Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты л. Н. Ибраимова


ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата08.04.2024
өлшемі0,78 Mb.
#200601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ibraimova-etnopedagogika (1)

1.ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
ЭТНОПЕДАГОГИКА – ҒЫЛЫМ, ОНЫҢ ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
Ҧзақ – 250 жыл бойы қазақ халқы отаршылдық бҧғауда бодандықта болды, ал оның соңғы 74 жылы елімізде әкімшілдік - 
әміршілдік әдіске, жалан ҧранға негізделген коммунистік тәрбие дәріптеліп келді. 
Соның салдарынан халқымыз, әсіресе жас ҧрпағымыз ана тілінен, ата тарихынан, тӛл мәдениетінен қол ҥзді, ал халқымыздың салт – 
дәстҥрлері тәрбие қҧралы ретінде пайдаланылмады. Осыдан келіп бҥкіл қазақ халқының ҧлттық санасы мен намысы және ҧлттық
дҥниетанымы дамымай қалды. Ал ҧлттық санасы мен намысы, дҥниетанымы тӛмен халықты басқару және оның байлығын пайдалану, 
әсіресе халықты ҧлттық тәрбие дәстҥрінен айыру ӛте оңай екенін отаршыл халық жақсы біледі.
Ана тілін, ата тарихын, тӛл мәдениетін, ҧлттық салт – дәстҥрлерін білмейтін халық жоғарыдағыдай қайғылы қалге жететінін, оның 
ғасырлар бойы жҥйелі қалыптасқан ҧлттық ерекшеліктері жойылатынын отаршыл саясат жақсы пайдаланды. Жоғарыдағы қайғылы 
қасіреттер мен қҧбылыстарды жӛндеуге және олардан қҧтылуға болады. Бізде оның бір-ақ жолы бар. Ол ӛте ҧзақ және қиын жол. Бҥкіл 
қазақтың жас ҧрпағына ҧлттық тәлім-тәрбие беру. Ал ҧлттық тәлім-тәрбие – халықтық педагогика негізінде жҥргізіледі. Ол тәрбие 
отбасында және ҧлттық мектепте ғана іске асады. Ҧлттық тәлім-тәрбие алған адам – саналы, намысты, дене жағынан дамыған, ақыл-ойы 
жетілген, адамгершілікті, иманды, сҧлу және сымбатты, ҧлтжанды, адам болады. Яғни ол – «Сегіз қырлы, бір сырлы азамат». Ондай 
азаматты қазақтың ҧлттық мектебі ғана даярлайды. 
Егеменді Қазақстан республикасының ең басты белгісінің бірі – оның ҧлттық мектептерінің болуы. Ал ол мектептерде тәрбиенің 
тҥп қазығы халық педагогикасына негізделуі керек. Себебі әр халықтың жас ҧрпақты тәрбиелеудегі ғасырлар бойы белгілі жҥйемен 
қалыптасқан ҧлттық ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде сол ерекшеліктерді ҧлттық мектептер ескеру және басшылық алу ӛте қажет. Ҧлттық 
мектепте оқыту мен тәрбиелеу, сол ҧлттың педагогикасы арқылы жҥргізілуге тиіс. Ал бізде ҧлттық мектептер болған жоқ, әлі де жоқ. 
Ҧлттық мектептердің қай-қайсысында да, мысалы қазақтың ҧлттық мектебінде: оқу мен тәрбие ана тілінде, онда сол халықтың рухы, оның 
ӛсіп-ӛну тарихы,географиясы, әдет-ғҧрпы, тҧрмыс-салты, елдік дәстҥрі жҥйелі кӛрініп тҧрса ғана нағыз ҧлттық мектеп болғаны.Ҧлттық 
мектептерде сонымен қатар: тӛлтума оқулықтар мен оқыту, тӛлтума қосымша әдебиеттерді (ғылыми-әдебиеттерді) пайдалану. 
«Бізде неге ҧлттық мектеп болған жоқ па? » деген сҧрақ қойылуы мҥмкін. 
Ҧлттық мектеп тек халықтық педагогика әсерінен ғана пайда болатыны және дамитыны дҥниежҥзілік тәжірибе кӛрсетуде. Алғашқы 
1922 жылы шыққан М.Жҧмабаевтың «Педагогикасы» нағыз ҧлттық педагогика еді, оны оқытпады және пайдаландырмады. 
Әр халықтың ӛзіне тән халықтық педагогикасы бар. Сол арқылы ол ӛз ҧрпағын тәрбиелейді. Сонда «Халықтық педагогика» деген 
терминді тҧнғыш рет орыстың ҧлы педагогы К.Д.Ушинский ӛзінің «Қоғамдық тәрбиенің халықтық негіздері туралы» атты еңбегінде 
қолданған. Онда ол: «Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана ӛз мақсатына жетеді, сонда ғана ол халықтың ӛмірін жӛндеуге, 
оның санасын дамытуға кӛмектеседі. Тәрбие дәрменсіз болмауы ҥшін халықтық болуы тиіс», - дей келіп, халық ауыз әдебиетінің тандаулы 
ҥлгілерін кӛре білді, оның маңызын ашып кӛрсетті. Ал М.Жҧмабаев былай деген: «Әрбір ҧлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе 
жатқан жеке-жеке жолы».
Тарихи-педагогикалық әдәбиеттерде «Халықтық педагогика» ҧғымының бір-біріне ҧқсамайтын тӛрт анықтамасы бар.
Олар:
1) татар ғалымы профессор Я.И.Ханбиковтікі; 
2) чуваш ғалымы академик Г.Н.Волковтікі; 
3) болғар ғалымы Е.Л.Христованікі; 
4) орыс ғалымы В.М. Григорьевтікі. 
Профессор Я.И.Ханбиков: “Халықтық педагогика - бҧқара халықтың қарапайым педагогикалық білімдері мен тәжірибесінің 
саласы”,- дейді. 
Академик Г.Н.Волков: “Халықтық педагогика – халықтың ауыз әдебиетіндегі әдет-ғҧрыптарындағы, салт-дәстҥрлеріндегі, балалар 
ойындары мен ойыншықтарындағы сақталған педагогикалық мәліметтері мен тәрбиелік тәжірибенің жиынтығы,” – дейді. Ғалым 
Е.Л.Христова: “Халықтық педагогика терминін біз халық бҧқарасының, таптың педагогикалық санасы, олардың мҥддесін кӛздеп, 
әлеуметтік теңдік ҥшін кҥресе білетін адам қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызметі деп тҥсінеміз”. 
Ал ғалым В.М.Григорьев: “Халықтық педагогика деп дәстҥрлі тәрбиенің халықтық тәжірибесін, ондағы пайда болған білімдерді, 
идеяларды ғана емес және де солардың барлығын біртҧтас зерттейтін ғылымды тҥсінеміз” – деп, жазған.
Ал қазақтың ғалым философтары, психологтары, педагогтары, әдебиетшілері, тарихшылары, тәрбиешілері «Халықтық педагогика» 
ҧғымына әртҥрлі анықтамалар беруде.
Мысалы: Соңғы жылдары мерзімді баспасӛз беттерінде (Қазақстан мектебі, Қазақстан мҧғалімі, Бастауыш мектеп) қазақ халық 
педагогикасы туралы кӛптеген мақалалар жарық кӛрді. Оларда: «Қазақтың халықтық педагогикасы – тәрбиенің қайнар кӛзі және бастауы», 
«Халықтық педагогика – халықтың тәрбие саласындағы бай тәжірибесі», «Халық педагогикасы – оның әдет-ғҧрыптары мен салт-
дәстҥрлерінде», «Халық педагогикасы – оның ӛнерінде», «Халық педагогикасы – педагогика тарихының қайнар бҧлағы», «Халық 
педагогикасы – оның этнографиясында”, “Xалық педагогикасы – халықтың тәрбие туралы идеялары», »Халық педагогикасы – халықтың 
оқыту және тәрбиелеу туралы білімдерінің қорытындысы», және тағы басқа анықтамалар берілген. 
Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» 11 томының 591 бетінде «Халықтық педагогика – тәрбие жӛніндегі халықтың педагогикалық 
білімі, тәжірибесі»-делінген. 
Тәрбие жӛніндегі ой-тәжірибенің жиынтығы - халықтық педагогика. Енді осы анықтамаларға жалпылама сипатта болатын 
«Халықтық педагогиканың» анықтамасын жасау керек, ол ҥшін зерттеу жҧмысын жҥргізу басты мәселе.
Педагогика ғылымының докторы, профессор Қ.Жарықбаев: «Халық педагогикасы – халықтың тәрбиелеу және оқыту туралы 
білімдерінің қосындысы» – деп, анықтама берген. Біздіңше «Халық педагогикасы – ғасырлар бойы жинақталған халықтың тәрбие және 
оқыту жӛніндегі білім мен тәжірибесінің жиынтығы». Себебі қазақ халқында мынандай мақал бар «Ғылым негізі – тәжірибе, даналық негізі 
– білім».
Әр мәселені, сол сияқты халық педагогикасын зерттейтін ғылымның саласы болады. Ол – этнопедагогика ғылымы. 
Профессор Қ.Жарықбаев этнопедагогикаға мынандай анықтама берген: «Этнопедагогика – халықтың оқыту және тәрбиелеу туралы 
ғылымы», немесе «Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені оның тәжірибесін қорытындылап жҥйелейтін теориялық сипаттағы ғылым 
саласы» деген. Біздіңше «Этнопедагогика – халықтық педагогиканы зерттейтін ғылым, оның жаңа саласы» деген дҧрыс сияқты. Негізгі 
және басты зерттеу обьектісі халық педагогикасы болып саналатын ғылымның арнаулы жаңа саласы этнопедагогика деп аталады. Мҧндағы 



«этнос» – ру, тайпа, ҧлт, және «педагогика»(оқыту, тәрбиелеу) -деген екі сӛзден қҧралып, этнопедагогика деп аталған бҧл ғылым - жалпы 
педагогика ғылымдарының тҥп негізі, оның ғылыми қалыптасуындағы негізгі бір саласы.
«Этнопедагогика» терминін ғылымға алғаш 60 жылдың соңы 70 жылдың басында чуваш ғалымы, академик Г.Н.Волков ендірді. 
Г.Н.Волковтың анықтамасы бойынша: «Этнопедагогика – бҧқара халықтың жас ҧрпақты тәрбиелеу бойынша тәжірибесі, оның 
педагогикалық кӛзқарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ҧлттық мінездегі ерекшеліктерді 
зерттейді... Халық педагогикасы – халықтық ауыз әдебиетінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған 
педагогикалық мағлҧматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы –халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру ҥшін 
пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-қҧралдардың, тәсілдердің, жиынтығы мен ӛзара байланысы. Оның зерттеу 
тақырыбы –– тәрбие, ал тәрбие объектісі –– адам, тҧлға», – дейді. Г.Н.Волковтың пікірінше, этнопедагогика ғылымының нысаны – ғылым 
болып есептелмейтін халықтық педагогика. Этностық тәрбие – отбасындағы, рудағы, тайпадағы тәрбие, дәлірек айтсақ табиғи, мектептен 
тыс, дәстҥрлі, формальді емес халықтық тәрбие. 
Кең мағынада халықтық педагогика – тәрбие ісіне қызмет ететін халық шығармашылығының барлық тҥрлері. Олар: салт-дәстҥрлер, 
әдет-ғҧрыптар,тойлар, мерекелер, ҧлттық ойындар, халық тарихы, әдебиеті, қол ӛнері, еңбек әрекеттері, халық музыкасы, халық билері, 
халық әндері және тағы басқалар.
Халықтық педагогика ғылыми педагогикадан бҧрың шыққан ҧғым. Ол «ақылды адам» жер бетінде пайда болысымен туған. 
Халықтық педагогика ғылыми педагогиканың бастапқы кӛзі, негізі және бастамасы болып саналады. Халықтық педагогикадағы ғасырлар 
бойы жинақталған бағалы идеялар (прогрессивтік, демократиялық, гуманистік, идеялық және халықтың тәрбиелік тәжірибесі) ғылыми 
педагогикада кең пайдаланылуы керек.
Ӛкінішке орай кеңес дәуірінде олай болмады, тек қана орыс және шетел педагогикасы дамыды және солар оқытылды. Ал барлық 
мектептерге тәлім-тәрбие сол педагогикалар негізінде жҥргізілді. 
Этнопедагогиканың пәні – ҧлттық тәрбие процесі. Ал ҧлттық тәрбие қазақта ана қҧрсағынан басталып, адамды ӛмір бойы және оны 
о дҥниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғҧрыптар мен салт-дәстҥрлер негізінде ҥздіксіз жҥргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар 
арқылы жҥзеге асырылған. 
Этнопедагогика ғылымының міндеттері: 
1) ауыз әдебиетінің шығармаларын; 
2) этнографиялық материалдарды; 
3) халықтың тәрбие дәстҥрлерін; 
4) халықтық ойындар; 
5) отбасы тәрбие тәжірибесін пайдаланып –– Жас ҧрпақты “Сегіз қырлы, бір сырлы” азамат етіп ҧлттық тәрбие беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет