Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Басқарудың әкімшілік әдістері сыныпталады



бет73/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Басқарудың әкімшілік әдістері сыныпталады:

  • бейнелену сипатына байланысты - әкімшілік-құқықтық және әкімшілік-ұйымдастырушылық;

  • заңдық қасиеттеріне байланысты – нормативті және жеке. Нормативтілерге нұсқаулар және т.б. басқарылатындардың қызметін реттейтін актілер жатады. Жекелерге – нақты орындаушыларға жіберілетін тікелей бұйрық түріндегі нұсқаулар.

  • басқару субъектілерінің тәртібіне ықпал ету тәсіліне байланысты әкімшілік әдістер бөлінеді:

а) белгілі бір әрекеттерді істеуге міндеттейтін;
ә) белгілі бір әрекеттерді істеуге құзырет беретін;
б) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуге ынталандыратын;
в) белгілі бір әрекеттерді істеуге тыйым салатын.
Экономикалық әдістердің әкімшілік әдістерден айырмашылығы олар басқару объектілеріне тікелей емес, жанама түрде ықпал етеді. Экономикалық әдістердің арасында мынадай әдістер маңызды рөл атқарады: баға, табыс, сыйақылар, несие, экономикалық санкциялар. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері бір бірімен тығыз байланысты. Мысалы, материалдық ынталандыру басқарманың заңды актілерін құзыретті органдардың басуы арқылы рәсімделеді. Сондықтан басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін бір біріне қарсы қоюға болмайды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Атқарушы билікті жүзеге асырудағы әкімшілік-құқықтық әдістердің маңызы қандай?

  2. Қандай әдістерді тікелей басқаруға әсер ететін әдістер деп атайды?. Олардың түрлері қандай?

  3. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер дегеніміз не? Олардың түрлері қандай?

  4. Басқарудың әкімшілік әдістері қалай бөлінеді?



Глоссарий:
Басқару әдістері
Тікелей әкімшілік әдістер,
Жанама әдістер
Иландыру
мәжбүрлеу.
Әлеуметтік-психологиялық әдістер
Экономикалық әдістер


Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер



  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы.

  2. ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялық Заңы // Жоғарғы кеңес жаршысы. 2013

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық Заңы (2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

  4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ

  5. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі N 401 Кодексі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV Заңымен

  6. Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңымен

  7. Әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет