Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Жоспар: 6.1. Жүйе, тәрбиелік жүйе ұғымдарының мәні



бет46/141
Дата11.09.2024
өлшемі480,73 Kb.
#204178
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Жоспар:
6.1. Жүйе, тәрбиелік жүйе ұғымдарының мәні.
6.2. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компонент-тері.
6.3. Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер.


Негізгі ұғымдар: тәрбиелік жүйе, оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік, психологиялық ахуал, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе, жүйеасты, сынып жетекшісі.


6.1.Жүйе, тәрбиелік жүйе ұғымдарының мәні


Жүйе (лат. systēmaгр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.
И.Кант жүйе ұғымына “бір идеямен біріктірілген, сан алуан білімдер бірлігі”, деген анықтама беріп, оны гносеологиялық мағынада ұсынған.
Гегель болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі принципіне сүйеніп, жүйе ұғымын онтологиялық мағынада да, гносеологиялық мағынада да қолданады. Ол категориялар жүйесі түріндегі диалектика ілімін негіздеді.
Тәрбиелік жүйе — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет, жеке адамды идеялық, саяси, Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық, рухани-адамгершілік, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық, зияткерлік, ақпараттық мәдениет, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық, дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытталған жүйелі тәрбиелеу кешені болып табылады.


Кесте 4- Тәрбие жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету факторы (В.С.Безрукова бойынша)





Тәрбие жүйесін ұйымдастырудың факторы

Қамтамасыз ету міндеттері

1

Саяси

- идеологияны, бағыттарды айқындау;
- тұлғалық сапалық қасиеттерін қалыптастыруға байланысты мақсаттар кешенін айқындау;
- дүниетанымдық бағыттарды анықтау;
-моральдық тұрғыда ынталандыру;
-жалпы бақылау.

2

Финанстік экономикалық

-тәрбиелік қарым - қатынасқа түсетін тұлғалардың негізгі қажеттілігін қамтамасыз ету;
- финанстік қажеттіліктерді іске асыру механизмін жасау;
- әр тапсырманы финанстік тұрғыда қамтамасыз ету;
- білім беру және мәдениет мекемелерін жұмыс істеуін финанстік тұрғыда қамтамасыз ету.

3

Құқықтық

-жүйе мен қарым - қатынасты реттейтін заң актілерін дайындау;
- тәрбиелік қарым-қатынасқа түсетін тұлғалардың құқығы мен міндетін айқындау;
- мемлекет және білім беру, мәдениет мекемелерінің арасындағы нормативтік актілерді жасап шығару.

4

Әлеуметтік - психологиялық

- мәдениеттің негізгі бағыттарының бірі ретінде білім беруге қарым - қатынасты қалыптастыру;
- адамгершілік - әдептілік және тәртіптілік нормаларды айқындау;
- тәрбиелік қарым - қатынасқа түсетін тұлғалардың дамуын айқындайтын диагностикалық жүйені анықтау.

5

Материалдық -техникалық

-мәдени-тәрбиелік жүйенің функцияларын құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;
-оқыту мен тәрбиелеу, басқаруды жаңашыл техникамен қамтамасыз ету;
- байланыс, коммунальдық және күзет қызметімен қамтамасыз ету.

6

Кадрлік

- кадрлармен қамтамасыз ету жүйенсінің үлгісін анықтау;
- кадрларды аттестациялау жүйесін анықтау;
- кадрларды дайындау;
- кадрлар жұмысын бақылау.

7

Ғылыми оқу - әдістемелік және ұйымдастырушылық қызмет

- жүйенің іс-әрекетін ғылыми базамен қамтамасыз ету;
- басқару құрылымын, функциясын айқындау;
- ғылыми кадрлармен қамтамсыз ету;
-оқу-тәрбиелік, әдістемелік материалдар мен оқу құралдарын дайындау, шығару.

Тәрбие жүйесінде кез-келген тұлға төмендегі қамтылған үш жүйеасты бөліктерде отбасында, формальды және формальды емес білім беру жағдайында дамиды.


Тәрбие жүйесі – тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат, субьектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті қасиеттерді меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі–тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйе тұрғысынан іске асады.
Тәрбие жүйесін құруда сынып жетекшісінің ескеретін жағдайлары оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі, мектептегі педагогикалық үдерістің мүмкіндігі, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеті, сонымен қатар ата-ананың құзыреттілігі, олардың тұлғаны, әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпалы да негізге алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет