Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет59/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

3сұрақ. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері. Азаматтардың заңды құқықтарының, міндеттерінің және заңды мүдделерінің кепілдіктері деп олардың нақты жүзеге асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдар

Мұндай кепілдіктер мынандай әрекеттерден тұрады: Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі заңдық міндетін орындау;

  • Оларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • Олардың жүзеге асырылуына байқау мен бақылау жасау;

  • Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

  • Оларды бұзған жағдайда санкциялар қолдану.

Мемлекеттік басқарушылық қызмет процессінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың екі бағыты бар:

Біріншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады:

Азаматтың өзіне бекітілген құқықтарды жүзеге асыру жөнінде атқарушы органға (лауазымды адамға) өтініш жасауы арқылы.

Өкілетті органның (лауазымды адамның) азаматтық өтінішін, оның заңдылығы мен негізділігін анықтау үшін, қарауы арқылы.

Олардың өтініш мәселесі бойынша шешім шығарылады.

Қабылданған шешімді орындауы.

Екіншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады.

Бұл атқарушы органның (лауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы:

Байқау жасап отыру функциясы арқылы жүзеге асырылады.

Қадағалау арқылы жүзеге асырылады.

Атқарушы органдардың ( дауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтарын тікелей қорғауы арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтардың құқықтарыын қорғауды жүзеге асыру жөнінде сот билігі және прокуратура органдары маңызды рөл атқарады.

Прокуратура органдары азаматтардың құқықтарын бұзатын басқарудың құқықтық актілеріне наразылық білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет