Қазақстан республикасы білім және ғылым


Тақырып 1. Тауартанудың пәні, мақсаты мен міндеттері



бет3/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye

Тақырып 1. Тауартанудың пәні, мақсаты мен міндеттері

1. Тауартанудың пәні және мазмұны


Әрбір ғылым мен оқу пәні, онда қолданылатын негізгі ұғымдардың анықталуымен баталады. Бұл тұрғыда, мұндай ұғымдар ретінде өнім, тауар және тауарьану болып табылады. Өнім – нақты немесе әлеуетті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арналған іс-әрекеттің материалдық немесе материалдық емес нәтиже. Осыған байланысты, өнімге 2 негізгі қасиет тән: біріншіден, ол өндірілуі тиіс, екіншіден, белгілі біреудің қажеттілігін қанағаттандыру тиіс( біреуге қажет болуы керек).

Өнім сату – сатып алу, яғни коммерциялық іс-әрекеттің щбъектісіне айналған кезде ғана тауар болып табылады. Бау – бақшада өсірілген не жиналған жабайы жеміс – жидектер тек жеке бастың тұтынуына қолданған жағдайда – тауар емес, өнім блып табылады, ал сатуға шығарылған ол өнім тауарға айналады.

Тауар - сату-сатып алуға арналған материалдық өнім. Сондықтанда тауар коммерциялық іс-әрекеттің негізгі объектілерінің бірі ретінде орын алады. Коммерциялық іс-әрекеттің өзге объектілері немесе қызметтерді, құнды қағаздарды, ақшаны, интеллектуалдық еңбектің өнімін, яғни материалдық емес өнімдер жатқызылады.

Тауар – белгілі бір тұтыну қасиеттеріне ие күрделі ұғым және материалдық объект. Сол себепті ол тауартану деген ерекше ғылым мен оқу пәнінің объектісін құрайды. «Тауартану» терминінің көптеген анықтамалары бар. Тауартануға алғашқы анықтама Вавилов берген. Оның айтуынша: Тауартану бұл тауарлар туралы, олардың түрлері, өндірілген және өткізілген жері, сату және сатып алу, тасымалдау және сақтау тәсілдері туралы нақты және толық ақпаратқа ие болуға үйрететін ғылым. Тауартану пәніне аса дәл, нақты анықтама К.Маркс берді: Тауардың тұтыну құны – тауартанудың пәнін құрайды. Бұл анықтама одан кейінгі көптеген терминді анықтайтын түсініктемелерге негіз болды.

1962 жылдың қыркүйек айында Лейпцигтегі өткен, жалпы тауартану мәселелері бойынша Халықаралық теориялық конференцияда келесідей анықтама берілген: Тауартану бұл тауардың тұтыну құны – пәні болатын ғылымның бір саласы.

«Тауартану» термині 2 сөзден тұрады: «тауар» және «тану». «Тану» - veda деген сөзінен шыққан «білім» дегенді білдіреді. Яғни тауарлар туралы білімдер.

Тауартанудың пәні ретінде тауардың тұтыну құны болып табылады. Өйткені тұтыну құны адамның нақты қажеттіліктерін қагнағаттандыру қабілетіне ие болғандықтан, өнімді - тауарға айналдырады.

Тауартанудың мақсаты – тауардың тұтыну құнын құрыайтын негізгі сипаттамаларын және тауар қозғалысының барлық сатыларында тұтыну құнының өзгерісін зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін тауартану ғылым және оқу пәні ретінде келесідей міндеттерді қарастырады:



  • тұтыну құнын құрайтын негізгі сипаттамаларды нақты анықтау;

  • тауартанудың принциптері мен әдістерін құру;

  • кодтау мен жіктеу әдістерін рационалды қолдану арқылы көптеген тауарларды жүйелеу;

  • өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорнының ассортименттік саясатын сараптау үшін ассортименттің қасиеттері мен көрсеткіштерін зерттеу;

  • мекеменің ассортиментін басқару;

  • тауардың тұтыну қасиеттері мен көрсеткіштер номенклатурасын анықтау;

  • тауардың сапасын бағалау;

  • тауардың сапа градациясы мен кемістігін айқындаужәне т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет