Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен



бет6/18
Дата30.05.2017
өлшемі3,03 Mb.
#17122
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Бақылау жұмысы№12

Жылдық қорытындылау

Ықшамдау

Бет 136

1










165

35

Қатемен жұмыс

Өткенді пысықтау.









1










166-167

36

37


Өткенді пысықтау

Ықшамдау

Бет 138

1










168

38

Теңдеу, есептер, геометриялық фигуралар

Теңдеу құру




1










169

39

Жылдық қорытындылау







1










170

40

Өткенді пысықтау.Жыл бойы өткенді қайталау







1












барлығы 40 сағ

Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп

Оқу Методикалық кешен

2015-2016 оқу жылы

І. Түсінік хат

«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.

Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Пәнді оқытудың мақсатыоқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері:


  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;

  • алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

  • өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Тілдік материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тілдік фактілерді байқату, салыстыру, жаттығу және көрнекілік әдістері арқылы түсіндіріледі. Бұл әдістер қазіргі дамыта оқыту талабына сай қолданылады. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аудартылады:

  • сабақ құрылымының икемділігі;

  • түсіндірілетін жаңа ұғым бойынша проблема қою;

  • оқушылардың жаңа ұғымды меңгерудегі интенсивті өзіндік әрекетін ұйымдастыру;

  • тақырыпқа қатысты пікірталастың болуы;

  • дидактикалық ойындар;

  • тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді ұйымдастыру;

  • білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттар құру.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылған сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады:

  • мотивациялық-бағдарлау кезең;

  • операционалдық-орындаушылық кезең;

  • рефлексиялық-бағалау кезең.

Мотивациялық-бағдарлау кезеңде оқу міндеттері қойылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Операционалдық-орындаушылық кезеңде нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді.

Ал рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаттығулардың алатын орны ерекше. Қазіргі талапқа орай тілдік-грамматикалық жаттығулар, ойын жаттығулары, сөйлеу жаттығулары, рефлексиялық жаттығулар орындатылады.

Ойын жаттығулары оқушылардың оқу-танымдық қызметін ойын (пәндік, пәнаралық, сюжеттік, рөлдік ойындар) арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Білім алушының өзін көрсетуіне, жолдасының пікірін ескеруіне, қарым-қатынас жасауына, стандартты емес жағдайда өз білімін қолдана білуіне ықпал етеді. Ойын және сөйлеу жаттығулары арқылы қатысымдық және ақпараттық дағдыларды қалыптастыру міндеті шешіледі. Сонымен бірге мақсат қою, технологияларды қолдану, іс-әрекеттің нәтижесін бағалау аспектілерін сабақта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тірек сызбалардың проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.

Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

4–сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі



Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:

4-сынып «Грамматика әлемі», «Мәтін және грамматика».



Пән

Оқулықтың

авторы

1 тоқсан


2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жылдық

Жоспар бойынша


Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Қазақ тілі

Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,

Ф.С.Лекерова

(Алматыкітап)

36 сағат


28 сағат


40 сағат



32 сағат



136 сағат



4-сынып

3-сыныпта өткенді қайталау – 12 сағат.

Тіл жөне сөйлеу. Ауызекі жөне жазба тілде сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту.

Сөйлеудің адамдардың сезіміне, іс-әрекетіне әсері - 2 сағат.

Фонетика 8 сағат.

Дыбысқа байланысты берілген білімді жинақтап, бекіту: дыбыстың түрлері, алфавит, буын, тасымал.

Буын үңдестігі туралы ұғым қалыптастыру: дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп жазылуы.

Дыбыс үндестігі туралы түсінік (Түбірдің соңғы дыбы-сы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып сәйкестенуі. Дауысты дыбыстың әсерінен түбірдің соңыңдағы қатаң дыбыстың ұяң не үнді болып өзгеруі).

Мәтін - 8 сағат.

Мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту.

Әңгімелеу мәтіні, оның құрылымын талдау. Өз беттерінше әңгімеу (7-8 сөйлем). Тірек сөздер, суреттер, диафильмдер, оқығандары бойынша әңгіме.

Сипаттау мәтіні, оның құрылымын талдау. Затты нақты сипаттау, көркемдік сипаттау, салыстырмалы сипаттау.

Пайымдау мәтіні. Пайымдаудың мазмұңдық жөне құрылымдық ерекшеліктерін байқату: мұнда түсіндіру (ой), дәлелдеу жөне қорытынды болатыны; пайымдауда түсінікті дәйектемелерді пайдалану.

Пікір айтуға дағдыландыру, әз ойын дәлелдей алуға, қорытынды жасай білуге үйрету.



Қабырға газетіне мақала жазу. Саяхат кезінде көргеңдері, алған әсерлері жайында жазу.

Өз бетінше мәтін құрау дағдысын жетілдіру: айтқан ойларының тақырыпқа сай болуы, мазмұндау логакасының сақталуы, сөйлемдердің дұрыс қүрылуы, орынсыз қайталауға жол берілмеуі және т.б.

Синтаксис - 16 сағат.

Сөз тіркесі

Сөйлемге қатысты берілген білімді қайталап, жинақтау: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері; сөйлем мүшелері; сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыш; сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Жай сөйлем және құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі.

Сөйлемнің дара жөне күрделі мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мушелері. Жалғаулықсыз қолданылған бірыңғай мүшелі сөйлемдер, олардың тыныс белгілері. Қыстырма сөз, олардың тыныс белгісі.



Лексика - 10 сағат.

Сөз мағыналары туралы білімді еске түсіру. Көп мағыналы сөдер, синоним, антоним және түрақты сө тіркесі (терминдер айтылмайды).

Сөзжасам - 10 сағат.

Күрделі сөз туралы жалпы түсінік.

Біріккен сөз. Біріккен сөздің жасалуы және оның жиі кездесетін түрлері.

Қос сөз. Қос сөздердің жасалуы. Қос сөздердің мәні жөне емлесі.

Қысқарған сез. Қысқарған сездердің жасалуы.

Морфология - 52 сағат.

Зат есім. Зат есімнің септелуі. Септік жалғауының аттары мен септелуі. Септік жалғауының емлесі.

Тәуелденген сөздердің септелуі.

Көптік жалғаулы сөздердің септелуі.

Зат есімнің жіктелуі. Жіктік жалғаулары, олардың жекеше, көпше түрлері.

Етістік, оның жіктелуі. Жекеше және көпше жіктеу үлгілері.

Етістіктің шақтары. Осы шақ, еткен шақ, келер шақ. Сын есім. Сын есімнің дара жене күрделі түрлері, олардың емлесі.

Қарсы мәндес сын есімдер. Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер, емлесі. Есімдік туралы жалпы түсінік. Жіктеу есімдіктері, олардың септелуі.



Үстеу туралы түсінік.

Шылау туралы түсінік, олардың мәні. Шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы.



Одағай сөздер, олардың мәні мен емлесі.

Сөйлеу мәдениеті - 4 сағат.

Сөйлеу әдептілігі бойынша берілген ұғымды кеңегу: сөйлесіп отырған адамның сезін белмеу, онымен ақжарқын, байыпты қалыпта сөйлесу, өзің туралы көп айта бермеу, дөрекі сөйлемеу және т.б.

Ауызекі және жазба тілде кешірім сұрауға немесе келіспегенін білдіруге қажетті сыпайы сөздерді қолдана білу.

Жыл бойы өтілген материалдарды қайталау - 14 сағат.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4-сынып оқушылары:


  • ауызекі және жазба тілді;

  • буын және дыбыс үндестігін;

  • мәтіннің құрылымы мен түрлерін;

  • cөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелерін

және бірыңғай мүшелерді;

  • жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;

  • сөз тіркесін;

  • синоним, антоним, омонимдерді;

  • күрделі сөздерді, олардың түрлерін;

  • сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін біледі.

  • жай сөйлемге синтаксистік талдау жасайды;

  • жай сөйлемді құрмаласқа айналдырады;

  • мәтіннен қыстырма сөздерді табады;

  • сөз таптарын ажыратады, талдайды және оларды топтастырады,

өзара салыстырады;

  • мәтіндегі тірек сөздерді табады және олармен мәтін құрауға

дағдыланған.

  • Қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құра алады;

  • түрлі жағдаяттарда әңгімелеседі, пікірлеседі, өз ойын түсінікті

жеткізеді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);

  • өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттайды;

  • берілген мәтінге жоспар жасайды;

  • түрлі жанрда шығарма құрады (әңгіме, хат, өтініш, хабарландыру).


Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:

Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.

4 сыныптарда жазылуы қиын сөздерді, сейлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз әрі каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.

Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары -көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.

Диктант

Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырылады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант әр сыныпта шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.

Бақылау диктанты 4 сыныпта шамамен 5 рет (әр оқу тоқсаны сайын - 1 рет, оқу жылының қорытындысы бойынша - 1 рет) алынады.

Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгілеңді.



Сөздік диктанты:

4-сыныпта 15-20 сөз.



Бақылау диктанты:

4-сынып - I жартыжылдықта 65-70 сөз, жыл аяғында 75-80 сөз.



Мазмұндама және шығарма.

Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмүндау, шығарма жүмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері жөне т.б. бойынша жүргізіледі.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы 4 сыныпта жыл бойына барлығы шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.

Мазмұңдамаға арналған сөз саны:

4-сыныпта 70-90 сөз.



Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы 4 сыныпта I жартыжылдықта - 1 рет, II жартыжылдықта - 2 рет алынады.

Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы

Сынып

I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

Қорытынды бақылау диктанты

Бақылау диктанты




4

1

1

1

1

1




Сауаттылықтарын тексеруге арналған диктант




1

1

1

1




Мазмұндама







Үйрету мақсатымен

Үйрету мақсатымен

Үйрету мақсатымен

4

1

1

1

1

Шығарма










Үйрету мақсатымен

Үйрету мақсатымен

4




1




2

Каталог: uploads -> doc -> 098e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
098e -> Сабақ тақырыбы: Абылай хан Жалпы мақсат
098e -> Сабақ жоспары №23-24 2 тоқсан Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
098e -> Сабақ тақырыбы: М. Байдолдаұлы «Ақ көгершін»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет