6
Ауылдың тәжірибелі әйелдері келін бойындағы сәл ӛзгерістен-ақ оның жҥкті болғанын сезе қояды. Олар «келіннің қҧрсағы ақ
айранға тойыпты, ақ алғысты болыпты» деп, енесіне тҧспалдап жеткізеді. Осы емеуріннен-ақ енесі келіннің бойына бала біткенін тҥсініп,
қуанышты хабарды жеткізген әйелге ризашылығын білдіреді. «Келінді атамыздың аруағы біліп, қолдап жҥрсін» деп, ауылдағы ҥлкен ҥйдің
оң керегесіне ақ орамал таңады. «Керегеге орамал таңу» ырымынан кейін келіннің жҥкті екенін бҥкіл ауыл біледі.
Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай, жиі-жиі лоқсып, қҧсып жҥргенін байқаса, оны қазақтар «жерік болу» деп атайды. Осы
кезде
оның бір асқа ықыласы, тәбеті ерекше ауады да тҧрады. Енесі ауыл әйелдерін шақырып, қонақ етеді. Осы кішігірім той «қҧрсақ
шашу» делінеді. Бҧл томалаққа жиналған тәжірибелі аналар ӛз ҥйлерінен бір-бір дәм пісіріп әкеледі. Оның себебі – келіннің жерік болып
жҥрген асын тауып беру. Егер кӛңілі қалаған асы таптырмаса, яки «жерігі қанбаса», босанғанша ішкен тамағын қҧса береді, тамағы бойына
сіңбейді. Мҧны халық «ит жерік болу» дейді. Ит жерік болып дҥниеге келген сәбидің ес жиғанша аузынан сілекейі аққыш болады.
Жолбарыстың жҥрегіне, аюдың етіне, бҥркіттің миына жерік болған әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар туатындығы
туралы кӛптеген аңыздар сақталған.
Мысалы, XVI ғасырдың белгілі батырлары Орақ пен Мамайдың анасы Қараҥлек әже былайша толғайды:
«... Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бӛрі етін жеп,
Қанып еді жерігім».
Сондай-ақ, болашақ ҧлы ғалым Шоқан туарда анасының қыран бҥркіттің миына, ал ҧлы ақын Мағжанның анасы қасқырдың
жҥрегіне жерік болғандығы туралы аңыз-әңгімелер әлі кҥнге дейін ел ішінде айтылады.
Енесі аяғы ауырлаған әйелдің мезгілімен тамақтануына баса кӛңіл бӛледі, оған кӛбінесе ақтан жасалған тамақ береді. Жаздың кҥні
келіннің тәбетін ашу ҥшін жуа әкеліп жегізеді. Далада ӛсетін жабайы жуаның, кӛбінесе ит жуасы тандалады. «Іштегі бала шымыр болсын»
деген тілекпен кездесетін қҧм сағыз, жер сағыз, қарағай сағыздардың ішінен қҧм сағыз ғана тандалып алынады. Мҥмкіндіктері болса, тауда
ӛсетін рауғаш, қымыздық теріп әкеліп береді. Рауғашты жесе, сәбидің кӛзі кӛреген, қҧлағы естігіш болады, ал қымыздық баланың тәбетін
ашады деп есептелген.
Сәби еңбектей
бастаған кезде жар жағалап, бор жалап, топырақ жейтіні белгілі. Бҧл сәби организіміне белгілі бір мӛлшерде
минералдардың жетіспеуінен болатындығы бҥгінгі таңда да ғылыми тҧрғыдан дәлелденген. Мҧны аңғарған халқымыз сәби қҧрсақта
жатқанда-ақ алдын ала қам жасаған. Сондықтан, судың бҧрын иірім болған орнын тауып, осы жерден саздың исі шығатын қайырым
топырағын ҥйге әкеліп қояды да «балаңның сҥйегінің қалыптасуына керек, кейін бӛпең бор іздемейді» деп мӛлшерлеп жегізіп отырады.
Қҧрсақты әйелге кӛбіне жас сорпа ішкізіп, қызыл ірімшік жегізеді. Халық тҥсінігі бойынша – «ақ ірімшік жеген әйелдің баласының сҥйегі
бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сҥйегі берік болады».
Келіннің тазалығына да айрыкша кӛңіл бӛлінеді: жиі шомылдырады, жҧпар иісі кӛкемарал (марал оты) шӛбін пайдаланады, оның
иісі іштегі баланың тыныс мҥшелерінің жақсы жетілуіне ықпал етеді. Шомылдырар алдында арша әкеліп тҥтетеді. Жҥкті әйелдің беті
жарылып, дақ тҥспес ҥшін бие сҥтінің кӛбігін бетіне жағады. Ана тісінің таза болуын әсте есінен шығармайды. Тҥрлі тамақ қалдықтарынан
бӛлінетін жағымсыз дәм мен иістер іштегі балаға әсер етіп, оның жҥрегін айнытпас ҥшін кҥніне екі рет, таңертең және жатар алдында қара
жусанның қайнатылған суымен, болмаса қара тікен тҧзбен аузын шайғызады.
Ақылды және парасатты ене келінінің әрқашан кӛтеріңкі кӛңіл кҥйде жҥруін қадағалайды, әзіл әңгімелермен кҥлдіріп отырады.
Арагҥдік «келін кӛңілі» деп аталатын жастардың қызықты бас қосуын ҧйымдастырып, келініне жиі-жиі ән-кҥй тыңдатқызады.
Халықта
«екіқабат келін жыласа, оның баласы жасық болып туады» деген тҥсінік бар. Шошынбас ҥшін қайғылы хабар болса, қашан аман-есен
босанғанша, естіртпеуге тырысады. Мезгілімен ҧйықтатып, таза ауада мейлінше жиі болып, сергек жҥруін қадағалайды.
Әйелдің жҥкті кезінде ескерілетін халықтық тҥсінікке негізделген мынадай ырымдар бар: итке «кет» деуге болмайды, бҧл толғақты
ауырлатуы мҥмкін; арқан есуге болмайды, әйел босанар ҥстінде бала кіндігіне оралып қалуы мҥмкін; тең буып, қаптың аузын жабуға
рҧқсат
етілмейді, керісінше жабулы заттарды ашуға, буулы нәрселерді шешуге болады; тҥйе етін жеуге болмайды, бҧлай етсе жҥкті
келіншек баласын 9 ай емес, 12 ай кӛтеруі мҥмкін. Бҧл ырымдардың тҥп-тӛркіні кӛне наным – тҥсінікке сенген дәуірге барып тіреледі.
Тәжірибелі енелер алдын ала тҥсікті болдырмас ҥшін келіннің етегін бҥріп қояды, шошынбас ҥшін далаға тҥнде ешқашан жалғыз
шығармайды. Келіннің мезгілі жақындаған кезде мейірбан анасы оған қара жерді басқызып, «кеудесі тҥкті Жер-Ана, кҥш бер, қуат бер» деп
жалаң аяқ жҥргізеді. Осы ырым келінінің кҥш-қайратын шыңдайды.
Сәбилі болуына ҥш ай қалғанда, «ҧзын толғақ» басталады. Бҧл кезде кӛргені кӛп аналар «бӛпең айдай сҧлу болсын» деп, айлы тҥнде
келінін кӛлге шомылдырады. Ай сҧлу болғанымен қызуы жоқ, сондықтан шомылған кӛлдің жағасынан шӛп жҧлып әкеліп, ҥйіндегі жанған
ошаққа тастайды. Тіліміздегі «Айдай сҧлу, оттай жылы болсын!» деген тілеу осы ырымға байланысты қалыптасса керек.
Босануына екі ай қалғанда «орта толғақ» басталады. «Босануы уақыты мезгілінен бҧрын болып қалмасын» деп келіннің қолына
кескіш, тескіш, қҧралдарды (пышақ, біз, ара т.б.) ҧстатпайды.
Екі қабат әйелдің босануына бір ай қалғанда оның «ай толғағы» басталады. Бҧл кезде «іштегі баланың еті қызылданып кетеді» деп
келініне жас ет ҧстатпайды; «кіндігіне оралып қалмасын» деп, келініне ине-жіппен іс тіккізбейді, «тҥсік тастайды» деп, жҥресінен
отырғызбайды.
Ата-анасы жас келінді жетелеп апарып, жеті бҧлақтың кӛзін аштыру, бҧлаққа май қҧйып, теңге тастау, бастаудың басындағы әулие
ағашқа ақ шҥберек байлату секілді сенімдер бар. Қариялар осындай іс-әрекеттер арқылы «сенің ата-бабаң осы жерден су ішкен, толғатқан
кезіңде сені демеп, жебеп отырады» деп келіннің кҥпті кӛңілін орнына тҥсіреді. Әрбір ескі қазақ ауылында екіқабат әйелдерді босандыруды
машық қылған қолы жеңіл кемпірлер болған. Оларды ел ішінде «аққол ана» деп атайды. Аққол аналар кез-келген келіншектің қай кҥні
босанатынын тап басып біліп отырған.
Босануға бір ай қалғанда, оның алғашқы кҥнін «аспанда ай кӛрінбейтін ҥш кҥн киелі кҥн» деп атайды да, бҧл кҥндері екі жастың ақ
тӛсекте кездесулеріне тиым салынады. Бҧл халық есепшілерінің болжауына сҥйенген дәстҥр. Ал аққол аналардың ӛзіндік есебі бойынша
аяғы ауырлаған әйелдердің әрбір айы 27 кҥннен тҧрады. Әрбір айдың, яғни осы әр 27 кҥннің басы оның етеккірі келген кҥнінен басталады.
Бҧл алғашқы айдың ӛзі ҥш тоғызға бӛлінеді: бірінші тоғызы – «етеккір тоғызы», екінші тоғызы – «арылу тоғызы», ҥшінші тоғызы –
«кездесу тоғызы». Халыктық тәртіп бойынша, «бірінші және екінші кезеңде кедессеңдер, екеуің де ауруға ҧшырайсыңдар» деп, олардың
кездесулеріне тиым салынады. Халықтық тҥсінік бойынша ҥшінші тоғыздың әр тақ кҥні неке тӛсекте тән қосылса, олардан ҧл туады, ал
жҧп кҥндері қыз туады.
Екі қабат болған ана тал бойына біткен баласын тоғыз ай, тоғыз кҥн кӛтереді. Жоғарыда атап кӛрсеткеніміздей, әрқайсысы 27
кҥннен болатын тоғыз айда 243 кҥн бар. Аққол аналар бҧған ҥшінші «кездесу тоғызын» қосып есептейді. Осыдан келіп тіліміздегі «тоғыз
ай, тоғыз кҥн» тіркесі орныққан. Тәжірибелі ана жаңылмас ҥшін сол сәтті кҥннен бастап дорбаға 243 қҧмалақ салып алады да, осы
қҧмалақтың кҥніне біреуін лақтырып отырады, осылайша жҥкті әйелдің кҥні жақындаған сайын қҧмалақ саны да азая береді.
Әйел босануға ҥш ай қалғанда «ҧзын толғағы» басталды деп, келінінің аман-есен босануына дайындық жҥргізіледі. Толғақ ҥстінде
қҧйымшақ сҥйегі ашылмай қалмауы ҥшін кҥнде кешқҧрым келінінің қҧйымшағынан бастап жауырына дейін бес саусақты батырып, қҧйрық
маймен сылап сипайды.
Тәжірибелі аналар «орта толғақта бала жарық дҥниеге шығуға дайындала бастайды» деп есептейді. Анасының қҧрсағының сыртқы
порымына қарап, оның ҧл не қыз бала екенін де болжай алады: егер ҧл болса, іші кішкене, шошақ, ҥшкір болып келеді, ал қыз бала
домалақ, дӛңес болып бітеді, сондай-ақ ҧл жоғары, ал қыз бала тӛмен орналасады. Әдетте қимылдағанда қыз бала сол жақтан, ал ҧл бала оң
жағынан қозғалады. Ай толғақ мерзімі болғанда іштегі бала жиі қимылдап, анасының екі бҥйіріне кӛп салмақ тҥсіреді.
Толғақ қысқанда әйелдің бір мҥшесін ерекше ауырта келеді. Мәселен, оның тісі ауруы мҥмкін. Тіліміздегі «Әрбір бала анасының бір
тісін алады» деген мақал осыдан туған. Бҧл – «тіс толғақ» деп аталады. Осылайша анасының тізесі ауырып белгі берсе, «тізе толғақ»,
желкесі ауырса, «желке толғақ» т.с.с.
7
Екі қабат әйелдің ай-кҥні толып, ай толғақ аяқталар тҧста оған арнайы жеке ҥй дайындалады. От жағылып, су жылытады. Егер кҥн
суық болса, киіз ҥйдің ішіне қҧрғақ қи тӛселіп, ҥстіне қалың текемет жайылады. Ҥйдің іші-сырты, дҥние-мҥлкі мҧнтаздай тазаланады. Осы
істердің басы-қасында аққол анамен қоса-қабат кіндік шеше ҧйтқы болып жҥреді. Оларға кӛмекке кӛрші-қолаң, абысын-ажындар келеді.
Бір кереге мен екінші керегенің арасына әйел толғатқан кӛзде асылып тҧратын арқан керіледі, босағасына қамшы, қылыш, қанжар әкеліп
қойылады. «Бҧлар толғаққа кедергі келтіретін албасты, марту, жын-перілерді ҥйге кіргізбей тҧрады» деген сенім болған. Немесе қоңыр аю,
жолбарыс, қасқыр терісін әкеп қойған. Бҧл дәстҥр «киеміз» қолдап, қостасын деген наным-сенімнен туған.
Куанышы қойнына симай жҥрген кӛңілі кҥпті енесі дереу ала қыстай сақтаған жылы-жҧмсағын қазанға салып, «Жарыс қазан» асу
қамына кіріседі. Самаурын қойылып, табаққа сҥт пісіріледі, ҥй
ішіндегі әбдірелер ашылып, теңдер шешіледі, әдейі арнап тҥйрелген
қарыннан май, қаптан қҧрт алынады. Ҧзын арқанды ӛткермелеп байлап шығады да, екінші ҧшынан оп-оңай тарқатып жібереді. Арша
тҧтатылып, толғатқан әйелдің басынан айналдырып аластайды, етек жағынан кҥкірт тҥтетіледі. Мҧның бәрі толғағы оп-оңай – «әбдіре
ашылғандай, тең шешілгендей, тҥйін тарқатылғандай, шай қайнатымда, сҥт пісірімде, ет піскенше, жарыс
қазанмен бірге жарыса тез
босансын» деген ниеттен туған ырым дейді профессор Х. Арғынбаев .
Сонымен, қазақ халқы балаға деген қамқорлықты ӛте ерте ол ана қҧрсағында жатқанда бастаған, оның аман сау ӛсуіне тілектестік
және іс-әрекеттер ерекше болған екендігін кӛреміз. Оған дәлел қҧрсақ тәрбиесі: әйел екі қабат болысымен оған ерекше қамқорлық жасау
(оның сҥйген «жерік асын» қайдан болса да тауып беру, аяғы ауыр әйелге ауыр жҥк кӛтертпеу, оның кӛңіл-кҥйін жоғары ҧстау, тҥрлі
тҧрмыстық әдет-ғҧрыптарды жасау т.б.). Осылайша қамқорлық жасағаннан бала қҧрсақта ӛте жақсы ӛсетіні, уақтысымен дҥниеге келетінін
халықтық медицинамыз жақсы білген. Қҧрсақта жақсы тәрбие алған бала кейін ақылды, сҧлу, сымбатты жақсы ер азамат болып ӛскен .
«Бір отбасында дҥниеге келген балалардың ақыл-ойы, мінез-қҧлқы, кескін-келбеті, қабілет-икемі неге әр тҥрлі болады?» – деген
сҧрақты егер ата-аналарға қойсақ, олар «кейбір балалар нағашыларына, кейбір балалар ӛздерімізге тартқан», – деп жауап қайырады. Оның
шын сыры балалар қҧрсақта жатқанда әр тҥрлі тәрбие алғанынан екенін халқымыз жақсы білген: егер қҧрсақта жақсы тәрбие берілсе, ол
бала келешекте ақылды, келбетті,
сымбатты, қабілетті болады, керісінше қҧрсақта жақсы тәрбие берілмесе басқаша болып ӛседі.
Сондықтан, қыздар – келешек аналар, қҧрсақ тәрбиесіне ерекше мән берулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: