Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,88 Mb.
#602
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМДАР МЕН ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚАРМТУ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде
5-жинақ

Қарағанды 2014

ӘОЖ 355.341.1. (574)

КБЖ 74.58 (5 Каз-4 Ка)

Т 18
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен



Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, В.В. Козина, Л.Г. Матвеенкова, Е.Н. Ивлева, А.К. Мубаракова, А.Т. Оралова,

Т.К. Исабеков, О.А. Шарая, Т.И. Лысачева, С.К. Тутанов, И.В. Брейдо,

А.Е. Даниярова, Ф.К. Низаметдинов, Н.Х. Шәріпов, М.В. Пономарева,

Н.Б. Давлетбаева, Л.С. Кипнис, З.А. Молдағалиев.

Т 18 Танымал ғалымдар мен педагогтардың ҚарМТУ дамуына қосқан үлесі. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 5 - жинақ / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2014. – 87 б.


Жинақта ҚарМТУ дамуының негізгі кезеңдеріне, университеттің дамуына үлкен үлес қосқан және оның мақтанышы болып табылатын ғалымдарға, педагогтарға арналған мақалалар бар.

Жинақ материалдары кураторларға «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» атты патриоттық тәрбие беру Тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде кураторлық сағаттар дайындау және басқа іс-шаралар өткізу үшін ұсынылады.

ӘОЖ 355.341.1. (574)

КБЖ 74.58 (5 Каз-4 Ка)
© Қарағанды мемелкеттік

техникалық университеті, 2014



А.М. Ғазалиев,

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

ҚР ҰҒА академигі



ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫНА ҮЛКЕН ҮЛЕС
Құрметті әріптестер!
Орталық Қазақстан индустриясын қарқынды арттыру жылдары 60 жыл бұрын Орталық Қазақстанда бірінші және Қазақстан екінші техникалық ЖОО – Қарағанды тау-кен институты құрылды. Біз бұл ҚР Тұңғыш Президентінің ЖОО екенін ерекше мақтанышпен айтамыз, себебі Нұрсұлтан Назарбаев жоғары техникалық білім негіздерін нақ осы жерде алған. 2012 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні Нұрсұлтан Әбішұлы ҚарМТУ-ға келді, бұл туралы Құрметті қонақтар кітабында өз қолымен жазылған жазбасы куәландырады: «Мен осы оқу орнында – барлық Қазақстан үшін инженерлік кадрлар шеберханасында оқығанымды мақтан етемін».

Қарағанды тау-кен институтына бірінші қабылдау 1953 жылы жүзеге асырылды. 200 студент «Пайдалы қазбалар кен орындарын әзірлеу» және «Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы және тау-кен электр механикасы» мамандықтар бойынша оқуға түсті. 1958 жылы ЖОО политехникалық институт болып түрленді және кейіннен индустриялық Орталық Қазақстан өңірінің өнеркәсіптік дамуын қамтамасыз етеді.

Уақыт өте ҚарПТИ еліміздің жоғары техникалық білімін дамытуға үлкен үлес қосты. Нақ ҚарПТИ филиалдарының негізінде Қарағанды индустриялық университеті, Балқаш гуманитарлық-техникалық институты, О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті құрылды. ҚарПТИ Көкшетау филиалы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті құрамына, ал Петропавлдікі – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрамына енді.

Халық шаруашылығы үшін мамандар даярлаудағы табыстары және ғылыми зерттеулер орындағаны үшін КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал 1980 жылы ҚарПТИ социалисттік жарыста көшбасшы болды. Онда 870 ЖОО қатысты, жеңімпаздар тек екеуі: М. Ломоносов атындағы ММУ және ҚарПТИ мойындалды. 1996 жылы институт Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті болып қайта ұйымдастырылды.

ЖОО түрлі кезеңдерде қалыптасуы мен дамуына ректорлар: Жүніс Нұрмұхамедов, Әбілқас Сағынов, Александр Лазуткин, Геннадий Пивень ықпал етті. Олардың әрқайсысы өз буынының өкілі болды, мамандарды даярлау сапасын арттыруға көп істер жасады. Социалисттік Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, профессор Әбілқас Сағыновтың еңбегін артық бағаламауға болмайды, ол Қарағанды политехникалық университетін 33 жыл басқарды. Жоғары білім және тау-кен ғылымы патриархы еңбегінің құрметіне 2012 жылы 21 желтоқсанда ҚарМТУ-дың бас корпусы алдындағы алаңға ескерткіш орнатылды.

Біз шындығында түлектерімізді мақтан етеміз. Осы жылдар ішінде олардың 75 000 астамы – талантты мемлекеттік қайраткерлердің, ғалымдардың, ғылым, білім беру және өндіріс ұйымдастырушыларының тұтас топтамасы даярланды. Университет бұрынғы табыстарына массаттанбастан, үдемелі дамып келеді. ҚарМТУ-да ҚР Тұңғыш Президентінің өнегесінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің бірегей моделі әзірленді, ол жан-жақты сыналды және ҚР БҒМ республиканың ЖОО-да жүзеге асыруға ұсынды. 2008 жылы Қазақстанда алғашқы Корпоративті Университет құрылды, оған 87 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын, ғылыми ұйымдар және Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь және Өзбекстанның ЖОО енеді. Қазіргі Корпоративті Университет қажетті құзіреттілікті игеру үшін теория мен практиканың тығыз өзара байланысы принципін жүзеге асыратын дуалды оқыту локомотиві болды. Кәсіпорын білім беру стандарттарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуде белсенді араласады.

Білім беру процесінің халықаралық стандарттарға бағдарлануы «білім – ғылым - инновациялар» үштігінің терең ықпалдасуын және бірігуін қарастырады. ЖОО-да, 50-ден астам ҒЗИ, ғылыми зертханалар мен орталықтар, шағын ендіру кәсіпорындары енетін инновациялық ғылыми-техникалық кешен жұмыс істейді. Осы инновациялық бөлімшелер орындаған ҒЗЖ көлемі 2012 жылы 1,4 млрд теңгені құрады. 26 мамандық бойынша мамандарды мақсатты даярлау Қазақстанның Қарағанды облысын индустрияландыру Картасына енетін 66 кәсіпорнында жүргізіледі. Білім, ғылым және өндірістің тығыз ықпалдасуы негізінде бес ғылыми-оқу-өндірістік бірлестігі құрылды: «Құрылысты және ТКШ түрлендіру», «Металлургия», «Көлік», «Дуалды техникалық білім» және «Дуалды әскери оқыту». Олардың құрамына ғылыми-зерттеу институттары, жұмысшы мамандағы орталықтары, шығарушы кафедралардың филиалдары, Корпоративті университет кәсіпорындары, қорғаныс, төтенше жағдайлар және ҚР ішкі істер министрліктерінің бөлімшелері енеді.

Оқу процесін қарқындату және мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін университет оқу процесіне әлемдік өндірушілердің, құны 450 млн теңгеден астам ғылыми-зертханалық және ақпараттық-коммуникациялық жабдығының бірегей кешенін енгізді, техника бюджеттен тыс қаражатқа алынды және Корпоративтік Университет кәсіпорындары сыйға тартты. Кәсіптік практика кезеңінде студенттерге жалақы төленетін жерлерде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін біз анағұрлым қажет етілетін тау-кен, машина жасау, құрылыс және дәнекерлеу бейінді мамандықтары бойынша төрт жұмысшы мамандығы орталығын құрдық. Өз кезегінде Корпоративтік Университет кәсіпорындарында шығарушы кафедралардың 55 филиалы қызмет етеді, онда студенттер жаңа заманғы деңгейде кәсіптік практикадан өтеді. Жеке алғанда, ағымдағы жылдың маусым айының басында ҚарМТУ-дың екінші курсының 25 студенті Минск трактор зауытының кәсіпорындарына, Беларусьта БелАЗ және «Амкодора» шықты. Кедендік одақ шеңберінде автоөнеркәсібі алыптары біздің студенттерімізге төленетін жұмыс орындарын береді, одан кейін Қазақстанда өздерінің өндірістік учаскелеріне жұмысқа тұрғызады.

ҚарМТУ жанында Қазақстандық дәнекерлеу институты базасында бір жыл бұрын әлемнің 56 елінде мойындалатын халықаралық үлгідегі дәнекерлеуші-инженерлер дипломдары берілетін мамандардың алғашқы ағынын даярлау басталды. Осыған байланысты тау-кен металлургиялық саласы кәсіпорындарының барлық деңгейдегі дәнекерлеу мамандарын даярлауға тапсырыс портфелі артып келеді. ҚарМТУ-да студенттер мен қызметкерлердің шығармашылық қызметі мен толыққанды демалысы үшін барлық жағдайлар жасалған. 882 орынға жаңа студентік жатақхана құрылысы аяқталады. Денсаулық сақтау пункті тамаша жабдықталған, Қарқаралыда 500 орындық спорттық-сауықтыру лагері, әлемдік деңгейдегі жаңа заманғы залдары мен ашық алаңдары бар спорт кешені, «Жастар Әлемі» сыйымды жастар сарайы қызмет етеді. Қарағанды «Политехының», қазіргі техникалық университетінің дипломы баяғыдан сапалы білім және мансаптық жетістіктер кепілі болды: ҚарМТУ-дың 98 % түлегі ЖОО аяқтасымен бірден жұмысқа тұрады.

Университет 60 жылдығын айтарлықтай жетістіктермен қарсы алады. Сан мыңдаған ұжым Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа стратегиялық бағыты» Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.


Н. Рыжкова,

«Казахстанская правда» газетінің корреспонденті


ӨЗАРА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ПАЙДАСЫН ТИГІЗЕДІ
Бәсекеге қабілетті инженерлер даярлау халықаралық стандарттар негізінде кәсіптік құзыретін қалыптастырмай мүмкін емес.

«Еурорейтинг-2013» әлемнің 2 678, қазақстандық 23 қоса ЖОО қатарында отандық оқу орындары арасында үшінші орынды Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті алды. Бұл салмақты табыс. Еуроодақ критерийінде рейтингті анықтау кезінде: ғылыми қызмет, халықаралық ынтымақтастық, түлектердің қажеттілігі, ақпараттандыру, біліктілігін арттыру деңгейі және оқытушылар мен қызметкерлерді халықаралық мойындау, еуропалық ғылым академияларына мүшелік, Еуропалық сауда-өнеркәсіп палатасы мен Еурокомиссия бөлімшелері берген марапаттар енеді.

Жеңіп алған бекіністерін бермеуге міндеттейтін жағымды жаңалықты ҚарМТУ ұжымы, белгілі болғандай, Ресейдің 15 көшбасшы ЖОО құрамына енген және әлемдік рейтингтегі топ-100 орны үшін күресетін Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университетімен (ТПУ) ынтымақтастықтың жаңа кезеңінде алды. ҚарМТУ-дың алдыңғы қатарлы ғалымдарының Сайланған делегациясы осы уақытта Ресейде, Томскіде ТПУ ректоратының шақыруымен жұмыс сапарымен болды. Екі политех та қос дипломды білім және академиялық алмасу бағдарламасында жемісі қызмет етеді.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бізде білім беру бағдарламасының төрттен бір бөлігін жүзеге асырады. Біз қарым-қатынастардың дамуына қызығушылық тудырамыз. Бірлескен жұмыс біздің жалпы алға жылжуымыз үшін өте маңызды, - ТПУ ректоры Петр Чубик, қорытынды отырыста делегация дайындығының өте жақсы деңгейін атай отырып, осылай деді.

Біздің Сібірге сапарымыз бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер орындау, геологиялық барлау, дәстүрлі және ядролық энергетика, нанотехнологиялар саласында шағын ендіру кәсіпорындарын құру бойынша бір қатар келісім-шарттарға қол қоюмен аяқталды. Біз қос дипломды және элиталық білім беру бағдарламалары, академиялық алмасу, ғылыми машықтандыру, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мамандар даярлауда ынтымақтастықты жалғастырамыз, - дейді, ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Арстан Ғазалиев. - ТПУ «Космогеология» орталығы ҚарМТУ ғалымдарының «Жерді қашықтықтан барлап білу негізінде пайдалы қазбаларды әзірлеу болжамы» проблемасы бойынша зерттеулерге қызығушылық танытты және осы жобаға қатысуға дайын. ҚарМТУ базасында Нанотехнологиялар орталығын бірлесіп құру туралы келісушілікке қол жеткізілді. ҚарМТУ магистранттарын Томскіде энергетиканың маңызды бағыттары бойынша мақсатты даярлау механизмі және көлемдері туралы мәселе қарастырылуда: атомдық – «Казатомпром» және жаңартылатын шығу көздері Ұлттық атомдық компания» АҚ басқармасымен келісім бойынша.

Халықаралық деңгейдегі құзыреттерге ие инженерлік және техникалық кадрларға қажеттілікті қамтамасыз ету керек. Бұны бизнеспен бірлесіп жасау керек, - деп атап өтті Мемлекет Басшысы 2013 жылы 22 мамырда Шетел инвесторлары кеңесінің 26-отырысында.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік экономика көшбасшыларының қатысуымен табысты білім беру жобасының мысалы ретінде ТОТАЛЬ трансұлттық компаниясының қызметін келтірді, соның ықпалымен ҚарМТУ-да осы салада оқу орталықтарын халықаралық сертификаттаумен айналысатын Қазақстандық дәнекерлеу институты құрылды. Біздің газетіміз «Халықаралық дәнекерлеуші», «Дәнекерлеу бойынша халықаралық практик» және «Халықаралық дәнекерлеуші инженер» бағдарламалары бойынша әлемнің 56 елінде мойындалатын диплом бере отырып, 60-тан астам маман шығару туралы айтты. Мұнай-газ, кен-металлургиялық және құрылыс салалары бойынша кәсіпорындардан барлық деңгейдегі дәнекерлеу мамандарын даярлауға тапсырыстар портфелі босап келеді.



Жаңа заман жағдайында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау халықаралық стандарттар негізінде кәсіптік құзыретті қалыптастырмай мүмкін емес. ҚарМТУ-дың халықаралық қызмет тәжірибесі жеткілікті: оны АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Австралия, Қытай, Ресей, Украина, Беларусь, әлемнің басқа елдерінің жетекші университеттерімен ынтымақтастық туралы 160 меморандум дамытады. Томскіде кездеу нәтижелері бойынша талқылағанда, серіктес ЖОО студенттері мен магистранттарының академиялық ұтқырлығы артып келеді. Қазір ТПУ мен ҚарМТУ қос диплом берілетін 4 білім беру бағдарламасын жүзеге асырады, олардың саны перспективада 3 есе артады.

Біз «ТПУ & ЗойНпе» оқу орталығымен стратегиялық серіктестік туралы келісім-шарт жасастық, бұл ҚарМТУ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және халықаралық сертификаттар алу мүмкіндігін береді, деп атап өтеді Арстан Мәуленұлы. – «жасыл химия» ғылыми бағытында техногендік шикізатты қайта өңдеу технологияларын әзірлеу, Орталық Қазақстан жағдайларына бейімделген органикалық ластандырғыш заттардың деструкторларын жасау қарастырылған. «Сибирь-тест» сынау орталығында біздің ғалымдарымыз АПК қажеттілігі үшін биологиялық белсенді қоспалардың теңгерімнен тыс көмір негізінде алынған сертификаттау жүргізеді.



Қарағандылықтар мен томскіліктердің ғылыми-білім беру серіктестігінің жетістіктері басты міндеті – ҮИИӘ мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау жолында жұмыс істейді.
«Казахстанская правда», 2014, 29 наурыз





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет