Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет55/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар өздерін басқа құқықтық қатынастардан айыратын ерекшеліктерге ие:

Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың ынтасы бойынша пайда болады.

Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар әкімшілік тәртіп қағидасы бойынша, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және өкім ету жолымен шешіледі.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан өкілдік ететін органның немесе лауазымды адамның алдында пайда болады.



5сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрамы болады. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері болып табылатындар:

  • Субъект;

  • Объект;

  • Заңды факт.

Заңдық нысан құқықтар мен міндеттер берген қоғамдық қатынастардың қатысушылары:

  • ҚР азаматтары;

  • шетел азаматтары;

  • азаматтығы жоқ адамдар;

  • мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық бөлімдері, кәсіпорындар, мекемелер және т.б. мемлекеттік ұйымдар;

  • қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

  • мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері;

  • әкімшілік құқықтар мен міндеттер берілген қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып басқару аясындағы адамдардың әрекеттері табылады. Олардың көмегімен мынадай қоғамдық қатынастар қарастырылады:
жалпы объект – мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар;
тікелей объект – субъект адамдардың әрекеттері.Мұндай әрекеттер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін.олар материалдық игіліктерде қолданылуы мүмкін (мысалы: азаматтардың денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және т.б.).Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен анықталған жағдайлар болғанда ғана пайда болады және тоқтатылады, яғни заңды фактілер негізінде. Заңды факт болып әрекеттер мен оқиғалар танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет