Тауар қасиеттерін анықтау мен бағалау қажеттілігі – бір тауарды басқа тауарға айырбастаудан туындайды. Мұндай айырбас тең бөлу бүшін айырбасталатын тауарлардың пайдалы жақтары мен оларға кеткен шығындары салыстырылған. Оған қоса, ұзақ мерзімді сақталатын және аса құнды тауарлардың бірқатары ( алтын, күміс және т.с.с. ) металл және қағаз ақшаның пайда болғанға дейін айырбасталатын тауаралардың эквиваленттік функциясын атқарды. Алайда ақшаның шыққанға қарамастан тауарлардың қасиеттеріне қызығушылық төмендеген. Бұл сатыда тауартану - тауар туралы білімнің саласы ретінде тәжірибелік бағытта және эмпирикалық сипатта болды. Фактілік мағлұматтардың жинақталуы тәжірибелік баяндау мен бақылау негізінде жүрді.
Ғылымның алғашқы сатысында салалар бойынша жіктелуі болмағандықтан, тауартану бөлек ғылым ретінде қарастырылған жоқ.. Сол себепті тауарлар туралы ақпарат ауылшаруашылығына арналған еңбектерінде көрініс тапты. Тауартану сипаттағы жазбалар ежелгі Рим ғалымдарының Катон(234 – 149 б.э.д.), Варрона(116-27 б.э.д.), Колумела(1 б.э.), және Плиния (24 – 79 б.э.) агрономдық еңбектерінде кездеседі.
Бұл кезеңдегі аса алмақты еңбек «Шын тарих» болып саналады. Оның авторы Плиний. Еңбекте ауылшаруашылық өнімдерінің көптеген түрлерін өсіру, өңдеу мен сақтау әдістері баяндалған.
Ортағасырда ғылымның физика, химия, биология сияқты салаларының дамуы тауартану білімдерінің тереңдей түсуіне және кеңеуіне елеулі әсер етті. Баяндамалық сипаттағы жұмыстармен қатар тәжірибеге негізделген еңбектер шыға бастады. Солардың алғашқысы М. Себициуса (1630ж.) еңбегі. Зерттеу сипатындағы жұмысқа Ф.Реди еңбектерін жатқызуға болады.
Тауартанудың ғылыми бағытынығ дамуына Бургове еңбектері зор үлес қосты. Онда тамақ өнімдерінің химиялық сараптау негіздері жасалған. Сондай – ақ Линней (1707 – 1778ж.), Бюффона (1707-1788ж.), Жюсье (1699-1777ж.) биология саласында жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер тауарларды ғылми классификациялауға негіз болды.
Тауартану дамуының маңызды қадамы болып 1756ж. Людовицтің «Жалпы сауда жүйесінің негіздері! Атты еңбегінің басылымы болды.онда алғаш реет тауартану негіздері ғылыми білімдерінің саласы ретінде көрсетілген. Людовиц бірінші болып тауартанудың пәні мен мазмұнын айқындады. «Тауар» мен «тауартану» терминдеріне түсініктеме берді. Оның пікірінше, тауар бұл ақша мен құнды қағаздардан басқа сауданың заты болып табылатын барлық қозғалатын заттар.
– 19ғ. тауартану – химия, физка, биология, агрономия сияқты қарқынды дамып жатқан ғылым салаларынан білімдер жинақтала бастады. Тауартанудың дамуына зор үлесті Вуева, Болотова, Бинд-Гейма және т.б. еңбектері үлес қосты. Олрадың арқасында бағалаудың химиялық әдістері пайда болды.
ғ. ортасында тауартану бойынша бірқатар еңбектер шықты. Тауартанудың оқу курстары енгізілген коммерциялық оқу орындарының ашылуы тауартанудың ғылыми бағытта дамуына үлкен селпініс берді. Әлемдік тәжірибеде алғашқы реет тауартануды оқыту Падуан университетінде басталды. 1949 ж. мұнда тауартану кафедрасы ашылды.
30 жылдары тауартану білімдері жіктелінді. Олар тұтыну тауарларының топтары бойынша жалпы мен жеке бөлімдерге бөлінді. Олар алық – түлік өнімдері мен азық-түлік емес тауарлар тауартануы болып екі дербес оқу пәндеріне айналды.
Тауартанудың ғылыми мен оқу пәні ретінде дамуын қорытындылай келе 2 негізгі бағытты көрсету боладу:практикалық және ғылыми. Дамуының әртүрлі сатыларында әр бағыт басымдыққа ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |