Дәрістің мақсаты: Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқыктык мәртебесі туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету.Атқарушы билік органдарынын түрлерінің ерекшелігін көрсету болып табылады.
Жоспар: Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі
Атқарушы билік органдарының түрлері
Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі
Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі
Жергілікті атқарушы билік органдары, олардың түсінігі және қызмет жүйесі,ұйымдастыру негіздері
Негізгі ұғымдар: Мемлекеттік ұйым, билікті бөлі, жауаптылық, Ұсыныс, арыз, шағым, сауал.
1сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті жүзеге асыру және әкімшілік –құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.
Атқарушы билік органы құрылу сипатына байланысты:
Мемлекеттік ұйым және
Мемлекеттік емес ұйым болып бөлінеді.
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар,мемлекеттік мекемелер, және мемлекеттік органдар жатады. Олар өзінің қызметін өздерін құратын мемлекеттің атынан жүзеге асырады, бірақ, олардың қандай да бір биліктік өкілеттіктері болмайды және өзінің функциясына жатпайтын басқа функцияны жүзеге асыра алма йды.
Мемлекеттік емес ұйымдарды мемлекет құрмайды. Және олар мемлекеттің атынан биліктік өкілеттілігін жүргізе алмайды.
Яғни, Атқарушы билік органы дегеніміз бұл тиісті құзырет берілген белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы - өкім етуші қызметті жүзеге асыратын біршама дербес құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.
Биліктің кез-келген тармағының,оның ішінде атқарушы органдарының жұмысы, көбінесе басқарудың әдістерін қолдануымен анықталады.
Басқару әдістері дегеніміз:
1.әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру.
2.басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу.
Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі құрылымдық бөлімшілерді құру және олардың қызметін белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу, басқарушылық процестерді рәсімдеу.
Атқарушы билік органдарының өзіне тән белгілері бар:
Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады.Яғни, ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген,заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме.
Мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері болуы;
Яғни, Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік –биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні – олардың мынандай құқықтарына байланысты:
а) мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілерді шығару құқығы бар.Мыс. жол жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі туралы ережелер, санитарлық- гигиена туралы ережелер.
ә) құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуын мемлекет атынан байқауды (қадағалауды) жүзеге асырады.
б )заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында иландыру, түсіндіру, шараларын қолданады. Егер қажет болған жағдайда мәжбүрлеу шарасын қолданады;
Мемлекеттік –биліктік өкілеттіктер барлық мемлекеттік билік органдарына берілетін болғандықтан, атқарушы билік органдары мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктерді пайдаланудың шегін белгілейді. Яғни, бұл органдар шаруашылық, әлеуметтік- мәдениет және әкімшілік –саяси құрылысқа басшылық жасау процесінде заңдардың және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады;
Атқарушы билік органдары өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады;
Республикалық және аймақтық деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды. Бұл органдардың құзіретінің негіздері ҚР ның Конституциясында, заңдарда және басқа заңнамалық актілерде бекітіледі.Яғни,атқарушы билік органдары белгілі бір аумақта қызмет атқарады және өзіне тиісті міндеттері, функциялары, өкілеттіктері және жауапкершіліктері болады;
Заңдық актілер шығарады;
Атқарушы билік органдарының біріне бір бағынышты құрылымдық бөлімшелер құрылады. Яғни, ішкі ұйымдық құрылымының болуы. Мыс. Министрліктердің департаменттері;
Атқарушы биліктің әрбір органының белгілі бір аумақтық немесе мемлекеттік басқарушылық қызмет мәселесінің көлемі болады. Мыс. ҚРнің Үкіметі, облыстардың әкімдері;
Атқарушы билік органдары тек мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылады және заңды тұға болып табылады.Яғни, азаматтық құқық қабілеттілігі болады.
Сонымен, атқарушы билік органы дегеніміз - билікті бөлу принципіне сәйкес мемлекеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік- мәдениет және әкімшілік – саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы –өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік –биліктік механизмнің ( мемлекеттік аппараттың ) буыны.
2сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
Атқарушы билік органдары өзінің қызметінің мазмұны меннақты бағыты бойыншамынандай түрлерге бөліп қарастыруға болады. 1.Қызметінің аумақтық көлемі бойынша
Республикалық және
Жергілікті атқарушы билік органдарына бөлуге болады;
Республикалық атқарушы органдарының жергілікті жерлерде-ірі әкімшілік –аумақтық бөліністерде құратын органдары аумақтық болып есептелінеді.мыс. басқармалар, департаменттер Олар, жергілікті атқарушы билік органдарының жүйесіне кірмейді.Жергілікті атқарушы билік органдарына республиканың әкімшілік –аумақтық бөліністерінде құрылатын: облыстардағы, аудандардағы және қалалардағы әкімдіктер мен әкімдер
2.Құзіретінің көлемі мен сипатына қарай атқарушы билік органдары бөлінеді:Жалпы құзіретті яғни мемлекеттік басқарушылық қызметтің барлығына өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. Олар Үкімет пен әкімдіктер.Салалық құзіретті органдар Яғни олар өздеріне тапсырылған функцияларды басқару салаларының шегінде жүзеге асырады. Олар Министрліктер, комитеттер. Мыс. Ішкі істер комитеті.Салааралық құзіретті органдар. Яғни, барлық немесе бірнеше салалық жүйелер үшін ортақ болатын мәселелер бойынша, функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. Мыс. Стандартизациялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша үйлестіру.Бұлар министрлік те, агенттік те болуы мүмкін.Аралас құзіретті органдар .Яғни, олар өзінің функциялары мен өкілеттіктерін әрі салалық, әрі салааралық көлемде жүзеге асыратын органдар. Мұндай құқықтық нысан республикалық атқарушы билік органдарына тән құзірет.
3.Құрылу тәртібі мен тәсілі атқарушы билік органдары бөлінеді:Мемлекет басшысы құратын органдар. Мыс. ҚР ның Президенті ҚР сы Үкіметін, министрліктерін және басқа к органдарын құрады.Атқарушы билік органдарының өздері құратындары. Мыс. «ҚРсы Үкіметі туралы» Конституциялық заңмен Үкіметтің министрліктердің комитеттерін құру мүмкіндігі қаралған. Және Республикалық атқарушы билік органдары өздерінің ішкі салалық аумақтық органдарын құра алады.Кейбір жағдайларда сайлау тәсілі арқылы құрылады. Мыс жекелеген аудандарда және ауылдарда халықтың сайлауы арқылы эксперимент ретінде әкімдер сайланды.
4. Ведомстволық мәселелерді шешу тәртібі бойынша атқарушы билік органдары бөлінеді: