Еңбек - ӛмір тҧтқасы, тіршіліктің кӛзі, еңбексіз ӛмір жоқ екенін, жеке және қоғамдық байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалатынын
Ердің атын еңбек шығарар және т.б. мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбексҥйгіштікке тәрбиелеген.
11
Еңбекке баулу отбасында ӛте ерте басталуы керектігін дана халқымыз былай деп ескерткен. «Ҧлыңа бес жасқа дейін патшадай қара,
15 жасқа дейін қосшыңдай сана, 15 жастан асқан соң досыңдай бағала»-деген мәтел
баланы еркін тәрбиелеудің, кӛмекшім деп ҥмітпен
қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді.
Қазақта баланы жастайынан еңбекке тәрбиелеу отбасынан басталған. Қазақ халқы ҧл бала мен қыз балаға еңбек тәрбиесін беруді
жеке бӛліп жҥргізген.
Ҧлды мал бағуға,
отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып мергендік қҧруға, қолӛнер шеберлігін ҥйренуге,
егін салуға, мал тауып
жанҧяны асырауға әкелері мен аталары ҥйретсе,
қыз балаға сыпыру, тӛсек жинау, ас пісіру, шай қҧю, кесте тігу, тон пішу, ӛрмек тоқу,
кілем тоқу, киіз басу сияқты ҧй жҧмысына аналары мен әжесі ҥйреткен.
Қазақ халқы жастарды еңбекке және кәсіби тәрбиелеуді негізінен мал шаруашылығымен, қолӛнермен байланыстырған. Ӛйткені, мал
– ішер ас, киер киім, мінер кӛлік, тҧтынар зат, ӛтелер борыш – бәрі тӛрт тҥлік мал тӛңірегінде болған. Халық мал терілерінен небір киім-
кешек тігу, тері ӛңдеу әдісін жете меңгерген, мал жҥнінен барлық тҧрмыс жиһазын жасаған.
Халқымыз ағаш ӛңдеу кәсібін де жақсы меңгерген. Барлық ыдыс-аяқ, ер тҧрман, арба-шана, киіз ҥй– бәрін ағаштан жасаған. Метал
ӛңдеу, әсіресе бағалы металдарды: алтын, кҥміс, мыстан тҥрлі қажетті зергерлік бҧйымдар, ыдыс-аяқтар, қатты металдардан қару-жарақтар
жасаған. Қазақ халқының ертедегі кәсіби мамандықтары: қойшы, сиыршы, тҥйеші, жылқышы, ҥйші, тігінші, темірші, саятшы, зергер,
саудагер, т.б.
Баланыңбекке тәрбиелеуде егін шаруашылығыда да ерекше әсер еткен. Сол мақсатта халық сҧлу және нҧрлы жерлерде егіншілікпен
/диханшылықпен/ және бау-бақша ӛсірумен айналысқан, тҥрлі ӛсімдіктер және жеміс-жидектер ӛсірген.
Осы іс-әрекетке баланы жас
кезінен баулыған. Баланы еңбекке тәрбиелеуде ата-ана тҥрлі амал-тәсілдерді, қҧралдар мен әдістерді ҧтымды пайдалануға талпынған. Мал
шаруашылығын кәсіп еткен ата-бабамыз жылқы малын баптап кҥтуге ерекше кӛңіл бӛліп, оны ердің серігі ретінде тіпті ертегі-аңыз
әңгімелердің басты кейіпкері ретінде бейнеленген, оған дәлел Керқҧла атты Кендебай, Аяз би ертегілері мен Қҧлагердің Ақан серінің серігі
болғандығы туралы халық аузындағы айтылатын ертегілердің, аңыз-әңгімелердің мазмҧны т.б.
Табиғатпен біте қайнасып, ашық аспан астында ӛмір сҥрген халқымыздың табиғатты қорғау дәстҥрі де оған байланысты тудырған
даналық сӛздері де жас ҧрпақты еңбекке даярлаудың тәсілі.
Сол секілді ата-бабамыздың ӛз ақ тілегінде «Ӛркенің ӛссін», «Кӛсегең кӛгерсін»
деп тілек айтып, жақсы кӛруін ботам, шам-
шырағым, бҧлбҧлым, қҧлыным деп табиғаттағы ӛзіне сҥйкімді қҧбылыстар мен заттарға теңеуі де осы табиғат анаға деген халықтың шексіз
махаббаты деуге болады.
Әлемнің ғҧлама ғалымы, ҧлы ойшыл Әл-Фарабидің айтуынша «Ізгі және қажетті жҧмыс істеген адам... басқа адамнан жоғары тҧруы
керек». Бабаларымыздың ізгі ойын мҧрат
Достарыңызбен бөлісу: