Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.


ОБСӨЖ тақырыбы: Халықтық педагогика элементтерін биология сабақтарында қолдану



бет7/11
Дата18.02.2017
өлшемі1,95 Mb.
#10405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ОБСӨЖ тақырыбы: Халықтық педагогика элементтерін биология сабақтарында қолдану.



ОБСӨЖ жоспары:

1.Мақал-мәтел , нақыл сөздер


2.Сөз – жұмбақтар пайдалану

ОБСӨЖ мақсаты: Халықтық педагогика элементтерін биология сабақтарында қолдануды мақал - мәтелді, нақыл сөздерді қолдануды үйрену.



ОБСӨЖ мәтіні:

Халыщпык, педагогика эалементтерін биология сабащпарында крлдану

Қазіргі таңда еліміздің саяси экономикалық аху-алы қиын, халықтың әлеуметтік-рухани жағдайы томен кезінде жастар, жасөспірім оқушылар тәрбиесін үлггық салт сана түрғысынан жүрігзуде жолға қою козделуде. Биологиялық оқыту әдісінің бүгінгі таң-дағы проблемасыньщ негізгі -берілетін білімнің мақ-сатын мүғалімнің жете түсінуі. Ол мақсат жас үрпақты, табиғат-адам-қоғам жүйесіндегі күрделі қарым—қатынасты түсінуге тәрбиелеу. Экологиялык білім мен төрбие арқылы эклогиялық мәдениет қалыптастыру, оқушыларды отанын сүюге, табиғатты қорғауға этит-калық, эстетикалык отаншылык қасиеттерін тәрбие-леу болып табылады. Осы мақсатта биология сабақта-рында үлттық дәстүрге тәрбие беруге, одан қала берсе білім қалыптастыруға мол мүмкіншіліктер бар. Университетте биология пан мүғалімдерін даярлау, білім беру барысында биологияны анықтау өдісі « пәні бой-ынша жүмыс бағдарламасында халықтық педогоика элементтерін биология сабақтарында қолдану тақы-рыбына арнайы 2-сағат дәріс және 2-сағат практикалық сабақтарына бөлінген. Дәріс сабағьгның мазмүнында суреттерге:



  1. Халықтық педагогика-тәрбиенің көзі.

  2. Халықтық педагогиканың биология пәндерін оқытудагы алатын орны.

  3. Биология пәндерін оқыту барысында халықтық педагогика элементтерін қол-дану:

а). Өсімдіктану тану пені

ә). Жануартану пәні

б). Тәнтану және тіршілік тану пәндері бойынша теориялық түсініктер қалыптастырылады, ал лабора-ториялық-практикалық сабақтарды студенттер биоло­гия пәндерінің эр курсы бойынша таңдап алған тақы-рыптарына халықтық педагогика элементтерін кірістіре отырып әдістемелік оңдеулер жүргізеді, алдын-ала дайындау жүмыстарынан соң тақырып бойынша аудито-рияда жаңа сабақтың мазмүнын түсіндіріи, бекіту фрагменттерін қосып сабақ өтіледі.

Сабақтың барысында тақырыпқа байланысты қазақ халқының табиғатты қорғау әдістерін, үлттық ойындарын, мақал-мәтелдерін, жүмбақтар мен жаңылтпаштарды табигатқа байланысты өлең-жыр, өн-күй, сөз-өрім т.б. түрлерін қолдану сабақтың қүндылығын арттырады. Мысалы: мақал-мәтелдері: «Көлдің көркі қүрақ, таудың көркі бүлақ», «Бүлақты жер-турақты жер», «Бір тал кессең, он тал ек», «Мал өсірсең қой өсір, енімі оның кәл-көсір», мақал-мәтел дерін кол-дану сабақтың мазмүнын aum түседі. Өсімдіктану пәнінен халықтық педагогика элеменітерін қолдану-дың кейбір мысалдары. Өсімдіктану пәнінің «Кіріспе» тақырыбанынан бастап, өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі, халық-шаруашылығындағы маңызы, өсімдіктерді қорғау, Қазақстанның қызыл кітапқа енген өсімдіктері т.б. тақырыптар бойынша-халыктық пе­дагогика элементтерін қолдануға болады. Ғасырлар бойы мал өсірген, соған сөйкес жер жайында, осімдік түрлерін және олардың атауларын білген. Сонымен бірге шипалы есімдіктердің дертке дауа түрлерінің өсетін ортасын, гүлдену, пісіп -жетілу және жинап-кептіру кезеңдерін де жақсы білген. 1-ші сабақтың өзінде оқушыларга халқымыздың өсімдіктердің пай-дасын, қадір-қасиетін жоғары бағалайтын даналык сөздері мен мақал-мөтелдері табиғаттың көркін, сым-батіъі сүлулығын сактай білу керектігі саналарына үғындырылады. Мысалы: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең он тал ек», «Дәрі шөптен шығады-дана коптен шығады», «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тагы өсір», «Бабалар еккен шынарды, бала-лар саялайды», «Қораңда малың болсын, көягеде та-лың болсын» , «Дала көркі мал, әзен коркі-тал», «Тау бүлагымен көрікті, бүлақ қүрағымен көрікті» деген мақал-мәтелдердің мағынасы ашылады.


Глоссарий:

Пайдаланған әдебиеттер


Негізгілері:

  1. Бинас А.В. , Маш Р.Д., Никишов А.И. и др. Биологический эксперименты в школе М. , Просвещения, 1990.

  2. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии: Учебник для студентов биологических специальностей. М., Просвещение, 1983.

  3. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавание биологии. М: Просвещение 1985.

  4. Хрестоматия по методике препордавания биологии сост. И.Д. Карцева, Л.С. Шубкина. Учебное пособие для студентов педагогических вузов по биологическим специальностям. М. Просвешение , 1984.

  5. Школьные программы и учебники по биологии.

  6. Журналы Биология в школе

  7. Колченко А.К., Энциклопедия педагогических технологий, Изд. КАРО, 2002.

Қосымшалар:

  1. Анастасова Л.П. Сомастоятельные работы учащихся по общей биологии: Пособие для учителя. М: Просвещение, 1989.

  2. Бруновт Е.Т. Малахова Г. Я. Сакалова Е. Л. Уроки анатомии и физиологии , гигиены человека. М. Просвещение, 1984.

  3. Всесвятскии Б.В. Системный подход к биологическому образованию. М. Просвешение 1985.

  4. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Бруновт Е.Т. Воспитания учащихся в процессе обучения биологии. М. Просвещение 1984.

  5. Калинова Г. С. Мягкова А. Н. Методика обучения биологии 6-7 классов: Растения. Бактерии. Грибы. Лишайники. Пособия для учителя. М. Просвешение 1989.

  6. Кейран Л.Ф. Структура методике обучения как науки. М. Просвешение 1979.

  7. Конюшко В. С. Как подготовить урок биологии: Пособия для учителя. Минск, Нарадная асвета, 1988.

  8. Максимова В.Н., Груздева Н. В. Межпредметные связи в обучении биологии. М. Просвешение 1987.

  9. Методика обучения в школьных курсах биологии ред. Д. И. Трайтак. М. Просвешение 1980.

  10. Методика обучения ботанике ред. Н.В. Падалко., В.Н. Федоровой. М. Просвешение 1982.

  11. Молис С. С. Молис С. А. Активные формы и методы обучения биологии: Животные . Книги для учителя. М. Просвешение 1988.

  12. Муртазин Г. М. Активные формы и методы обучения биологии: Человек и его здоровье. М. Просвешение 1989.

  13. Пономорева И.Н: Изучение экологии в школе : Экология растений основами биогеоценологии М. Просвешение 1978.

  14. Пономорева И.Н:Экологические питания, их система и развития в курсе биологии Л. 1979.


ОБСӨЖ № 23.

ОБСӨЖ тақырыбы: Сабақ -биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары.


ОБСӨЖ жоспары:

а) сабақтың негізгі мақсаттары

б) сапалы сабақ өткізу

в) сабақтың тәрбиелік әдісі



ОБСӨЖ мақсаты: Сабақ - биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формаларын, сабақтың негізгі мақсаттарын, сапалы сабақ өткізуді, сабақтың тәрбиелік әдісін үйрену.



ОБСӨЖ мәтіні: Биология сабақтарының жүйеленуі, құлрлымы және мұғалімнің сабаққа дайындығы

Жоғарғылда айтылғандай оқу - тәрбие жұмысының негізгі формасы – сабақ. Сабақта мектеп оқушылары тұрақты ұжыммен белгіленген уақытта сабақ кестесіне сай білім алады. Сабақтың элементтері бір – бірімен тығыз байланысты және ол бір тұтас құрлым тұрақты жүйе ретінде қарастырлады.

Дидактикада сабақтардың бірнеше жүйесі келтірлген. Педагоктың оқушылардың іс - әрекетіне негіздесек сабақтардың төмендегідей түрлерін бөлуге болады:


  1. Аралас ( комбинированный) сабақ;

  2. Оқушыларға жаңа біліммен дағдыларды қалыптастыру сабағы;

  3. Меңгерген оқу материялдарын жүйелеп, жинақтап қорыту, немесе қайталау сабақтары;

  4. Оқушылардың білім сапасы мен икем - дағдыларының бағалау сабақтары.

Нақты тақырыптардың құрлымы мен сабақтың атқаратын қызметіне байланысты: кіріспе сабағы, оқушылардың жаңа материялды меңгеру сабағы, жинақтап қорыту сабақтары болып бөлінеді.

Осы айтылған сабақтардың барлығы да биологиялық пәндердің оқыту барысында өз мәнінде күнделікті оқу тәрбие жұмыстарында қолданылады. Методикалық тұрғыдан дұрыс құрастырлған сабақтар мұғалімінің оқушылармен бірге жүргізген бір қатар оқу - тәрбие жұмыстарының мақсаттарын шешеді.

1. Бағдарламаға сай білімнің көлемін оқушылардың мңгеру сапасы арттырып, оқушылардың дүниеге көз – қарасын дамытады;

2. Оқушылардың қоршаған ортаны, өзінің ағзасын танып білудегі икем дағдыларын дамытып тіршілікте осы дағдыларды пайдалана білуге үйретеді;

3. Биологияны оқыту процесінде оқушылардың бойында пәнге деген құнды -эмоционалды қарым – қатынастарын қалыптастырып шығармашылық белсенділіктерін арттырады. Оқушының жеке деңгеиінің жоғарылауын және өзіндік дамуын қалыптастырады.

4. Қазіргі әлуметтік қоғамда жеке тұлғаның бейделунің мүмкіншіліктерін, өзіне - өзі нақты баға беру, үйреншікті ойлаудан бөлек заманның талабына сай ойлауын сана -сезімін арттыраады;



  1. Оқушылардың жекеше позотивтік қасиеттерін қалыптастырады.

Осы көрсетілген мақсаттардың барлығы бір – біріне тығыз байланыста оқу- тәрбие жұмытарында үйлесімді бір – бірімен жалғасып жүреді. Бұл мақсаттарды шешу үшін, күнделікті биология пәндерін оқыту барысында сабақтардың алуан – түрлері қолданылады.

Мысалы:


  1. “Ойлау” - сабағы;

  2. “Саяхат” – сабағы.

  3. “Сот” – сабағы;

  4. “Ойын” – сабағы;

  5. “Дөңгелек үстел” - сабағы;

  6. “Интерграцияланған” – сабағы;

  7. “ Диспут” – сабағы;

  8. “Конференция” – сабағы;

  9. “Зерттеу” – сабағы;

10. “Экскурсия” - сабағы; т.б.
Аталған сабақ түрлерімен биологияны оқыту әдісіндегі қолданылатын сабақтардың түрлерін шектеуге болмайды. Пәннің, тақырыптың мазмұнына сай мұғалімнің сабақтарды түрлендіруі, оның шығаомашылығы мен фантазиясына байланысты. Биология сабақтарындағы мұғаліммен оқушылардың жұмысының іс - әрекетінің жемісті аяқталуы қандай жағдайларға байланысты екендігі, әркездеде мұғалімді толғандырып, ойландыратын маңызды сұрақтардың бірі. Бұл сұраққа жауап беру үшін, сабақтың тиімділігін арттыратын факторлардың комплексін атап көрсетуге болады, ол: мұғалімнің маман ретінде дайындық деңгейі, класстағы оқушылардың интелектуальды мүмкіншіліктері, оқушылардың биология пәінінедеген қызығушылығы, ынтасы, сонымен бірге оқушылардың класстағы саны және жас ерекшеліктері, биология кабинетінің қазіргі заманның талабына сай жабдықталуы, мұғалім мен оқушылар арасындағы жекеше қарым – қатынас, мектептің оқу сабақ кестесіндегібиология пәнінің алатын орны тағы басқа.

Мынандай жағдайды мысалға келтірейік: эрудициясы жоғары әдістеменің жан – жақты, қыры – сырын білетін, биология білімдерімен қаруланған мұғалім деңгейі жоғары класта сабақ береді , оқушылармен қарым – қатынасы жақсы жолға қойылған. Оқу кабинеті жақсы жабдықталған. Биология сабағының реттнөмірі сабақ кестесінің орта бөліміне қойылған, оқушылар әлі шаршамаған кезде өтледі.



Бұл сабақ міндетті түрде жемісті өтеді, деп айта аламыз ба? Десек те, толық кепілдік бере алмаймыз. Сабақтың педагогикалық тиімділігінің төмен болуы мұғалімнің сабаққа жеткіліксіз дайындық пен келуінен байланысты болуы мүмкін. Мектеп тәжрибесінде сабақтың тартымсыз өтуі, аса тәжрибелі мұғалімдерде де кездеседі, оның себебі мұғалімнің алдын – ала сабақтың құрлымын логикалық тұрғыда ойластырмауында, оқытудың әдіс тәсілдерінің кезектестігі мен үйлесімдігін дұрыстап ойластырып құрастырмауына байланысты. Сондықтан мұғалімнің сабаққа дайындық кезеңі көп мәселелерді шешеді. Мұғалімнің сабаққа дайындығын оның жоспар үзуінен бастайық.

  1. Оқу тақырыбындағы сабақтың орнын және мақсатын, міндетін нақты аықтап алу.

  2. Мектеп бағдарламасының пән бойыныша мазмұнымен толық таысып биологиядан, ғылыми көпшілік әдебиеттермен, тақырып бойынша методикалықнұсқаулармен таныс болып, сабаққа қажетті негізгі мазмұнды таңдап алу.

  3. Сабақтың мінлеттеріне байланысты, мазмұнын ескере отырып оның әдісі мен тәсілдерін анықтау.

  4. Оқытуға қажетті құрал жабдықтарды таңдап алу. (көрнекіліктер, техникалық құрал жабдықтар т.б.).

  5. Сабақтың құрлымын, оның негізгі бөліктерін логикалық кезектестіін анықтау.

  6. Сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақытты анықтау (шамалап).

  7. Сабақтың жалпы жоспарын түзіп, жазу . Егер сабақты дәстүрлі түрде өтетін болса төмендегідей сызба нұсқаны пайдалануға болады;

    1. Сабақтың тақырыбы;

    2. Сабақтың мақсаты білім – беру, дамыту, тәрбиелеу);

    3. Сабақта қолданылатын әдістер ( барлық түрін тізіп шығып, негізгісін көрсету).

    4. Қажетті әдебиеттердің тізімі.


Пайдаланған әдебиеттер


Негізгілері:

  1. Бинас А.В. , Маш Р.Д., Никишов А.И. и др. Биологический эксперименты в школе М. , Просвещения, 1990.

  2. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии: Учебник для студентов биологических специальностей. М., Просвещение, 1983.

  3. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавание биологии. М: Просвещение 1985.

  4. Хрестоматия по методике препордавания биологии сост. И.Д. Карцева, Л.С. Шубкина. Учебное пособие для студентов педагогических вузов по биологическим специальностям. М. Просвешение , 1984.

  5. Школьные программы и учебники по биологии.

  6. Журналы Биология в школе

  7. Колченко А.К., Энциклопедия педагогических технологий, Изд. КАРО, 2002.

Қосымшалар:

  1. Анастасова Л.П. Сомастоятельные работы учащихся по общей биологии: Пособие для учителя. М: Просвещение, 1989.

  2. Бруновт Е.Т. Малахова Г. Я. Сакалова Е. Л. Уроки анатомии и физиологии , гигиены человека. М. Просвещение, 1984.

  3. Всесвятскии Б.В. Системный подход к биологическому образованию. М. Просвешение 1985.

  4. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Бруновт Е.Т. Воспитания учащихся в процессе обучения биологии. М. Просвещение 1984.

  5. Калинова Г. С. Мягкова А. Н. Методика обучения биологии 6-7 классов: Растения. Бактерии. Грибы. Лишайники. Пособия для учителя. М. Просвешение 1989.

  6. Кейран Л.Ф. Структура методике обучения как науки. М. Просвешение 1979.

  7. Конюшко В. С. Как подготовить урок биологии: Пособия для учителя. Минск, Нарадная асвета, 1988.

  8. Максимова В.Н., Груздева Н. В. Межпредметные связи в обучении биологии. М. Просвешение 1987.

  9. Методика обучения в школьных курсах биологии ред. Д. И. Трайтак. М. Просвешение 1980.

  10. Методика обучения ботанике ред. Н.В. Падалко., В.Н. Федоровой. М. Просвешение 1982.

  11. Молис С. С. Молис С. А. Активные формы и методы обучения биологии: Животные . Книги для учителя. М. Просвешение 1988.

  12. Муртазин Г. М. Активные формы и методы обучения биологии: Человек и его здоровье. М. Просвешение 1989.

  13. Пономорева И.Н: Изучение экологии в школе : Экология растений основами биогеоценологии М. Просвешение 1978.

  14. Пономорева И.Н:Экологические питания, их система и развития в курсе биологии Л. 1979.

ОБСӨЖ № 24.

ОБСӨЖ тақырыбы: Биологияны оқытуда пән аралық байланыстар



ОБСӨЖ жоспары:

а) пән аралық байланыстың мақсаты


б) күнделікті сабақ өткізуге пайдалану

в) пән аралық байланыстың қызметі



ОБСӨЖ мақсаты: Пән аралық байланыстың мақсаты күнделікті сабақ өткізуге пайдалануды үйрену.



ОБСӨЖ мәтіні: Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі.

Биология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады:



  • Бірінші – методикалық қызметі. Осы қызметті оқушылардың табиғаттануға, оның біртұтастығы мен дамуына дидактикалық - материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

  • Екінші – оқушының білімдік ой – санасын қалыптастырып, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.

  • Үшінші – тәрбиелік қызметі. Осы қызметті пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруда көмектеседі.

  • Төртінші – конструктивті қызметі. Оқу материалдарының мазмұнын, әдісі мен ұйымдастыру формаларын арттыруға көмектеседі.

Мектеп мұғалімдері күнделікті оқыту жұмыстарына пәнаралық байланысты іс жүзінде пайдалану кездерінде көптеген қиындыққа кездеседі. Оның негізгі себебі, пәнаралық байланыстар жайлы керекті оқу әдістеиелік құралдардың жоқтығынан.

Биологиялық курысынан сабақ беру үшін әрбір мұғалім пәнаралық байланысты «іс жүзінде» орындауы тиіс. Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады.

А) Биологияның әрбір курсының және басқа да пәндердің басты тақырыптарының арасындағы пәнаралық байланыстарды талдап, қосымша әдебиеттерді пайдалану.

Ә) Курстық және тақырыптық жоспарларды пайдаланып, пәнаралық байланысқа сәйкестендіріліп, сабақтың жоспарын құру.

Б) Нақтылы сабақтың тақырыбы бойынша әдістемелік тәсілдермен керекті құрал – жабдықтарды дайындау, тағы басқалар. Іс жүзінде орындауға қолданылатын әдістемелік тәсілдердің барлығы оқушылардың өз бетімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналады.

Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру және тәрбиелеу процестерін қалыптастыру.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек.

Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы,

ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл – Фараби

ҚР – сы Тәуелсіздік алғаннан бері жас өспірімдерге тәрбие беру өзекті мәселе болып келеді. Тәуелсіз Республикаға біліммен қаруланған, жан – жақты дамыған, шығармашылықпен еңбек ете алатын дарынды адамдар қажет.Тәрбие мәселелерін шешу үшін биология пәні мазмұны жағынан да оқыту әдістері жағынан да тиімді және тәрбиелеудің барлық түрлерін қамтамасыз етеді. Сондықтанда биологияны оқытуда пәнаралық байланыста өткізу оқушылардың білімін дамытумен қатар тәрбиелік қызметінің де қалыптасуына үмкіндік береді.

Оқушылардың білімін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың негізгі үш тобына тоқталайық:



  1. Оқушылардың білімін дамыту.

  2. Алған білімін іс жүзінде қолдану.

  3. Алған білімін бағалай отырып іскерлігін дамыту.

Әрбір мұғалім оқу материалының мазмұнын сараптай отырып пәнаралық байланыстарды анықтап, әр түрлі әдістерді пайдаланып, өз жұмысын іске асыру қажет. Ал тәрбие элементтеріне келетін болсақ, олар;

  1. Дүниетанымдағы ғылыми көзқарасты

  2. Ойлауды тәрбиелеу

  3. Еңбек ету мәдениетін тәрбиелеу

  4. Эстетикалық тәрбие

  5. Этикалық тәрбие

Биология сабақтарында кең және жан – жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді.

Оқушылардық танымдық процестерін арттыру.

Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептері шығаруды үйрету.

Пән аралық танымды қалыптастырушы есептерді басты үш топқа бөлуге болады;



  • Бірінші – оқушының танымдық білімін арттыру:а ба:ыттал:ан есептер.

  • Екінші - теориялық білімдерді практикада пайдалануға бағытталған есептер.

  • Үшінші – Оқушылардың іскерлігін, ептілігін қалыптастырыуға бағытталған есептер.

Практикалық іскерлігін дамытуға арналған есептерді шығару барысында оқушының есептеу, өлшеу, эксперименттерді жүргізу, өз бетінше ойлану және т.б. іскерлік жақтарының дамуына мүмкіндік туады.

Оқушылардың іскерлігін, ептігін, төтенще құбылыстарды байқау жағын қалыптастыратын есептерде аса көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе тірі ағзалардың эволюциялық даму үрдісінде кездесетін құбылыстар қарапайым атомдардан – молекула – жасуша – ұлпа – мүше – мүшелер жүйесі – популяция – түр және одан да жоғары деңгейлеріне тоқтағанда оқушының дүниеге тірі табиғатқа көзқарасын қалыптастыратын нақтылы фактілерді, ғылымның басқа салаларындағы жаңалықтарды пайдаланған жөн.



Тәнтану курсында пәнаралық байланысты іске асыруда бірінші – проблемалық жағдайларды тудыру, оларды талқылау, танымдық есептерді шығарудың маңызы зор.

Мысалы «Бұлшық еттердің жұмысы» тақырыбында оқушылардың проблемалық мәселелерді шешуіне тура келеді.

« Неге адамның бұлшық еттері әртүрлі қимылдар жасаған кезде адам денесі қызып, жылу бөлінеді ? » Бұл жердегі шешуі талап етілген мәселелердің бірі - химиялық ээкзотикалық және эндотермия реакциялар кезінде энергияның өзгеруі физика пәнінен энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуы жайлы білімді пайдаланып, жұиыс істегенде еттен ағып шыққан көктамыр қанының температурасы салатамыр ( артерия ) арқылы сол етке келіп құятын қанның темпиратурасынан жоғары болатынын түсіну. Ал оқушылардың бір тобы өсімдіктер мен жануарлар курысын өткендегі тыныс алудың жасушадағы органикалық заттар тотығып, жылу бөлінетіндігі туралы білімін естеріне түсіріп жұмыс кезінде ет талшықтарындағы жаттығу үрдісінің нетижесінен бөлінген жылу деп жауап беруі мүмкін, ол жылуда экзотермиялық.

«Неге ет жұмыс істегенде көп, ал тұқым тыныс алғанда аз энергия бөледі ? » - деген сұраққа оқушылар физмка курысынан алған білімін есе алып «Жұмыс істеген еттерде механикалық энергия жылу энергиясына айналады» - дейді. Ал бұл жерде «механикалық энергия қайдан пайда болады ? » - деген сұраққа былай түсіндірме беруге болады: ет талшықтарындағы ақуыздар мен көмірсулар ыдырауының және тотығуының нәтижесінде химиялық байланыстардың түзілуінен энергия бөлінеді, қан плазмасы осының салдарынан жылуды сіңіреді, сөйтіп оның темпиратурасы жоғарылайды. Адам денесінде пайда болған тер буланғанда да артық жылуды қоса алып кетіп, адам денесіндегі жалпы температураны бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады.



Бақылау сұрақтары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет