Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет70/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің басқару әдістерінің түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер мен жанама басқаруға әсер етуші әдістердің мемлекеттік басқарудағы аспектілерін көрсету.
Жоспар:

  1. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі.

  2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері,мәні.

  3. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері, мәні.

Негізгі ұғымдар: Әкімшілік құқық, экономикалық әдістер, жанама басқару.
1сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
Атқарушы органдардың басқарылатын объектілерге тікелей басқарушылық ықпал жасаудың тәсілдері мен әдістері – басқару әдістері болып саналады. Басқаша айтқана, басқарудың әдісі атқарушы биліктің тиісті субъектісінің алдында тұрған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырудың нақты тәсілдері, осы биліктің өзін іске асырудың құралы болып табылады, Бұл әдістердің сипаттамасындағы ең маңыздысы мынада, олар басқарудың субъектісі мен объектісі өзара әрекеттескендігінде көрініс табады, олардың арасындағы байланысты білдіреді.
Басқарудың әдістеріне мыналар тән:
- олар мемлекеттік-басқарушылық қызметтің процесінде іске асырылады, мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының мақсаты қызметімен табиғи байланысты;
- оларды атқарушы билік субъектілері өздеріне бекітліген құзіретін іске асыру құралы ретінде пайдаланады;
- оларда атқарушы билік субъектілерінің заңдық-биліктік өкілеттіктері тікелей көрініс табады;
- басқарушылық ықпал жасаудың нақты әдістерін таңдап алу басқару объектісінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты.
Басқарушылық ықпал жасау басқару субъектісінің нормативтік немесе жеке-дара заңдық биліктік ерік білдіруі ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан, басқарудың әдістері нақты әдресаттар үшін міндетті, кейде жалпы міндетті болатын мінез-құлық ережелерін белгілеудің немесе нақты объектілерге қатысты және нақты мәселелер бойынша жеке-дара нұсқамалар тұжырымдаудан өзінің көрінісін табады; басқарудың әдістері өздерін тікелей білдіретін құқықтық нысанды қажет етеді, ол әдістерге міндетті болатын сипат береді,
әдістер өзінің ең айқын көрінісін басқарудың құқықтық актілерін табады.
Сонымен, басқарудың нысандары мен әдістері сияқты санаттардың тығыз арақатынас, олардың арасындағы тікелей байланыстьы айқын болып отыр. Егер басқарудың нысаны басқарудың тиісті субъектісінің жұмыс істейтінін және оның іс-әрекеті белгілі бір заңдық салдарлар туғызатын сырттай білдіретін болса, басқарудың әдісі осы заңдық салдарлар арнаулы тұлғағағ қандай тәсілдермен жеткізілетінін түсінуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, басқарудың қандай да болмасын нысаны басқарушылық іс-әрекеттермен толтырылады. Сөйтіп басқарудың нысаны іске қосылады.
Осы айтылғанның бәрі басқарудың әдісі мемлекеттік-басқарушылық қызметтің функцияларын, оның мақсаттарын іс жүзінде жүзеге асырудың құралы екендігін білдіреді. Ал бұл функциялар мен мақсаттар, шын мәнінде, әкімшілік-құқықтық нысандарда беріледі. Демек, әдіс-басқару субъектілерінің күнделікті қызметінде пайдаланатын әкімшілік-құқықтық нысандарда көрініс табатын басқарудың практикалық құралы. Басқаша айтқанда қызметтің әкімшілік -құқықтық дістері өздерінің сыртқы, яғни шынайы көрінісін әкімшілік-құқытық нысандардан ең алдымен басқарудың құқықтық актілерінен табады. Мысалы, егер өкілетті лауазымды адам қандай да бір тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы кінәлілігі туралы қорытындыға келсе, бұл лауазымды адамның тікелей міндеті әкімшілік жауаптылық шараларының бірін таңдау болып табылады. Ол өзінің әкімшілік жаза қолдану туралы біржақты шешіміне қаулы нысанында түр береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет