Байланысты: Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org
Үшінші кезеңдепедагогтың тікелей басшылығы, сырттай бақылауға алмасып, балалардың өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер жасайды. Топ өздігінен жұмыс жүргізетін деңгейге көтеріледі. Нәтижесінде барлық оқушылар ортақ жауапкершілікті сезініп, әр қайсысы өзіне тапсырылған міндеттерін жауапкершілікпен орындап, күнделікті топ мүддесіне қызмет ету барысында олардың жолдастық-достық қатынастары нығаяды. Сөйтіп, топ жалпы мектеп өміріне қамтылады. Топ мүшелері қоғамдық пікірге бой ұсынып, өз ісіне сын көзбен қарап, оған баға беруді меңгереді. Топтың әр мүшесі ортақ мақсатты атқаруға жұмыла отырып, өзара қолдау мен достық қатынасты сезінеді. Мұндай жағдайда топтың жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалы жоғары болады.
Топ оқушыларының осылай бірігу қалпы ұжым деп аталады. Мұндай ұжымда тәрбиеші белсенді топтар арқылы ұжым жұмысын басқарып, ұжымның жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыруына мейілінше жағдай жасайды.
Жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыру үшін ортақ мақсатты жүзеге асыруға бағытталған іс - шаралар ұйымдастырылуы шарт.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, өз қалауымен түрлі ұжымның мүшесі болады. Сынып ұжымына мүше болу үшін қалыптасқан қарым-қатынас ережелеріне бой ұсынады. Ұжым талаптарын орындау оның іс-әрекеттерін жетілдіреді. Ұжымның талаптарын саналы және белсенді түрде орындау, өзіндік ұстанымының дұрыстығын дәлелдеу, өз пікірін ортаға салу, өзгелердің пікірімен санасу тәрізді шешімдер қабылдауы қажет болады. Сонымен ұжым, ұжымдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгеруге, кез келген басшылыққа мойын ұсынуға немесе оған байыпты түрде өз пікірін білдіруге тәрбиелейді. Ұжымдық қатынастар баланың азаматтық, ізгілік, өз еркімен іске араласу, жауапкершілік, әлеуметтік әділдік тәрізді әлеуметтік сапаларын қалыптастырады.
Ұжымда әр тәрбиеленуші өз іскерлігі мен қабілетін өзгелерге белсенділікпен көрсете алады. Тәрбиешінің басшылығымен әр ұжым мүшесі атқарған іс-әрекеттерімен құрдастарының қолдауына ие болады. Өзін-өзі бағалау, өзі қол жеткізгісі келетін мақсаттарды белгілеу, өзін құрметтеу, өзін тұлға ретінде сезіну, т.б. тұлғалық сапалар тек ұжымда ғана қалыптасады.