбырдан желіп ӛткен су 
артық» т.б. Халық арасындағы туған жер туралы әндер мен кҥйлер ӛнер адамдарының, ӛнерпаз халқымыздың туған жерді аялай біліп
ардақтай сҥйетінін дәлелдейді.
Табиғатты аялап, оның қызығын кӛре білген халқымыз табиғат заңдылықтары мен оның сиқырлы сырларын да жақсы білген. Халық 
арасындағы туған жер туралы әндер мен кҥйлер ӛнер адамдарының, ӛнерпаз халқымыздың туған жерді аялай біліп, ардақтай сҥйетінін 
дәлелдейді. Қазақ композиторларының кҥйлері мен әндері «Сарыарқа», «Сарыжайлау», «Атамекен», «Алатау» т.б. туған жеріміздің тамаша 
табиғатын әсерлі суреттеп, жанымызды жадыратады 
Қазақ халқында ауа тазалығын сақтауға байланысты дәстҥрлер кең таралған. Қазақ халқының арасында «Таза ауа – дертке дауа», 
деген нақыл сӛз бар. Ауа тазалығын сақтау дәстҥрлері халықтың денсаулығының кепілі. Халықтың дәстҥрлі тҥрде ауа тазалығын сақтауға 
қосатын ҥлесі - кҥнделікті қарапайым еңбек. Олар кҥнделікті жыл маусымының әр кезеңінде, таңертең мен кешқҧрым ауласына су сеуіп 
сыпырып, жиналған қалдықтарды арнайы қазылған шҧңқырға тастап, лас суды сол шҧңқырға тӛгіп, осы шҧңқырды дәрі-дәрмекпен ӛңдеп 
тҧруы. Барлық ҧлы жҧмыс, қарапайым қадамнан басталады.Әлем кеңістігін, аспанды, ауаны аялау - қазақ халқының қанына сіңген, ӛмір 
бойы ӛзімен бірге келе жатқан асыл дәстҥрі. Қазақ халқы табиғатпен ҥйлесімді ӛмір сҥру барысында табиғаттың теңдесі жоқ қоры - жасыл 
ӛсімдіктердің сырын білуге тырысқан. Жасыл желектерді ары мен жанындай қадірлеген. Оның дәлелі ретінде ел ішінде кең тараған: «Кӛкті 
жҧлма - кӛктей соласың» дейтін тыйым салу тҥріндегі даналық сӛзі еріксіз еске тҥседі. «Кӛкті жҧлма», – деп, жалпы жасыл ӛсімдіктерді 


15 
қажетсіз жҧлмау, ағаштарды есепсіз кеспеу керектігін тҥсіндіреді. Жер бетіндегі жасыл ӛсімдіксіз табиғаттың дамуы, жануарлар 
дҥниесінің, адам баласының ӛмір сҥруі мҥмкін емес.Жасыл ӛсімдікті аялау жайындағы халық дәстҥрлерінің мән-мағынасы осы. 
Қазақ халқына тумасынан жақын –– жануарлар дҥниесі. Халық оның кейбір тҥрлерін ӛте ертеден қолға ҥйретіп, ӛнімдерін 
пайдалана білген. Тӛрт тҥлік мал және оның пайдасы жайлы мақал-мәтелдер туғызған. Халық дәстҥрінде буаз малды бауыздау немесе буаз 
аңдарды ату ҥлкен қылмыс болып саналған. Ҥкі, қаршыға, қырғи, ителгі, шҥпек, бҥркіт сияқты қҧстарды қолда асырап, аңшылық кәсіпке 
пайдаланған. Олардың қҧрып кетпеуіне қамқорлық жасаған. Мәселен, адам мен қҧстар арасындағы достық жайлы мына аңызды мысал 
ретінде келтіріп кетейік. «Жоңғар жаугершілігі кезінде қазақ елін, жерін тастап, жан-жаққа бас сауғалап кӛшкені белгілі. Сонда атақты 
Тӛле би жҧртта жалғыз ҥй қалып қойыпты. Ӛктем жау тепсініп келіп, бидің ордасына ойран салмақ болады. Сонда Тӛле би тҧрып:
- Ей, пенделер, шаңырағыма қарлығаш ҧя салып еді, сол ҧяда қызылшақа балапандары жатыр, әлі ӛз беттерімен ҧша алмайды. Мен 
ҥйімді жықсам олардың ҧясы бҧзылады. Сондықтан обалдарына қалмайын деп кӛшпей отырмын. Адам болсаңдар соны аяңдар, онан соң 
ойраныңды сала бер!» – дейді. 
Бҧны есітіп таң қалған және мҧншама адамгершілікке риза болған қолбасшы, Тӛле бидің ҥйіне соқтықпаған кӛрінеді» . Адамға ең 
жақын әрі халықтың ең сҥйікті қҧсы – қарлығаш. Оңың да адамға сенгендігі сонша, кӛпшілігі ҧяларын ҥйге салады. Олардың емін-еркін 
кіріп шығуына ҥйдің терезелерін, есігін ашып қою, балапандарын мысық, жылан сияқты қауіптерден қҧтқарып отыру – халықтың ежелден 
келе жатқан дәстҥрі. 
Республикамыздың оңтҥстік облыстарында наурыз айында ҧшып келетін нәуірзек қҧсының келуін ерекше қарсы алған. Нәурізекті – 
жыл басы, қӛқтем хабаршысы, жақсылықтың нышаны деп қҧрметтейді. Оларға жем шашады. Қҧстың келу қҧрметіне арнап бҥкіл ауыл 
болып наурыз кӛже істейді. Бҧл мереке қҥні жҧртшылық бір-біріне жаңа жылының жемісті, молшылық, мамыршылық жыл болуына тілек 
білдіріседі. 
Халық басқа да ҥкі, қаршыға, қырғи, ителгі, шҥпек, бҥркіт сияқты қҧстарды қолда асырап, аңшылық кәсіпке пайдаланған. Олардың 
қҧрып кетпеуіне қамқорлық жасаған. Қыс – қҧстар ҥшін қатал сын. Суық кҥн, тамақтық жемнің аз болуы – қҧстарды кӛп шығынға 
ҧшыратады.Халық қанатты достарына бҧндай қиын-қыстау кезеңде ӛз жәрдемін аямаған. Тіпті халық біреуге ізгі ниет білдіргенде: ӛркенің 
ӛссін, кӛсегең кӛгерсін деуі, немесе ӛз сҥйіспеншілігін білдіргенде: ботам, шынарым, бҧлбҧлым, сҧңқарым, қҧлыным деп табиғатта ӛзі 
сҥйетін қҧбылысқа немесе затқа байланыстыра айтуының ӛзі халықтың табиғатқа шексіз сҥйіспеншілігінен шыққан теңеулер. 
Халық ӛз жерін қорғай отырып, оны ӛз шаруашылығына тиімді пайдалана білген. Малдың жаз жайлауын, қыс қыстауын белгілеп, 
белгілі тәртіппен белгілеген. Ал, жайылымды және оның шӛбін ҧқыпты пайдалана білмегендерді: «Жайлауды жайлай білмеген, малды 
айдай білмейді», «Жаман қойшы жайлауын бір кҥн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың кҥн жейді» деп сынаса, «Қыс қыстауынды, жаз 
жайлауында кҥт» деп ақыл айтып, жайлауды кҥтіп ҧстауға баулыған. 
Табиғат қорғау – ӛз алдына жеке іс, дара мақсат емес. Табиғат қорғау – Отанды қорғау, адамды қорғау. Оның қазіргісі мен 
келешегін қорғау, ӛзімізден кейінгі ҧрпақтардың ӛміріне қамқорлық жасау болып табылады. Табиғат қорғау ісінде ӛз халқымыздың 
бойына қалыптасқан озат дәстҥрлерінен ҥлгі ала отырып игі істер істеу, дәстҥрімізді одан ары жалғастыру – біздің асыл борышымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет