Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Нормативті-құқықтық актілерді шығару және басқа да заңдық маңызы бар әрекетті жүзеге асыруды және мемлекеттік басқарудың аспектілерін көрсету.
Жоспар:
Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы.
Атқарушы билік органдарының келісім жасауы.
Негізгі ұғымдар: Мемлекеттің басқару нысаны, Мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттің нысаны.
1сұрақ.Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады.
Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. 1.Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді: жоғары органдар. Мұндай органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар; агенттіктер ; мемлекеттік комитеттер; комитеттер;
Достарыңызбен бөлісу: |