Дағдыларды меңгеруі тиіс: «Әкімшілік құқықбұзушылық» пәні студенттерге « Әкімшілік құқықбұзушылық» түсінігін, әкімшілік құқығының жүйесін, дауларды шешу механизміне және көпжақты сауда келіссөздерін жүргізуге байланысты мәселелерді терең оқуға, ғылыми-техникалық, сауда-экономикалық, кеден қызметінің негіздерін жан-жақты меңгеруге көмектесу үшін бағытталған.
КІЛТТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ:
Жалпы құзыреттіліктер:
білу және түсіну керек: Құқық қолдану қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік құқығының және әлеуметтік қамсыздандыру қүқығының нормаларының мазмұнын және институттарын білу қажет.
білім мен түсініктерді қолдана білу керек: Әкімшілік құқықбұзушылық курсы айналымына қатысатын шаруашылық субъектілері және мемлекеттің кеден органдары үшін мамандарды дұрыс дайындау мақсатында оқу жоспарына « Әкімшілік құқықбұзушылық» пәні енгізілген.
Пікірді қалыптастыру керек: Мемлекеттік ролінің, мемлекеттік басқарудың мәні, нысаны және әдістерінің өзгеруі әкімшілік құқықтық жалпы және ерекше бөлімдерінің құралымы мен мазмұның сың көзбен қаррауын қажет етеді. Заңнаманың жаңаруы және оның тұрақты түрде өзгеріп отыруы әкімшілік құқықтық номалар мен институттардың мазмұнына әсер ететін маңызды деректердің бірі болып табылады.
Кәсіби құзыреттілік:
білу және түсіну керек:
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және құқықтық жүйелері елеулі түрде өзгерді. Осындай жағдайларда әкімшілік құқық – құқық жүйенің негіздеуші саласы ретінде жаңа түрін алады. Егеменді Қазақстанның жаңа мақсаттарына сәйкес экономикалық, саяси құқықтық әлеументтік-мәдени салаларының әкімшілік құқықтық институттарын қайтадан қарастыру мүмкіндігі туындап отыр; құқықтық мемлекет идеялары, билікті бөлу, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының проблемаларын білу қажет.
білім мен түсініктерді қолдана білу керек:
ғылыми зерттеудің әдістемесін, тұжырымдамасын, әдістерін құрастыру; таңдаған тақырыпқа сәйкес зерттеу бағдарламасын, тәжірибелік зерттеу іс әрекетін жүргізу, болжамдарды зерттеудің мақсаттарын қоя білу; әр түрлі зерттеу әдістерін қолдану, алынған нәтижелерді саралау мен қорытынды жасау; әр түрлі кеңестер беруді жүргізу және дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |