10
Жҧмбақтың тәрбиелік мәні туралы академик М.Әуезов былай дейді:
«Жҧмбақ – халық шығармаларының ішіндегі ең ескі тҥрінің бірі. Жҧмбақ ӛткір, ҧшқыр ой тҥйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті
кҥшті, тәрбиенің тамаша қҧралы. Ол бҥгінгі біздің дәуірімізде де ӛзінің керектілігін, қасиетін жойған жоқ». Жҧмбақ адам баласы
санасының даму барысында әр алуан ӛмір қҧбылыстарын тҥсініп білуге ойды жетектеу, талпындыру, әсіресе жастардың ой-ӛрісін, қиялын
кеңейтуде кӛздеген мақсаттан туған. Жҧмбақта адам баласының даму барысында әр алуан ӛмір қҧбылыстарын тҥсініп білуге ойды
жетектеу, талпындыру ,әсіресе жастардың ой-ӛрісін, қиялын кеңейтуді кӛздеген мақсаттан туған. Жҧмбақтар қалай және қайда айтылған?
Қазақ халқының әдет-ғҧрпы мен салт-дәстҥрінен туған ойын-сауық кештерінде ӛлең
жырмен айтысу, ән сайысына тҥсу, сӛйтіп
жиналған жҧрттың кӛңіл-кҥйін кӛтеру және жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстҥрі ертеден орын алған. Сол ойын-сауық кештерінде
жастар бір бірімен ән шырқасып, кҥй шертісіп, жҧмбақ және жаңылтпаш айтысып, ӛнер сайысына тҥскен. Бҧрын қазақта кҥйеу таңдаған
дана қыз жігітке жҧмбақ арқылы талап қойып,оны шешуін кҥтіп, сертке кеткен, ақылды,тапқыр жігітке тҧрмысқа шығатын болған. Бертін
келе ақындардың айтысында жҧмбақ айтысы ерекше орын алған. Мысалы, Әсет пен Рысжанның, Ақбала мен Боздақтың айтыстары жҧмбақ
тҥрінде жырланған.
Жҧмбақ айтысы жастардың логикалық ой-ӛрісінің дамуына ерекше әсер еткен және оларды тапқырлыққа тәрбиелеуде ҥлкен роль
атқарған.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда кең тарап, дәстҥрге айналған ақындар айтысының жаңа бір тҥрі пайда болған. Онда бір ақын:
ӛмір, ӛнер-білім, тіршілік, еңбек, кәсіп туралы сҧрақтар береді. Оларға
бір топ ақындар қатынасып,ӛз кӛзқарастарын ӛлеңмен білдіретін
болған. Мысалы, Алты ақынның ӛмір туралы айтысы, «Тоғыз ақын қатынасқан Қаңлы Жҥсіп пен Кете Жҥсіптің айтысы», он ақын
қатысқан Шәкей шал айтысы, Ырысты мен 16 ақынның айтысы т.б.
Сонымен осы ақындар айтысында сӛз болатын ғылыми-білімнің ӛрісі, талап,еңбек, терең ойлылық
мәселелері- жастардың ақыл-
ойын тәрбиелеуге, ғылымды оқып-біліп меңгеруге мезгейтін тәрбиелік мәні терең ӛнер туындысы.
Қазақ балаларының тілін ҧстартудағы тәрбиенің бір кӛзі-жаңылтпаш айтқызу. Жаңылтпаш айтқызудағы мақсат-жастарды
кҥлдіру,кӛңілін кӛтеру, екіншіден-әр сӛзді тез, шебер, дәл айтуға, тіл ҧстартуға ҥйрету. Жаңылтпаш қашан және неге айтылған. Қазақтың
салты бойынша ойын-сауыққа келген жастардың бәрі де ән салып, кҥй шертіп, ӛлең айтуға тиіс. Ал осы ӛнерлерден қҧр алақан жастарға
жаза ретінде ойынды басқарушы адам жаңылтпаш айтқызатын болған.
Шындай шытырмыш,
Ол шытырмышты
Мен шытырмыштамай
Кім шым-шытырмыштайды.
немесе
Ар жақтағы Қҧдияр қҧдам еді,
Ол мені қҧдаламады,
Мен оны қҧдаламадым, - деген сияқты жаңылтпаштардың соңғы екі жолын шатаспай жылдам-жылдам айтып шығу оңай емес.Егер
ол адам жаңылтпаштың әр әрпін, әр сӛзін орамына келтіріп айта алмаса, бҧзып айтса, жҧрт оған кҥледі. Жаза ретінде ӛлең айтқызған, ал
жазаланушы әрбір жас ән-кҥй орындауға міндетті болған. Ал мҧның ӛзі-ӛнерді халықтың қадірлемегенін; жастарды ӛнерлі болдыруға
ерекше кӛңіл бӛлгенінің белгісі.
Жастардың ой-ӛрісін, тапқырлығын тәрбиелеуде ҧлт ойындарының да ролі ерекше болған. Олар оймен келетін ойындар, «Санамақ
ойыны», «Тоғыз қҧмалақ», т.б. Мысалы, «Санамақ» ойынының мәні: бас бармақтан бастап шынашаққа
дейін саусақтардың аттарын
жаңылмай жылдам ататтыру немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай жылдам он қыздың, он баланың, он ақынның,он ӛзеннің аттарын
атау сияқты қҥлдіргі ойындар балаларды тапқырлыққа тәрбиелеудің бастамасы болып саналған. «Ҧшты-ҧшты» ойынының мәні: жанды
заттан жансыз затты тез ажырата білуге баулу.
Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде қазақ халқы ежелден тіл ӛнері мен қол ӛнерін кең пайдаланған. Ол ҥшін шешендік ӛнер мен
шеберлік ӛнерді қатар бірдей бағалай білген.Мысалы,
Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ;
Жігітке ӛлең де ӛнер, ӛнер де ӛнер.
Ӛнер алды қызыл тіл.
Қазақ халқы сӛз ӛнерінде логикалық ойдың кҥшті болғанын және болуын қалаған. Ол ҥшін жігін жатқызып, ебін тауып, дәлелдеп
нақты сӛйлей білуді балаға ҥйретіп отырған.Мысалы,
Сӛз тапқанға қолқа жоқ..
Шешен кісі сӛз айтар ойға салмай,
Шебер кісі тон пішер бойға салмай.
Жҥйелі сӛз жҥйесін табар,
Жҥйесіз сӛз иесін табар.
Жҥзден бір шешен,
Мыңнан бір кӛсем. -
деп топ алдында сӛз бастаған ,ел билеген шешендерді ерекше қастерлеген. Қазақ халқы шешендік сӛздерді сап алтындай қадірлеп,
ҧрпақтан-ҧрпаққа ҥлгі-ӛнеге етіп ҧсынып отырған. Мысалы, Жиренше шешеннің, Қаз дауысты Қазбектің,
Сырымның, Әйтекенің,
Тӛлебидің, Бӛлтіріктің т.б. сӛздерінде ақылдылықтың, тапқырлықтың, білімділіктің тамаша ҥлгілері кӛрінеді.
Олар ақыл-ой тәрбиесінің
негізі және асыл-арналары болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: