Қазақстан республикасы білім және ғылым


Тауартану іс-әрекетінің субъектілері



бет7/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye
tasmaganbetov tfefhnfye, « аржы» маманды ы 12. 31 тобыны «Экономикалы талдау ж не аржы-1, 2020 referat 6842314 (2), 2020 referat 6842314 (2), График ГАК (карантин) -2019-20, 625635

2. Тауартану іс-әрекетінің субъектілері


Тауартану іс-әрекетінің субъектілері – сыртқы ортаны (объект) зерттейтін және практикалық іс-әрекетімен оған әсер ететін, сондай –ақ құқықтар мен міндеттемесі бар адам. Тауартану іс-әрекетінің субъектілері 2 топқа бөлінеді:

  • бірінші топқа тауартанушы мамандар кіреді. Олар бұл іс-әрекетті өзінің міндеттемелер шегінде жүзеге асырады.

  • екінші топқа тауар тұтынушылары жатады, яғни қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында тауартану іс-әрекеті бағытталаған субъектілер. Сол себепті, екінші топ саны жағынан бірінші топтан басым.

Тауартанушы мамандар бұл тауардың ассортименттік, сапалық, сандық және құндық сипаттамаларын, сондай – ақ тұтынушылардың сұранымдарын есепке ала отырып, өндірушілерден тұтынушыға дейін тауар қозғалысын қамтамасыз етушілер.

«Тауартанушы» термині тура мағынада «тауар танымгері» немесе «тауар туралы білетін субъект» дегенді білдіреді. Оның тауар туралы терең білімі сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мамандарынан ерекшелінеді.

Тауартанушылар өз кәсіби қызметін технологтар мен маркетологтармен өзара тығыз байланыста жүзеге асырады. Технологтар өнім өндірісін қамтамасыз етеді. Тауартанушылардың қызметтік міндетітемелері олар жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелердің мақсаттары мен міндеттемелерімен анықталады. Тауартану іс-әрекетінің негізгі 2 бағытын бөліп көрсетуге болады, яғни технологиялық, тауар қозғалысының технологиясын қамтамасыз етуші және ұйымдастырушылық, өткізуді ынталандыруға, сұраным мен өткізу нарықтарын анықтау, тауарларды сатып алуды ұйымдастыруға бағытталған. Сондықтан да, өндірісте және саудада тауартанушылардың 2 санаты қажет: 1-шісі тауартанушы-технолог(инженер) және тауартанушы-ұйымдастырушы. Соңғылары атқаратын функциялары бойынша маркетологтар ұқсас және іс-әрекеттің бөлек түрлерінде олардың қызметін атқара алады. Алайда, маркетологтарға қарағанда тауартаушылардың іс-әрекеті тауардың тұтыну қасиеттері туралы толық білімді қажет ететін функцияларды орындаумен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет