Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні



бет72/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

3сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
Экономикалық әдістер, яғни, жанама басқаруға әсер етуші әдістер, қағида бойынша мемлекеттік басқарушылық қызмет субъектілері тарапынан басқарылатындардың мінез-құлқына экономикалық немесе жанама ықпал жасаудың тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады. Бұл мынаны болжайды, басқарылатындардың мінез-құлқына басқарушылық мүдделері арқылы үзеге асырылады. Дегенмен де басқарушылық саналы еріктілік мінез-құлқы сақталып қалады.
Кейде басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері біріне-бірі қарсы қойылады. Және де басымдық екіншіге беріледі. Бірақ, бұған дәлелді негіз жоқ. Керісінше, олар біріне-бірі қарсы емес, өйткені оларды бірыңғай мақсат -басқарушылық ықпал жасау жақындастырады.
Оларды пайдалану атқарушы биліктің бір органдырының құзіретіне жатқызылған; олардың адресаты да бір объектілер. Ақыр соңында ең негізгісі – әкімшілік және экономикалық әдістер үшін бірыңғай құқықтық нысан белгіленген: басқару субъектісінің біржақты және биліктік ерік білдіруі.
Инфляция жағдайында еңбекақы мен зейтенақыны материалдық компенсациялаумен байланысты әр түрлі шаралар сөз жоқ басқарудың экономикалық тетіктерінің қатарына жатады. Бірақ, олардың тиісті әкімшілік-құқықтық құралдарсыз( мыс.,ҚР сы Президентінің жарлықтары,ҚРнің Үкіметінің актілері) өздігінен өзінің шынайы маңызы болмайды. Сондықтан, басқарудың әдістерін әкімшілік және экономикалық түрлерге бөлуді шартты деп қарау керек,себебі ықпал жасаудың экономикалық құралдары да әкімшілік-құқықтық әдістерінің мазмұнына кіреді. Экономикалық әдістердің түрлері: материалдық және моральдық жағдайлар жасау; материалдық көтермелеу; салықтық және өзге де жеңілдіктер беру; бірақ жағымсыз мінез құлқы болған жағдайда материалдық санкциялар қолданылуы мүмкін. Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады. Әкімшілік әдістер басқарылушы еркінің басқарушының еркіне бағынуымен сипатталады. Оларда басқару қызметінің табиғаты анық көрсетілген. Әкімшілік әдістерді қолдану басқару субъектілеріне басқарылатындарға тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Әкімшілік әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет