2сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні Атқарушы билікте жүзеге асыру процесінде пайдаланылатн әдістер әр түрлі. Бірақ олардың негізіне кез-келген мемлекеттік немесе қоғамдық жұмыстың екі әмбебап әдісі – иландыру және мәжбүрлеу.
Иландыру қызметтің негізгі әдісі болып табылады. Ол тәрбилелеу, түсіндіру, жақсы үлгілерді насихаттау, адал жұмыс үшін көтерлемелеу, материладық ынталандыру құралдарын пайдаланудан көрініс табады. Мәжбүрлеу дағды бойынша иландыру қүралдары нәтиже бермеген жағдайда, яғни мемлекеттік басқару аясында қолданылатын ережелердің талаптары бұзылған кезде пайдаланатын көмекші әдіс ретінде сипатталады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын бұзған жағдайда ол тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікті, әкімшілік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудан көрініс табады.
Басқарушылық ықпал жасаудың сипаты бойынша( тікелей және жанама түрде ) әкімшілік және экономикалық әдістер ажыратылады.
Әкімшілік әдістер яғни тікелей басқаруға әсер ететін әдістер мемлекеттік-басқару қызметі субъектілерінің басқарылатындардың мінез-құлқына тікелей немесе экономикадан тыс басқарушылық ықпал жасау тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады. Сондықтан, олар мемлекеттік басқару аясында қажетті мінез-құлықты заңды тұрғыдан биліктік қамтамасыз етуді барынша толық білдіреді. Олардың тікелей сипаты мынаны білдіреді, басқарудың субъектісі өзінің құзіретінің шеңберінде адресат, яғни басқару объектісі үшін заңды түрде міндетті болатын басқару шешімін қабылдайды, өйткені басқарушылық ықпал жасау басқару субъектісінің ерік білдіруінің бұйрықтық түрін болжайды. Басқарушылық ықпал жасаудың маңызды жолдарының бірі болып табылатын басқарудың билікті жүзеге асыру туралы айтылып отыр.
Бұл әдістердің экономикадан тыс сипаты мынаны білдіреді, басқарудың шынайы объектісі басқарылатындардың саналы ерік мінез-құлқы болып табылады. Мемлекеттік басқару аясындағы қажетті болатын еркі мен сана-сезімі арқылы мінез-қамтамасыз етеді. Әрине, қажетті жағдайларда тиісті мінез-құлыққа заңдық мәжбүрлеу мүмкіндігі рұқсат етіледі. Бірақ бұл тікелей ықпал жасауды мәжбүрлеумен біріктіруге негіз болып табылмайды. Өте көп жағдайларда мұндай ықпал жасау пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге есептеледі.
Әкімшілік құқықтық әдістердің түрлері: мінез құлық ережелерін (нормалар) белгілеу; нақты тапсырмалар бекіту; белгілі бір іс қимылдар жасау туралы нұсқамалар беру; лауазымға тағайындау; белгілі бір іс әрекеттерге тиым салу; әр түрлі рұқсаттар беру; тіркеу қызметтерін жүзеге асыру; бақылау мен қадағалау жүргізу; әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану.