Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің соңғы жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын құрылымы бойынша талдау



бет2/4
Дата12.09.2022
өлшемі2,69 Mb.
#149281
1   2   3   4
Байланысты:
3-Практика Информатиканы окыту

Анықтамалар мен қысқартулар. Стандартта Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңына және ҚР БМЖМС 2.003-2002 сәйкес қысқартулар, терминдер мен анықтамалар қолданылды. Оларға қосымша ретiнде стандартта келесi анықтамалар мен қысқартулар белгiленген.


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) 
Білім алу үшін арнайы жағдайлар
Инклюзивті білім беру
Әлеуметтену
Психологиялық-педагогикалық қолдау
Психологиялық-педагогикалық мектеп консилиумы Даму мүмкіндігі шектеулі балалар
Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар Сонымен мектепте информатиканы оқытуға төмендегідей үш мақсат қойылады: • білім беру; • тәрбиелік, • практикалық Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты Әрбір оқушыға информатика ғылымының негіздері туралы алғашқы білім беру, сонымен бірге түрлендіру процестері туралы түсінік, ақпаратты тасымалдау мен пайдалану негізінде — оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін құрастырудағы ақпараттық процестердің мәнін, сонымен қатар ақпараттық технология мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы ролін ашу.
«Информатика» пәнін оқытудың басты міндеттері
  • Ғылымның негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелінетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;
  • Қоршаған ортаны жаңа-ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, тбиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
  • Қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың рөлін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
  • Оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қаблеттін арттыру;
  • Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
  • Ақпараттындыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларын қалыптастыру және оларды дамыту;
  • Формальдау, модельдеу, компьютерлік тәрбие және т.б. ғылыми танымның жаңа әдістерімен қаруландыру; Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәні мен қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.

Информатика – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдістерін, тәсілдерін және заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканың маңызды ерекшелігі – оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрленіде қолданылуы, яғни өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, жоспарлауда, саудада, қоршаған ортаны қорғауда, медицинада және т.б. Ол нақты ақпараттық процестердің (технологиялардың) барлық көптеген түрлеріне тән ортақ мәселелердi зерттейдi. Ақпараттық процестер мен технологиялар информатиканың объектісi болып табылады.
Информатика пәнiнiң базистiк оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негiздерiн үйрету мен ақпараттық мәдениеттi қалыптастырудың бiрнеше кезеңдерiн бөлiп көрсетудi талап етедi. Бiрiншi кезең (5-10 сыныптар) – базалық курс. Ол информатика пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi (минимум) жалпыбiлiмдiк дайындық деңгейiн қамтамасыз етедi. Бұл кезең нақты мәселенi шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдiстерiн меңгертуге, сонымен қатар компьютердi үйренуде, одан әрi кәсiптiк бiлiм қызметiнде оны еркiн, әрi тиiмдi қолдана бiлу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Екiншi кезең (11-12 сыныптар) – информатика пәнi бойынша жоғарғы сыныптарда көлемi мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсiптiк даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгерудi жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет