Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет11/141
Дата04.11.2023
өлшемі481,51 Kb.
#189720
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   141
Байланысты:
қосымша Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м (1)

Тұлғаның «қалыптасуы» ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері жатады. Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, мектептегі білім беру саласының түбегейлі өзгеріске түсуі оқушылардың тәрбиелік, мәдени деңгейін әлемдік жетістіктер деңгейіне көтеруді қажетсінеді. Осыған орай қазіргі заман оқушыларын тәрбиелеу мақсаты ізгілікті, білікті, мәдениетті, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, қарым-қатынас мәдениеті жетілген, өз өмірін құруға, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бейім жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Тәрбиенің мәдени құбылыс ретіндегі міндеттері:Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негізінде тәрбие жұмысын іске асырутүрлерін мектеп қабырғасынан қалыптастыру көзделеді. Мәдениетті кешенді түрде қалыптастыруды жүзеге асыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін арттырады. Тәрбиенің мазмұнына бүкіл мәдениет жетістіктері қамтылады. Тәрбие мазмұны тәрбие міндеттерін толықтай жүзеге асыруды қарастырады. Сөйтіп, тәрбие мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдіс тәсілдері тығыз байланыста оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылады.
Тәрбиенің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, өзіндік ерекшеліктері болады. Тәрбие-қоғамдық құбылыс. Адам қоғамнан тысқары өмір сүре алмайды. Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты, тәрбиенің мақсаты жаңа жағдайға байланысты толығып отырады.Тәрбиенің қоғамдық мәні жеке тұлғаның санасына, мінез - құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ете отырып, рухани жағынан үнемі жетілу және баюуда көпсалалы үдеріс тұрғысынан қамтылады. Халықтар бойына білімге негізделген этникалық ізгіліктер мен өнерлерді дамытуды т.б. қамтиды. Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік, дағдыларды беру, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру, баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру болып табылады.
Тәрбие-біртұтас үдеріс. Тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру бірыңғай жағдайда, бір уақытта іске асырылады. Тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді.
Тәрбие-ұзақ, әрі күрделі үдеріс. Адам туып, есею барысында тәрбиенің ықпалында болады. Онан кейінгі уақытта өзін-өзі тәрбиелеу үдерісімен жетіледі. Тәрбие мақсатының нәтижесіне дереу қол жеткізуге болмайды. Мектепте әр оқу сатысындағы оқушылардың тәрбиелік деңгейіне талаптар қойылып, соған қол жеткізу көзделеді. Тәрбиеге іштей және сырттай ықпал жасалады.
Тәрбие- көпжақты үдеріс. Мектеп оқушыларын тұлға етіп тәрбиелеу, дамыту,қалыптастыру, оларды қоғамдық өмірге даярлау барлық қоғам азаматтарының міндеті. Қоғамның тәрбиелік әрекетін бірыңғай бағытта ұйымдастырып, оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыруды жүзеге асыратын мектептегі ұстаздар ұжымы мен отбасы.
Тәрбие көп факторлы, екі жақты және белсенді үрдіс. Тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуының негізгі обьективті факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұқым қуалаушылық пен адамға тән қасиеттер: іс-әрекеттің кез-келген түріне бейімділігі жатады. Адамның биологиялық жетілуімен өзгеру үдерісі оның мінез-құлқына әсер етеді.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына сөйлеу, ойлау секілді адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін қоғам мен орта қажет. Адамның мейілінше дамуына әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе, қазіргі уақыттағы экономиканың өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық және демографиялық үдерістер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмірінің ұзақтығындағы өзгерістер т.с.с. жатады.
Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі. Ол білім беру орындарында жүргізіледі. Мектепте педагогикалық үдерісті сауатты ұйымдастырумен бірге, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін тиімді ұйымдастыру, жеке тұлға дамуының шарты болып табылады.
Тәрбие үдерісінің күрделілігі оның сан-алуан болуымен қарастырылады. Мектепте тәрбиелік ықпалдардың барлығын интеграциялы, яғни кіріктірілген қатынаста іске асыру қажеттігі пайда болады. Тұлғаның біртұтастығын қамтамасыз ету тәрбие үдерісінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын, ұстанымдарын бірімен-бірін тығыз байланыста жүргізудің керектігін көрсетеді. Тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру бір сәтте, кешенді түрде іске асырылатыны белгілі, сондықтанда педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
Адамның өз тұрмысына маңызды мән беріп, өмірлік мәні бар мәселелерді шешуге ұмтылуы–оның өз өмірін әртүрлі өмірлік жағдайлардың сабақтастығынан құралған үдеріс ретінде тануға ұмтылысы. А.Маслоудың1 пікірінше, адамның мінез-құлқының басты тенденциясы–оның тұрмыстық құндылықтарды іздеуі. Өмірдің мәні туралы осындай түсініктер адам өмірін нақты-тарихи жағдайлардағы объективті міндеттер мен мақсаттарға бағындырады. Демек, өмірдің мәнін ашу адамның әлеуметтік қатынастарға дұрыс ене алуын қамтамасыз ете алмайды. Адамның даралық бағыты оны өзінің субъективтілігі шегінен асырмайды, ал көпшілік немесе әлеуметшілдік бағыт адамның жеке тұрмысын кең әлеуметтік қоғамдастықтардағы қиыншылықтармен, тіптен бүкіл адамзаттық мәселелерімен тығыз байланыстырады. Жеке адамның тұрмыс-тіршілігі басқа кеңірек, үлкенірек адамзаттық тіршілікке кіретін болғандықтан, өмірдің құндылық негізін әлеуметтік қоғамдастықтың, жалпы қоғамның мақсат-мүдделері мен қажеттіліктерінен іздеуді қажетсінеді. Өзінің ғана өмірімен айналысқан адам сирек жағдайда ғана өз бақытын таба алады. Өйткені адам әлеуметтік тұлға. Оның барлық тіршілік әрекеті басқа адамдармен байланысты. Көпшілдік, әлеуметшілдік тұжырымдардың түйісуі адамның өзін-өзі және басқаларды түсінуіне көмектеседі деп түйіндейміз.
Қазіргі жалпы білім беретін мектеп тәрбие институты ретінде мыналарды қамтиды:

  • білім беретін және тәрбиелейтін мекеме, тәрбиені оқыту қызметі арқылы жүзеге асырады;

- оқу үдерісінен тыс уақытта педагогтардың оқушылардың өмірін ұйымдастыруы;
- әлеуметтік-психологиялық топтардағы (жалпы мектеп және соның ішіндегі кішігірім топтар) педагог ұйымдастырмаған оқушылардың еркін қарым-қатынастары.
Мектептегі тәрбиені осылай бөліп көрсету арқылы оқушылардың өзара әрекеттесу белсенділіктері жүзеге асырылып, жеке тұлғалық сапалары жетілдіріледі.
Мектеп ашық әлеуметтік жүйе ретінде мынадай жұмыс түрлерін ұйымдастырады:
- мектептің отбасымен қатынасын кеңейту;
- мектептің қосымша білім беру ұйымдары, мәдени және басқа да әлеуметтік институттармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
- педагогтардың ұйымдастыруымен оқушыларды қоғамдық ортамен байланыстыру, мысалы, мектеп түлектері, ардагерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері;

  • педагогикалық ұжымның көмегімен өзге балалар шығармашылық ұйымдарымен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру;

  • сабақ пен сабақтан тыс іс-шараларды мектептен тыс орындарда жүргізу: шеберханалар, зертханалар, табиғат аясында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет