Қазақстан республикасы білім және ғылым


Тақырып 2. Тауартану іс-әрекетінің объектілері мен субъектілері



бет6/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye

Тақырып 2. Тауартану іс-әрекетінің объектілері мен субъектілері

1. Тауартану іс-әрекетінің объектілері


Тауартану мен коммерциялық іс-әрекеттің объектілері тауарлар болып табылады. Тауартану іс-әрекетінің құрамдас бөлігі ретінде тек тауарларға және олармен қатар жүретін сауда қызметттеріне (сақтау, сатуға дайындау және сапаны бағалау, т.с.с.) бағытталған. Объект ретінде тұтыну тауарлар мен қатар өнеркәсіптік сипаттағы (шикізат, жартылай фабрикаттар, құрал жабдықтар,т.с.с.) тауарлар бола алады.

Коммерциялық іс-әрекеттің объектісі ретінде тауарлардың 4 негізін қалаушы сипаттамасы бар: ассортименттік, сапалық, сандық және құндық. Алғашқы үш сипаттама адамның нақты қажеттіліктерін(физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық және т.с.с.) қанағаттандырады. Осы сипаттамалардың арқасында өнім тұтынушылардың белгілі бір сегменттері үшін пайдалығына ие болды және тауарға айналды.

Адамдардың қажеттіліктері көптеген факторлардың әсерінен әрдайым өзгеріп отырады. Ол факторлар: табиғи, әлеуметтік – экономикалық, ғылыми - техникалық, т.с.с. Өзгерген, сондай-ақ есепке алынған не алынбаған әлеуетті қажеттіліктер өз кезегінде жаңа қызметтер мен тауарлар жасауды ынталандырады. Жаңа тауаарлар модификацияланған тұтыну құнына ие. Түрлендірілген тауарлардың тұтыну құны шикізат пен материалдарды өнеркәсіптік өңдеу саласында ҒТП-ның жетістіктерін пайдаланунәтижесінде олардың табиғи қасиеттері өзгеріп, жаңа қасиеттер мен сипаттамаларды қалыптасуынан, сонымен бірге маркілеу салдарынан қалыптасады. Алайда түрлендірілген тұтыну құнын жаңа тауарлар ғана емес, сонымен бірге жаңа табиғи қасиеттері анықталған бұрынғы тауарлар да иемденеді. Мәселен, экологиялық таза тамақ өнімдері – бұл көптеген жағдайда қауіпіздік деңгейі жоғары өнімдер.

Тауарлардың тұтыну құны тауарды тұтыну кезінде орын алады. Тауардың 3 негізгі сипаттамалары елеулі мәнге ие. Олар қажеттіліктің қанағаттанарлық деңгейін сипаттайды. Мәселен, әртүрлі сипаттағы тамақ өнімдері адам ағзасын энергия, биологиялық құнды қажетті затттармен бірдей қанағаттандыра алмайды.

Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін анықтау тауардың тұтыну құнын бағалауына тең. Оны нарықтық жағдаятын есепке ала отырып, нарық сегменттерінде маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы анықталады. Сондықтан тауардың тұтыну құны пайдалылық мөлшері және негізгі сипаттамалары арқылы көрініс табады.

Сипаттамалар бұл құбылысты немесе затты ерекшелендіретін қасиеттер жиынтығы. Тауардың ассортименттік сипаттамасы бұл тауардың функционалдық не әлеуметтік мәнін анықтайтын қасиеттер жиынтығы. Мұндай сипаттама құрамына: топ, шағын топ, түрі, атауы, сауда маркасы кіреді. Сонымен бірге сипаттамалар бір тауардың басқа бір тауардын айырмашылықтарын көрсетеді. Мәселен, сары май, сұйық майы бір бірінен функционалдық сипатымен ерекшелінеді.



Тауардың сапалық сипаттамасы бұл әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті бар ішкіаралық тұтыну қасиеттер жиынтығы. Бұл сипаттама түрі тауардың ассортименттік сипатымен тығыз байланысты. Өйткені, жалпы тұтынушылық қасиет арнаушылық тән. Сапалық сипаттамасы ассортименттіктен тұтыну қасиетерінің толықтығымен ерекшелінеді. Олардың ішінен қауіпсіздік және экологиялық қасиеттер елеулі орын алады. Сол себепті қауіпсіздік және экологиялық қасиеттер бойынша орнатылған міндетті талаптар бұзылған жағдайда тауардың қалған сипаттамалары тұтынушы үшін шешуші мәнге ие.

Тауардың сапалық пен сандық сипаттамалары әрдайым қатар жүреді. Оған қоса, тұтынушылық қасиеттердің көптеген көрсеткіштері сандық сипатамалар арқылы көрініс табады.



Тауардың сандық сипаттамасы – физикалық мөлшерлер мен бірліктері арқылы анықталатын белгілі бір қасиеттер жиынтығы. Тұтынушылық талғамдар үшін сипаттаманың бұл түрі ассортименттік пен сапалыққа қарағанда аса елеулі емес. Алайда тұтынушылық талғамдарды қалыптастыру кезінде бұл сипаттамаларды есепке алмауды болмайды. Өйткені рыноктық молықтырылғандығы жағдайында тұтынушы тауар топтамасының не тауардың бірлік данасының белгілі бір сандық сипаттамаларына келіспеген жағдайда ол тауарды сатып алудан бас тартады.

Тауардың барлық тауартану сипаттамалары құндық пен тікелей байланысты. Бірақ бұл байланыстар бірыңғай емес. Мәселен, сандық пен құндық сипаттамалары арасында пропорционалды тәуелділік аса айқын. Себебі, баға құн өлшемі ретінде көп жағдайда тауардың өлшем бірлігіне орнатылады. Ал сапалық пен құндық арасында тікелей тәуелділік әрдайым бола бермейді.Өйткені бағаны орнатуға көптеген факторлар әсер етеді. Бәсекелестік жағдайында сапа бағаны белгілеу критерийларының бірі болып табылады. Фирманың баға белгілеу стратегиясына байланысты баға қалыптасуына мыналар әсер етеді: өнімнің өзіндік құны, шығындар, жасаушы және сатушы фирманың имиджі, сұраным мен ұсыным жағдайы, бөлу каналдары, жарнама, тауар сапасы мен орамасы.

Ассортименттік пен құндық сипаттамалары арасындағы тәуелділік қалғандармен салыстырғанда ең төмен. Тауардың бірдей атаулары арзан немесе қымбат болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет