Факультеті «География» кафедрасы силлабус



Дата04.11.2019
өлшемі244,5 Kb.
#51127
түріСабақ
Байланысты:
силлабус актобе

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Тарих Институт/факультеті
«География» кафедрасы


СИЛЛАБУС
Пән Ақтөбе облысының географиясы (3 кредит )


Мамандық 5В090200 – «Туризм»


Курс 2

Оқытушы Сергеева А.М.

2014 -2015 оқу жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus

Пән Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы (3 кредит )


Сабақ өткізу уақыты мен орыны

ОСӨЖ-ның өткізууақыты мен орыны


Оқытушының аты-жөні

Байланыс, тел,

email


сабақ кестесіне сәйкес

Кесте бойынша

Сергеева А.М.






ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Пәннің сипаттамасы: Курс 30 дәріс, 15 практикалық сабақ, ОСӨЖ - 24, СӨЖ - 66, қорытынды бақылау – емтихан. Пән тақырыптары 2 модульден тұрады.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Курстың мақсаты – облыс табиғатының зерттелуі, табиғат жағдайларын (геологиясы, тектоникасы, геоморфологиясы, климаты, гидрологиясы, топырағы, өсімдік және жануарлар әлемі, т.б.) сипаттау, облыста тұратын халықтың әлеуметтік ахуалын, материалдық және рухани талабын қанағаттандыру мәселелерін қарастыру.

Курстың міндеттері:



  • Қосымша білім көзі және оқыту құрамы ретінде экономикалық карталарға диаграммаларға, статистикалық кестелерге жан-жақты талдау жасай отырып индуктивті және дедуктивті ой қортындыларын шығара білуге дағдыландыру;

  • Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, даму болашағын ашып көрсетуге негіз болар теориялық білім көзін меңгерте отырып, география ғылымының зертеу әдістерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету;

  • Ақтөбе облысы халқының саны мен қозғалысын ұлттық және сапаның құрамы, еңбек ресурстары туралы түсініктерді меңгерту;

  • облыс шаруашылығының салалық құрамы, халықаралық экономикалық қатынастарды қамтитын дүниежүзілік шаруашылық туралы іскерлік-дағдыларды қалыптастыру.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: Бірінші модульде Ақтөбе облысына физикалық-географиялық шолу, екінші модульде Ақтөбе облысына экономикалық-географиялық сипаттама беру қарастырылған. Пән «География» мамандықтарына базалық пән болып оқытылады. Дүние жүзінің экономикалық-географиялық сипаттамасын, оның жеке аймақтары мен елдерінің, халқы мен шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін, шаруашылықтардың өңірлік айырмашылығын қазіргі тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді.

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктері және дағдылары:

Cтудент міндетті:

төмендегі ұғымдар жөнінде түсініктері болуы тиіс:



  • Ақтөбе облысының табиғат жағдайлары мен ресурстарын;

  • Ақтөбе облысының тарихы;

  • Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

төмендегілерді білуі және пайдалана алуы тиіс:

  • Ақтөбе облысы географиясының даму мәселесін;

  • Ақтөбе облысының табиғат жағдайлары мен ресурстары. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері;

  • Ақтөбе облысы халқының ұдайы өсуі, орналасу заңдылықтары, жекелеген аймақтар халқының құрамы, урбандалу, көші-қон, демографиялық мәселелер, еңбек ресурстары;

  • Ақтөбе облысындағы экономикалық және көліктік-географиялық жағдайларының жәй-күйін талдауды игеру.

төмендегі дағдыларды меңгере білуі тиіс:

  • Қосымша білім көзі және оқыту құрамы ретінде экономикалық карталарға диаграммаларға, статистикалық кестелерге жан-жақты талдау жасай отырып индуктивті және дедуктивті ой қортындыларын шығара білуге дағдыландыру;

  • Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, даму болашағын ашып көрсетуге негіз болар теориялық білім көзін меңгерте отырып, география ғылымының зертеу әдістерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету;

  • Ақтөбе облысы халқының саны мен қозғалысын ұлттық және сапаның құрамы, еңбек ресурстары туралы түсініктерді меңгерту;

  • облыс шаруашылығының салалық құрамы, халықаралық экономикалық қатынастарды қамтитын дүниежүзілік шаруашылық туралы іскерлік-дағдыларды қалыптастыру.


КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: «Aқтөбе облысының географиясы» курсын оқып үйренудегі базалық білім ретінде «Өнеркәсіп географиясы», «Халықаралық туризм географиясы», «Экскурсиятану», «Туризм және өлкетану негіздері», т.б. курстарында алған білімдеріне негізделеді.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: «Aқтөбе облысының географиясы» курсында алған білімдеріңіз Ақтөбе облысында туристік-рекреациялық ресурстарын сипаттауда, маршруттар құрастыруда қажет.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.



Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді,ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалануескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойыншатапсырылады,кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төменбаға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатынемтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

р/с


Модульдың атауы

Лекция

(сағ)



Практикалық (семинар.)сабақ (сағ)

Лаборат. сабақ

(сағ)


СӨЖ

МӨЖ


(сағ)

1

Ақтөбе облысының физикалық-

географиялық жағдайына жалпы шолу



14

5

-

8

2

Ақтөбе облысының

экономикалық-географиялық сипаттамасы



16

10

-

16







30

15

-

24


ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта




сағаты




Модуль 1

14

1

01 Ақтөбе облысының географиялық зерттелуі

2

2

02 Ақтөбе облысын физикалық-географиялық тұрғыдан шолу

2

3,4

03 Ақтөбе облысының геологиясы мен тектоникасы. Ақтөбе облысының жер бедері

4

5,6

04 Ақтөбе облысының климаттық жағдайлары. Ақтөбе облысының гидрологиясы

2

7,8

05 Ақтөбе облысының табиғат зоналары

4




Модуль 2

16

9

01 Ақтөбе облысының экономикалық-географиялық жағдайы. Ақтөбе облысының табиғи-ресурстық әлеуеті

2

10

02 Ақтөбе облысының халқы және еңбек ресурстары

2

11

03 Ақтөбе облысы шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы

2

12

04 Ақтөбе облысының өнеркәсіп географиясы

2

13

05 Ақтөбе облысының ауыл шаруашылық географиясы

2

14

06 Ақтөбе облысының көлік және байланыс географиясы. Халықаралық байланыстары

2

14

07 Ақтөбе облысының туризмі

2

15

08 Ақтөбе облысының аудандарына сипаттама

2


Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары


Апта

Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыптары

сағаты




Модуль 1

5

2, 3

Ақтөбе облысының физикалық-географиялық жағдайларын сипаттау

1

4, 5

Ақтөбе облысының климаты және гидрологиясы

2

6

Ақтөбе облысының климаты және гидрологиясы

1

7, 8

Ақтөбе облысының табиғат зоналары

1




Модуль 2

10

9

Ақтөбе облысының экономикалық-географиялық жағдайы

1

10

Ақтөбе облысының халқы

2

11

Ақтөбе облысының шаруашылығы

2

12

Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық дамуы

1

13

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы

2

14

Ақтөбе облысының көлік географиясы

1

15

Ақтөбе облысының туризмі

1



СӨЖ тапсырмалары

Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе облысының геологиялық ескерткіштерінің туризмдегі маңызы

ОСӨЖ сабағының мазмұны

Ақтөбе облысының геологиялық ескерткіштерінің тізімін жасау. Жаманшың кратері, Айдарлыаша геологиялық қимасы, т.б. ескерткіштерге сипаттама беру. Ішкі туризмдегі маңызын анықтау.


Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе облысының экологиялық туризмі

ОСӨЖ сабағының мазмұны

Ақтөбе облысындағы экологиялық туризмді дамытудағы алғышарттар. Жергілікті қоғамдастықтарға негізделген экотуризмді ұйымдастыру. Ақтөбе облысының экологиялық туризмді дамытуға ыңғайлы аудандары.
Сабақтың тақырыбы: «Ырғыз-Торғай» табиғи резерваты негізінде демалыс орындарын ұйымдастыру алғышарттары

ОСӨЖ сабағының мазмұны

«Ырғыз-Торғай» табиғи резерватында экотуризмді жүзеге асырудың құқықтық-ұйымдастыру аспектілері. Экологиялық туризмнің қазіргі тұжырымдамасы және негізгі ұстанымдарымен танысу. «Ырғыз-Торғай» табиғи резерваты негізінде демалыс орындарын ұйымдастырудың жобасын жасау (презентация).
Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе облысының өзен-көл жағалауларын ішкі туризмде қолдану

ОСӨЖ сабағының мазмұны

Ақтөбе облысының гидрографиялық сипаттамасын жасау. Облыстағы бұлақ, көлдер суларының минералдылығы. Ырғыз, Ойыл, Жем, Қобда, Елек өзендерінің ішкі туризмде қолданылуына баға беру. Әйке, Шалқар, т.б. ұсақ көлдердің туризмдегі маңызы.
Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе облысының экономикалық жағдайы

ОСӨЖ сабағының мазмұны

Ақтөбе облысының экономикалық жай-күйін талдау. Ақтөбе облысының экономикасының басты салаларын сипаттау. Ақтөбе облысында болатын өнеркәсіптік көрмелер сипаты.
Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе облысының әлеуметтік жағдайы

ОСӨЖ сабағының мазмұны

Ақтөбе облысының әлеуметтік жағдайын сипаттау. Облыс халқының сапасы, өмір сүру көрсеткіштері.
Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе облысының көліктік жағдайы

ОСӨЖ сабағының мазмұны

Ақтөбе облысының көліктік жағдайы. Облыстағы темір жол көлігінің дамуы. Маңызды автомобиль жолдарының туризмдегі маңызы. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль жолының маңызы. Әуе көлігі.
Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе облысының халықаралық қарым-қатынастары

ОСӨЖ сабағының мазмұны

Ақтөбе облысы экономикасын дамытуда халықаралық қарым-қатынастардың маңызы. Қазақстан – Қытай, Қазақстан – Ресей, Қазақстан – Түркия байланыстары. Ақтөбе облысының сауда айналымында Ресейдің үлесі.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ тақырыбы: Мұғалжар тауының зерттелуі

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Мұғалжар тауына сипаттама. Мұғалжар тауының зерттелу кезеңдері. Мұғалжар тауының 1930 жылдардан кейін зерттелуі. Мұғалжар тауының өсімдіктері мен жануарлары. Мұғалжар тауын ішкі туризмде қолдану.
СӨЖ тақырыбы: Ақтөбе облысының геоморфологиялық ерекшеліктері

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Қазақстанды геоморфологиялық аудандастыруға сәйкес Ақтөбе облысының аумағы мынадай геоморфологиялық аудандарға бөлінуі. Орал-Ембі денудациялық үстірті, Орал маңы және Мұғалжар жазығының эрозиялық-тектоникалық ұсақ шоқылары мен аласа таулары, Торғай құрылымдық-денудациялық төрткіл жазығы, Солтүстік Арал маңының құрылымдық-денудациялық және аккумулятивті жазықтығы және Үстірт құрылымдық-денудациялық жоны.
СӨЖ тақырыбы: Ақтөбе облысының ішкі сулары

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Ақтөбе облысындағы Каспий теңізі алабының өзендеріне сипаттама. Арал теңізі алабының өзендері. Жергілікті ағынсыз ішкі аумақтар.
СӨЖ тақырыбы: Ақтөбе облысының халқы

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Ақтөбе облысының халқының ұдайы өсуі, табиғи өсімі. Жастық-жыныстық, ұлттық ерекшеліктері. Қала және ауыл халқы. Ақтөбе облысындағы урбандалу процесі. Облыс халқының сапасы. Еңбек ресурстары.
СӨЖ тақырыбы: Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын аудандастыру

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама. Облыстағы ауыл шаруашылығының басты салалары. Облыс аудандарындағы өсімдік және мал шаруашылықтары. Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын аудандастыру ерекшеліктері.
СӨЖ тақырыбы: Ақтөбе облысының сауда географиясы

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Қазақстан - Ресей арасындағы аймақаралық және шекаралық достық қатынастар. Қазақстан мен Ресейдің халықаралық көліктік ынтымақтастық дәліздерінің стратегиялық көрінісі. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы интеграция мәселелері. Ақтөбе облысының сауда географиясының даму ерекшеліктері. Саудадағы тауар айналымы.
СӨЖ тақырыбы: Ақтөбе облысындағы қызмет көрсету салаларының дамуы

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Ақтөбе облысындағы қызмет көрсету салаларының даму ерекшеліктеріне сипаттама. Ақтөбе облысындағы сауда орындарының дамуы. Облыстағы мәдени орталықтар. Медицина және халыққа білім беру жүйесінің дамуы.
СӨЖ тақырыбы: Ақтөбе облысының қонақүй шаруашылығы

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Ақтөбе облысындағы қонақүй шаруашылығының даму бағыттары. Облыс қонақүйлерін талдау. Облыс қонақүйлерінің әлемдік стандарттар талабына сай келуі.
СӨЖ тақырыбы: «Арайлы Ақтөбе» турмаршрутын құру

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

«Арайлы Ақтөбе» турмаршрутын құрудағы мақсат-міндеттер. Маршрут ауқымы. Ақтөбе қаласының тарихи-географиялық ерекшеліктерін маршрутта көрсету. «Арайлы Ақтөбе» турмаршрутының жүру жолдарын анықтау.
СӨЖ тақырыбы: Ақтөбе облысының танымдық туризмі

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

Ақтөбе облысында танымдық туризмді дамыту. Алға, Хромтау, Қобда аудандарындағы тарихи ескерткіштердің маңызы. Ойыл және Байғанин аудандарындағы тарихи ескерткіштердің маңызы.

Тақырыптар ( мәнжазба, презентация, эссе, курстық жұмыстар (жобалар), есептік-графикалық жұмыстар т.с.с)

1 Тақырыпты оқытуда «Ақтөбе облысының геологиялық ескерткіштерінің туризмдегі маңызы» айрықша көңіл бөлу керек: Ақтөбе облысының геологиялық ескерткіштерінің тізімін жасау. Жаманшың кратері, Айдарлыаша геологиялық қимасы, т.б. ескерткіштерге сипаттама беру. Ішкі туризмдегі маңызын анықтау.

2 Тақырыпты оқытуда «Ақтөбе облысының экологиялық туризмі» айрықша көңіл бөлу керек: Ақтөбе облысындағы экологиялық туризмді дамытудағы алғышарттар. Жергілікті қоғамдастықтарға негізделген экотуризмді ұйымдастыру. Ақтөбе облысының экологиялық туризмді дамытуға ыңғайлы аудандары.

3 Тақырыпты оқытуда ««Ырғыз-Торғай» табиғи резерваты негізінде демалыс орындарын ұйымдастыру алғышарттары» айрықша көңіл бөлу керек: «Ырғыз-Торғай» табиғи резерватында экотуризмді жүзеге асырудың құқықтық-ұйымдастыру аспектілері. Экологиялық туризмнің қазіргі тұжырымдамасы және негізгі ұстанымдарымен танысу. «Ырғыз-Торғай» табиғи резерваты негізінде демалыс орындарын ұйымдастырудың жобасын жасау (презентация).

4 Тақырыпты оқытуда «Ақтөбе облысының өзен-көл жағалауларын ішкі туризмде қолдану» айрықша көңіл бөлу керек: Ақтөбе облысының гидрографиялық сипаттамасын жасау. Облыстағы бұлақ, көлдер суларының минералдылығы. Ырғыз, Ойыл, Жем, Қобда, Елек өзендерінің ішкі туризмде қолданылуына баға беру. Әйке, Шалқар, т.б. ұсақ көлдердің туризмдегі маңызы.

5 Тақырыпты оқытуда «Ақтөбе облысының экономикалық жағдайы» айрықша көңіл бөлу керек: Ақтөбе облысының экономикалық жай-күйін талдау. Ақтөбе облысының экономикасының басты салаларын сипаттау. Ақтөбе облысында болатын өнеркәсіптік көрмелер сипаты.

6 Тақырыпты оқытуда «Ақтөбе облысының әлеуметтік жағдайы» айрықша көңіл бөлу керек: Ақтөбе облысының әлеуметтік жағдайын сипаттау. Облыс халқының сапасы, өмір сүру көрсеткіштері.

7 Тақырыпты оқытуда «Ақтөбе облысының көліктік жағдайы» айрықша көңіл бөлу керек: Ақтөбе облысының көліктік жағдайы. Облыстағы темір жол көлігінің дамуы. Маңызды автомобиль жолдарының туризмдегі маңызы. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль жолының маңызы. Әуе көлігі.



8 Тақырыпты оқытуда «Ақтөбе облысының халықаралық қарым-қатынастары» айрықша көңіл бөлу керек: Ақтөбе облысы экономикасын дамытуда халықаралық қарым-қатынастардың маңызы. Қазақстан – Қытай, Қазақстан – Ресей, Қазақстан – Түркия байланыстары. Ақтөбе облысының сауда айналымында Ресейдің үлесі.

Коллоквиум сұрақтарының тізімі:

Емтихан бағдарламасы:



Сұрақтар тізімі

1

Ақтөбе облысының тарихи-географиялық зерттелу кезеңдері

2

Ақтөбе өлкесі аумағының зерттелуі туралы алғашқы географиялық мәліметтер

3

Ақтөбе өлкесі аумағының ежелгі дәуірден ХІХ ғ. дейінгі географиялық даму кезеңдері

4

Ақтөбе аймағының ХІХ ғ. қазіргі кезеңге дейінгі зерттелу тарихы

5

Ақтөбе облысының физикалық-географиялық орны

6

Облыс аумағының шекарасы

7

Физикалық-географиялық жағдайы жағынан облыстың ерекшеліктері

8

Облыс табиғат жағдайының әр түрлілігі

9

Ақтөбе облысы жер бедерінің қалыптасуы

10

Ақтөбе облысындағы геологиялық кезеңдер

11

Ақтөбе облысының геоморфологиясы

12

Орал-Ембі денудация үстірті

13

Орал маңы мен Мұғалжар денудациялық жазығы

14

Торғай денудация-құрылымдық жазығы

15

Солтүстік Арал маңы. Үстірт денудация-құрылымдық аймағы

16

Ақтөбе облысының климаты

17

Ақтөбе облысындағы климаттық ерекшеліктер және оны қалыптастырушы жағдайлар. Күннің жиынтық радиациясы

18

Облыстағы жыл маусымдары

19

Ақтөбе облысының гидрографиялық жүйесі

20

Каспий теңізі алабының өзендері

21

Арал теңізі алабының өзендері

22

Жергілікті ағынсыз ішкі аумақтар

23

Ақтөбе облысының топырағы

24

Ақтөбе облысының дала зонасы

25

Ақтөбе облысының шөл және шөлейт табиғат белдеулері. Өсімдіктер және жануарлар әлемі

26

Ақтөбе облысының ландшафтысы және экологиялық мәселелері

27

Ақтөбе облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары

28

«Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты

29

Ақтөбе облысындағы туризмді дамытуда табиғи ресурстар

30

Ақтөбе облысының рекреациялық ресурстары

31

Ақтөбе облысының экономикалық-географиялық жағдайына жалпы сипаттама

32

Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі

33

Ақтөбе облысының минералды ресурстары

34

Ақтөбе облысының жер ресурстары

35

Ақтөбе облысының су ресурстары

36

Ақтөбе облысының демографиялық жағдайы

37

Ақтөбе облысындағы халық санының өзгерісі. Облыс халқының туу, өлім, табиғи өсім процестері. Облыс халқының жастық-жыныстық, ұлттық, діни құрамы

38

Облыстағы көші-қон процесі

39

Ақтөбе облысының қала және ауыл халқы

40

Ақтөбе қаласының ірі қала ретінде дамуы. Ақтөбе облысының аймақтық даму жүйесінде шағын қалалардың экономикалық жағдайы

41

Ақтөбе облысы еңбек рыногының негізгі индикаторлары

42

Ақтөбе облысы шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы

43

Ақтөбе облысының өнеркәсіп географиясы

44

Ақтөбе облысы шаруашылығының қалыптасуы мен дамуындағы кезеңдер

45

Өнеркәсіп географиясының қалыптасуында ХХ ғ. басындағы тарихи оқиғалардың орны. ХХ ғ. аяғындағы Ақтөбе облысы шаруашылығының дамуы

46

Шаруашылықтың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктері

47

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы

48

Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашылығы құрылымдары

49

Ақтөбе облысындағы өсімдік шаруашылығы. Ақтөбе облысындағы мал шаруашылығы

50

Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының аудандастырылуы

51

Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік кешені. Тамақ өнеркәсібі

52

Ақтөбе облысының көлік және байланыс географиясы

53

Ақтөбе облысындағы ішкі туризмнің дамуы

54

Ақтөбе облысындағы туристік маршруттар: танымдық, экологиялық

55

Ақтөбе облысындағы туризмді дамытуда мәдени-тарихи ресурстардың маңызы

56

Ақтөбе облысындағы туризмді дамытуда табиғи ресурстар

57

Облыстағы сыртқы туризмге сипаттама

58

Облыста оқиғалы және іскерлік туризмді дамыту

59

Ақтөбе облысының халықаралық байланыстары

60

Ақтөбе облысының аудандарына сипаттама

61

Ақтөбе облысының солтүстік аудандары

62

Ақтөбе облысының оңтүстік аудандары

63

Ақтөбе облысының батыс аудандары

64

Ақтөбе облысының шығыс аудандары

65

Ақтөбе облысында экологиялық туризмді дамыту алғышарттары

66

Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұралары

67

Ақтөбе қаласында туристік маршруттарды ұйымдастыру

68

Ақтөбе облысында туристік кластерді дамыту

69

Ақтөбе облысында танымдық туризмді дамыту негіздері

70

Ақтөбе қаласының аумағында ұйымдастырылатын экскурсиялар


ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:
Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық),лабароториялық сабақтарды қамтып,материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептершығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп,ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауғатақырыптарбойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдарыбойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгіжәне қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс.Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.



  • Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

  • Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.


Курсты бағалау критериі



Бақылау

түрлері


апта




Қорытынды балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

100

1

Сабаққа қатысымы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*




100

2

Үй тапсырмасы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*




100

3

Практ. сабактары

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*




100

4

Дәріс сабағындағы тест сұрақтары













*

























*







100

5

Бақылау жұмысы













*




*




























100




Тест тапсырма-лары
















*






















*







100

6

Жазбаша сұрақ










*

























*










100

7

Аралық бақылау



















*






















*




100

8

Мәнжазба, эссе...........


































*













100

9

Презентация





































*










100

10

Курстық

жұмыс









































*







100




Емтихан














































*

100

Ескерту: *- тапсырма саны


БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:


Баға

Коэффициент

%

А

4,0

95-100%

А-

3,67

90-94%

В+

3,33

85-89%

В

3,0

80-84%

В-

2,67

75-79%

С+

2,33

70-74%

С

2,0

65-69%

С-

1,67

60-64%

Д+

1,33

55-59%

Д

1,0

50-54%

Ғ

0

0-49%



НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі әдебиеттер

  1. Назарчук М.К., Сергеева А.М., Абдуллина А.Г. Ақтөбе облысының географиясы. – Ақтөбе: 2012. – 318 б.

  2. Сегедин Р.А. Рассказ о геологии Актюбинской области и богатствах ее недр. – Актобе: 2002. – 106 с.

  3. Ақтөбе энциклопедиясы. – Ақтөбе: «Отандастар-Полиграфия», 2001. – 312 б.

  4. Назарчук М.К. Перспективы развития экологического туризма в Казахстане. – Алматы: ТОО «Экопроект», 2001. - 80 б.

  5. Агроклиматический справочник по Актюбинской обл. – Л.: гидрометеоиздат, 1994. – 27 с.

  6. Абдулин А.А. Геология и минеральные ресурсы Казахстана. – Алматы: «Ғылым», 1994. – 400 с.

  7. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – Алматы: Қаз ҰТУ, 2002. - 177 б.

  8. Ақтөбе облысының географиялық даму мәселелері. Ғылыми-тақырыптық жинақ. – Ақтөбе: 2006.

  9. Вилесов Е.Н., Науменко А.А., Веселова Л.К., Аубекеров Б.Ж. Физическая география Казахстана. – Алматы: «Қазақ университеті», 2009.

Қосымша әдебиеттер

  1. Бейсенова Ә.С. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы (Ежелгі дәуірлерден бастап ХХ ғасырдың басына дейін). – Алматы: 1990.

  2. Султангалиева Г.С., Ерофеева И.В. и др. История Актюбинской области. – Актобе: 2006.

  3. Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. – Уфа: 1999.

  4. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996.

  5. Ковшарь А.Ф., Давыгора А.В. Результаты российско-казахстанской экспедиции в Мугоджары и верхнюю часть бассейна Эмбы /Казахстанский орнитологический бюллетень. – Алматы: 2003. – С.32-34.

  6. Ковшарь А.Ф., Давыгора А.В., Карпов Ф.Ф. Орнитологические наблюдения в Урало-Эмбинском междуречье (Темир, Сагиз, Уил, Б.Хобда) в июне 2006 г./Selevinia-2006. – Алматы: 2006. - С.63-81.

  7. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический справочник. /Под ред. К.С.Абдиева. – Алматы: 2004. – 216 с.

  8. Ақтөбе облысының көлігі //Стат. жинақ. – Ақтөбе: 2013. – 23 б.

  9. Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы//Стат. жинақ. – Ақтөбе: 2013. – 193 б.

  10. Ақтөбе облысының аудандары //Статистикалық жинақ. – Ақтөбе: 2010.

  11. Байғанин ауданы энциклопедиясы. – Ақтөбе: «NOBEL», 2008. - 459 б.

  12. Қобда энциклопедиясы. – Ақтөбе: 2009. - 268 б.

  13. Ырғыз энциклопедиясы. – Алматы: «Дала» ЖШС, 2010 – 440 б.

  14. Сағындықов Е.Н., Тәжібаев М.Қ., Нұрғалымова К.С. Ақтөбе қаласының тарихы (1869-1991). – Ақтөбе: 1998. – 162 б.

  15. Тленшина Г.М., Султангалиева Г.С., Абдоллаев Н.А., Абенова Б.С. Из истории Актюбинской области. – Актобе: 2006. – 278 с.

  16. Султангалиева Г.С. Западный Казахстан в системе этнокультурных контактов (XVIII – начало ХХ вв). – Уфа: РИО РУНМЦ Госкомнауки РБ, 2002. – 262 с.

  17. aktobe.gov.kz/ru/node/131

  18. aktobe.stat.kz

  19. www.aktobe.stat.kz






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет