Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңдық жауапкершілігі екі негізде жүзеге асырылады



бет60/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңдық жауапкершілігі екі негізде жүзеге асырылады:

  1. Тәртіптік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады.

  2. Әкімшілік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін, олардың ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Егер оны бұзған жағдайда тәртіптік жауапкершілік пайда болады.

Лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын, т.с.с. қорғау аясындағы белгіленген ережелерді бұзғаны және сақтамауына байланысты олардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін пайда болады. Прокурор әкімшілік іс қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.

4сұрақ. Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың түрлері.

Азаматтардың өтініш жасау құқығы ҚР сы Конституциясының 33- бабында бекітілген, соған сәйкес ҚР сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге,сондай ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ҚР ның Конституциясына негізделген ҚР сы Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1995ж.19- маусымда қабылданған заң күші бар жарлығының орнына « Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы » 2007ж. 12- қаңтарда қабылданған жаңа заңға сәйкес және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Заңда өтініштердің түрлері ажыратылып,олардың ұғымдары берілген.

  • Өтініш дегеніміз: өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша,ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс,арыз,шағым,сауал немесе үн қосу.

  • Ұсыныс – адамның заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік– экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы.

1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет