Тақырып 3. Тауарды жіктеу
Әдіс бұл қоғамдық өмірді немесе табиғи құбылыстарды зерттеу, тану, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттің тәсілі немесе түрі. Тауартануда 2 әдіс қолданылады: бірінішесі, ғылыми тану әдісі, екіншісі, тауартану ісәрекетінің практикалық әдістері.
Ғылыми тану әдістері тауартанудың негізгі объектісін, яғни тауарды, оның сипаттамаларын және тауар қозғалысы процесінде өзгерістерді зерттеуге бағытталған.
Ғылыми тану әдістеріне мыналар жатады: эмпирикалық немесе экспериментальды;
аналитикалық әдістер.
Эмпирикалық әдістер бұл бақылау немесе тәжірибеге негізделген тану әдістері. Бұл әдістер тауартануда кең қолданылады. Осы әдістер арқасында тауардың химиялық, физико-химиялық және биологиялық табиғатын зерттеуге мүмкін болады.
Өлшеуші техникалық құралдарды қолдануына байланысты эмпирикалық әдістер келесілерге бөлінеді: өлшеуші, яғни физикалық, химиялық, биологиялық және органолептикалық.
Өлшеуші әдістер бұл өлшеуші техникалық құралдар негізінде жүзеге асырылатын, өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтайтын әдіс.
Органолептикалық әдістер бұл сезім мүщелері арқылы сапа көрсеткіштерін анықтайтын әдіс.
Аналитикалық әдіс бұл бір тұтасты құрамдас бөліктерге ойша немесе іс-жүзінде бөлуге негізделген ғылыми танудың әдістері. Аналитикалық әдістер 2 топқа бөлінеді: ғылыми тануды басқару әдістері; жүйелеу әдістері.
Ғылыми тануды басқару әдістеріне мыналар кіреді: сараптау, диагностика, болжамдау, бағдарламалау және жоспарлау әдістері.
Тауарды сараптау әдісі экспериментальды әдістерімен алынған мәліметтерге негізделеді.
Аналитикалық әдістерді қолдану нәтижесінде тауарды сипаттайтын негізгі белгілерді ғылыми тұрғыдан баяндауға немесе диагнозға мүмкіндік туады. Әртүрлі ақаулардың, шығындардың пайда болу себептерін, тауардың ассортименттік сипатын анықтайтын белгілерді және сақтау кезінде тауарлардың сапалық және сандық өзгерістердің белгілерін айқындауға диагностика тауартануда елеулі орынға ие.
Диагностиканың нәтижелері тауар ассортиментін қалыптастыру барысында мүмкін болатын өзгерістерді, сапаға қойылатын талаптарды, шарттарды, сақтау мерзімдерін және т.с.с. болжамдау үшін қолданылу мүмкін.
Болжамдау әдістері негізінде алынған қорытындылар бағдарламалауға мүмкіндік береді. Аналитикалық әдістерді қолдану нәтижесінде тауарды ғылыми тануды әрі қарай жоспарлауға болады.
Жүйелеу әдістері бұл белгілі бір тәртіпте жалпы белгілері бойынша орналастыру арқылы біртекті, өзар байланысты объектілерді жинақтау әдістері. Жүйелеудің негізгі әдістері: идентификациялау, жіктеу, топтастыру және кодтау.
Идентификация бұл бір объектіні бір объектімен сәйкестігін орнату, теңдестіру әдісі. Тауарларды идентификациялау тауарлардың сипаттамаларын ассортиментке, сапаға, мөлшерге нормативті құжаттармен қойылатын талапатарға сәйкестігін орнатуға бағытталған.
Топтастыру бұл жалпы белгілері бойынша объектілерді жинақтау әдісі. Бұл әдіс ассортименттік топтарды ерекшелендіру үшін қолданылады.
Жіктеу тауартануда кең қолданысқа ие. Өйткені объектілердің көп мөлшерде болуы, оны қасиеттері мен көрсеткіштерін, шартта мен сақтау мерзімдерін белгілі бір белгілері бойынша бөлуді талап етеді. Ассортименттің, қасиеттер мен сапа көрсеткіштерінің жіктелімі кез келген тауардың тауартану сипаттамаларының ажырамас бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |