Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты л. Н. Ибраимова


 ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ДЕНЕ ЖӘНЕ ГИГИЕНАЛЫҚ ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата08.04.2024
өлшемі0,78 Mb.
#200601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ibraimova-etnopedagogika (1)
ibraimova-etnopedagogika (1)
 
5. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ДЕНЕ ЖӘНЕ ГИГИЕНАЛЫҚ ТӘРБИЕ 
 
 
Дене тәрбиесінің ҧлттық кӛрінісі негізінен адамға қажетті еңбек және ҧлттық ойын тҥрлерінде қалыптасқан. Мысалы, қазақ 
балалары аттың жалында, атанның қомында ӛскен. Олар аттың қҧлағында ойнаған, мал баққан, егін салған, садақ тартып, мергендік еткен, 
аң аулаған, жарысып, шабандоз болған, ҧлттық ойындар ойнаған.
Қазақ балалары осындай мәнді-мағыналы, қажетті еңбек және ҧлттық ойындар тҥрлерін игеру әрекеті арқасында дені сау, бойы 
биік, ер тҧлғалы, шыныққан, мықты, икемді, дене бітімі қалыптасқан, яғни, дене жағынан жан-жақты жетілген азаматтар болып ӛскен. 
Халықтық педагогиканың тҥрлі қырларын сӛз еткенімізде дене тәрбиесі туралы айрықша тоқталудың ӛзіндік себебі бар. Ӛйткені, 
адам баласы ең алғаш дҥниеге келген кҥннен бастап алдымен дене тәрбиесі қолға алынған. 
«Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Мҧнан біз жан тәрбиесінің ӛзі тән тәрбиесінен бастау алатын процесс екендігін кӛре 
аламыз. Қай кезде де ҧрпағының аман-сау, дене кҥші мығым азамат болып ӛсуін армандаған халық нәресте жаңа дҥние есігін ашқан сәттен 
алақанға салып, ең алдымен дене кҥтіміне кӛңіл бӛлген. 
Дене тәрбиесі туралы айтқанда қазақ халқының, әсіресе қыз баланың дене сымбаттылығына, оның кӛрікті болуына айрықша кӛңіл 
бӛлгендігін кӛреміз. «Аттың кӛркі -жал, қыздың кӛркі - шаш» деп ҧққан аналар қыз баланың шашының кҥтіміне, оның әдемі де жақсы 
болып ӛсуі ҥшін айранмен, ірімшіктің сары суымен жудырған. «қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» екіншіден, халық. 
Дене тәрбиесіне ерекше кӛңіл бӛліп, материалдық игіліктерді ӛндіруде оның маңызын ерекше тҥсінген қазақ халқы «Денсаулық – 
зор байлық» деп ой топшылаған. Бірінші байлық денсаулық деп, денсаулықтың болуына баға жетпес байлыққа теңеп, ҧрпағына ескерткен. 
Қазақ халқы ӛмір сҥру тарихында ауру-сырқаумен халықтық ем-дом арқылы кҥрескен. Халықтық медицина тәжірибесіне сҥйенген ата-ана 
бала ауырса халықтық емдерді қолданған. Тіс ауырса меңдуана басқан, іш ауырып, салқын тисе қойдың тҧздалмаған қҧрық майымен 
сылаған.
Ал, дене тәрбиесінің қҧралдарына келсек, халықтық рәсім, наным – сенімдер, ырымдардағы жан-тән тазалығы, дене тәрбиесінен 
кӛрініс береді. Мысалы, бесікке салу, сҥндетке отырғызу т.б. 
Қазақ халқының рухани мҧраларының бӛлінбес бӛлшегі ретінде ҧрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын тәрбие қҧралының бірі – 
дін, діни ілімдер. Мҧсылмандық 5 парызды ӛтеудегі намаз оқыған адам кҥніне 5 рет жуынып, дәрет алады. Бҧл ең бірінші – дене тазалығы, 
екіншіден – рухани тазару. Намаз оқу кезіндегі денені тік ҧстау тҧлға бітімінің сымбатты қалыптасуына, ал намаз сӛздерін анық, таза айту 



сӛйлеу мәдениетінің дамуына септігін тигізеді. Жалпы дін, діни ілімдер жас жеткіншектердің физиологиялық – гигиеналық тҧрғыда ӛсіп-
жетілуіне әсер етумен бірге, ата-баба дәстҥріне аялы кӛзқарасын тәрбиелейді.
Қазақ халқы баланы жастайынан дені сау азамат болып ӛсуін тілеген. Жаңа туған нәрестені қалай кҥту жӛнінде енелері келіндеріне 
ақыл-кеңес беруі; сәбиді тҧзды сумен шомылдыруы; денесін маймен сылауы; қол-аяғын созып, «ӛс, ӛс» буындарын бекітуі; шала туған 
баланы тҥлкі тҧмаққа салып асырауы; оған бие сҥтін беруі; қойдың қҧйрығын нәрестеге сорғызуы – сол қамқорлықтың айғағы.
 
Денсаулық 
сақтауға ерекше кӛңіл бӛліп, оның негізі тамақ екенін тҥсінген халық «Денсаулық кепілі - ас» деп, ас болса ауру болмайтынын былай 
тҥсіндірген: 
Ас тҧрған жерде ауру тҧрмас. 
Ас адамның арқауы. 
Ауру астан – деген мақалдар соған дәлел бола алады. 
Дҧрыс тамақтану да денсаулық сақтаудың кепілі, оны сыпайылық, мәдениеттілік деп тҥсінген халық асты аса тойып жеуге, 
қомағайлыққа қарсы болған. Оны былай ескерткен: 
Ертеңгі асты тастама, 
Кешкі асқа қарама. 
Жарты қҧрсақ пайда. 
Алты кҥн аш болсаң да, 
Атаңның әдетін сақта. 
Тамаққа және денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерде ҥнемділікке, қанағаттылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Мысалы, 
Қанағат қарын тойғызады, 
Қанағатсыздық жалғыз атын сойғызады. 
Тарта жесең тай қалар, 
Қоя жесең қой қалар, 
Қоймай жесең нең қалар. 
Адамның ауруы және саулығы тазалыққа байланысты пайда болатынын халық былай тҥсіндірген. 
Қотыр қолдан жҧғады, 
Таз тақиядан жҧғады. 
Кӛзің ауырса, қолыңды тый. 
Тазалық – саулық негізі. 
Саулық – байлық негізі. 
Осылай денсаулық сақтауға шақырған. Қазақтың халықтық медицинасының тәжірибесіне сҥйеніп ата-аналар балаларын тҥрлі 
аурулардан ӛздері жазып отырған.
Баланың тамағы ауырса, жалбызбен шайғызған. 
Баланың тісі ауырса, мендуана басып қойдырған. 
Баланың іші ауырса, сынап ішкізіп қойдырған, немесе іш ауырғанда қойдың қҧйрық майымен сылап қойдырған. 
Баланың аяқ-қолы қақсаса, ерменнің бҧлауына салып жазған. 
Баланың басына қотыр тҥссе, кҥлден жасалған қара сабынмен жуып кетірген. 
Халық емшілері тҥрлі шӛптерден әр-тҥрлі дәрілер жасап оларды ауру-сырқауларды жазуға қолданған. Халықтық медицина қазақ 
халқында кең дамыған. Ол туралы соңғы жылдары бірнеше әдебиеттер жарық кӛрді. Емшілік қабілеттері бар сынықшы тамыршы, 
отамашылар қазақта кӛп болған. Олар тҥрлі аурулардың пайда болуын, оларды жазу жолдарын білген, сондықтан халықтық медицинаны 
ғылыми медицина теріске шығара алмайды, оның жетістіктерін пайдалануы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет