3. Оқу пәнін өткізу уақытымен орны: Семестр: 1
4. Оқу пәннің алдыңғы реквизиттер мен соңғы реквизиттер
Пререквезиты:
«Мемлекет және кұқық теориясының негіздері»,
«Конституциялық құқық»,
Постреквизиты:
Салық құқығы
Қаржы құқығы
Мемлекеттік қызмет және басқару,
Экологиялық құқық
Қылмыстық құқық
Кеден құқығы
5. Оқу пәнінің сипаты
5.1 Оқу пәнінің тағайындалуы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және құқықтық жүйелері елеулі түрде өзгерді. Осындай жағдайларда әкімшілік құқық – құқық жүйенің негіздеуші саласы ретінде жаңа түрін алады. Егеменді Қазақстанның жаңа мақсаттарына сәйкес экономикалық, саяси құқықтық әлеументтік-мәдени салаларының әкімшілік құқықтық институттарын қайтадан қарастыру мүмкіндігі туындап отыр; құқықтық мемлекет идеялары, билікті бөлу, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының проблемаларын ескеру қажет.
5.2 Оқу пәнінің мақсаты. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының пәні, ғылымы бойынша студенттерге мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару ұғымы бойынша әкімшілік- құқықтық нормалар және қатынастарды талдауға; мемлекеттік басқарудың түрлері мен әдістерін; мемлекеттік басқару органдарының жүйесін; әкімшілік- құқықтық режимдердің түрлерін білуге үйрету болып табылады.
Студент білуі тиіс: Қазақстан қаысатын әкімшілік құқығы реттейтін, әкімшілік құқығы нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, әрбір еңбек нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсіндіру, әкімшілік құқығы қағидаларын білу, еңбек қатынастарына қатысушылардың құқықтарымен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты білу.
«Әкімшілік құқықбұзушылық» оқуға лекциялық, тәжірибелік, сабақтар және СОӨЖ және СӨЖ арналған сағаттар көлемінде түрлі сабақтарды студенттердің орындауы қарастырылады.
Меңгеруі тиіс: Оқу үрдісі кезінде студенттер әкімшілік құқығы курсының құрылу логикасы типтік бағдарламада, біріншіден біліктілігі жоғары мамандар даярлауға қойылатын қазіргі талаптармен, екіншіден студенттердің болашақ жұмысында еңбек құқығы жайындағы арнайы білімін пайдалана білетіндей құқықтық пайымын дамыту қажеттігімен айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |