Қазақстан республикасы білім және ғылым


Тақырып 4. Сауда кәсіпорынның тауар айналымы



бет10/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye

Тақырып 4. Сауда кәсіпорынның тауар айналымы

1. Бөлшек және көтерме сауданың тауар айналымы


Тауар айналымы сауда кәсіпорынның шаруашылық қызметтің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің бірі. Тауар айналымы дегеніміз тауарды ақшаға айырбастау процесі. Тауар айналымы сату-сатып алу акті арқылы тауар қозғалысының процесін сипаттайды. Экономикалық категория ретінде тауар айналымына 2 белгі тән:

  • тауар – сату объектісі ретінде;

  • сату- сатып алу процесі - өндірушіден тұтынушыға дейін тауар қозғалысының формасы ретінде.

Сауда кәсіпорынның тауар айналымы бұл: біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесі, оның экономикалық тиімділігі; екіншіден, әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан алғанда, халықты тауармен қамтамасыз ету көрсеткіші, өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерінің бірі. Сауда кәсіпорында тауар айналымы сатылған тауардан ақшалай түсімнің көлемі болып табылады. Оның көлеміне қарай кәсіпорынның тұтыну рыногында маңыздылығын анықтауға болады.

Тауар айналымының 2 түрі бар:



Бөлшек сауда тауар айналымы тауарды ақырғы тұтынушыға дейін жеткізеді. Бұл сатыда тауар қозғалысының процесі аяқталады.

Экономикалық көрсеткіші ретінде бөлшек сауданың тауар айналымы тауар массасының көлемінде(ақшалай түрде) көрініс табады және бір жағынан, ақшаның түсімін, екінші жағынан, тауарды сатып алуға кеткен халықтың шығындар сомасын сипаттайды. Бөлшек сауда динамикасы өндіріс пен тұтынушы арасындағы арақатынасын, кәсіпорынның материалдық және еңбек ресурстарына қажеттілігін, сауда желілерінің дамуын көрсетеді. Бөлшек сауда айналымы статистикалық көрсеткіш ретінде бүкіл сату каналдары арқылы халыққа сатылған тауар көлемін сипаттайды. Бөлшек сауданың тауар айналымы көлемі көп жағдайда ұлттық экономиканың жағдайын, яғни өнеркәсіп және ауылшаруашылығындағы жағдайларды, инфляциялық процестер, халықтың өмір сүру жағдайының өзгерісін, ішкі нарықтың конъюктурасын және сыйымдылығын көрсетеді.

Бөлшек сауда тауар айналымынң көрсеткіші сандық және сапалық сипаттамаға ие. Тауар айналымының сандық сипаттамасы бұл ақша түріндегі сатылған тауар көлемі, ал сапалық сипаттамасы бұл тауар айналымының құрылымы. Тауар айналымының құрылымы не ассортименттік құрылымы деген сатылған тауардың жалпы көлеміндегі бөлек тауар топарының үлесі.

Бөлшек сауда тауар айналымының құрамын сату түріне байланысты мына түрлерге жіктеледі:



  • азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сатудан түскен түсім; - дәрі-дәрмектерді сатудан түскен түсім;

  • кітап, журнал және т.с.с. сатудан түскен түсім.

Көтерме сауданың тауар айналымы дегеніміз сауда кәсіпорындары басқа кәсіпорындарға тауарларды сатуды білдіреді. Әдетте, бұл тауарлар қайта сатушы үшін шикізат не материал ретінде өндірістік тұтыну үшін, шаруашылық қажеттіліктерді материалдық қамтамасыз ету үшін пайдалынады. Көтерме сауда тауар айналымының нәтижесінде тауарлар жеке тұтыну сфераға кетпей, айналым сферасында қалады және өндірістік тұтынуға өтеді. Басқаша айтқанда, көтерме сауда тауар айналымы кезінде тауар қайта өңделу үшін не қайта сатушы үшін өткізіледі.

Көтерме сауда тауар айналымы келесідей жіктеледі:



  • пайдалану мақсатына қарай;

  • тауар қозғалысын ұйымдастыру формасына қарай.

Пайдалану мақсатына қарай көтерме сауда тауар айналымы келесі түрлерге бөлінеді: - сатуға арналған; - ішкі жүйелік.

Сатуға арналған көтерме сауданың тауар айналымы бұл тауарларды бөлшек сауда кәсіпорындарға, экспортқа сатуды білдіреді.

Ішкі жүйелік көтерме сауданың тауар айналымы бұл тауарларды көтерме сауда кәсіпорындарының бір-біріне сатуды білдіреді. Бұл 2 түрінің қосындысы жалпы көтерме сауданың тауар айналымын құрайды.

Тауар қозғалысын ұйымдастыруына қарай көтерме сауданың тауар айналымы 2 бөлінеді:



  • қоймалық;

  • транзиттік.

Қоймалық көтерме сауданың тауар айналымы деген көтерме сауда кәсіпорынның қоймаларынан тауарларды сатуды білдіреді.

Транзиттік көтерме сауданың тауар айналымы деген өндірушілер тікелей бөлшек сауда кәсіпорындарына тауарларды сатуды білдіреді.

Транзиттік көтерме сауданың тауар айналымы, өз кезегінде, мыналарға бөлінеді: - сый ақысы төленетін транзиттік көтерме сауда тауар айналымы; - сый ақысы төленбейтін транзиттік көтерме сауда тауар айналымы.

Сый ақысы төленетін транзиттік көтерме сауда тауар айналымында кәсіпорындарға делдал ретінде тауар қозғалысын ұйымдастырған үшін сыйақы төленеді. Ал сый ақысы төленбейтін транзиттік көтерме сауда тауар айналымында кәсіпорын тауарды сатып алушы ретінде қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет