Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет4/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye

2. Тауартанудың принциптері


Әрбір ғылым мен кәсіби іс-әрекет белгілі бір принциптерге негізделеді. Тауартанудың принциптері болып:

  • қауіпсіздік;

  • тиімділік;

  • үйлесімділік;  өзараауыстырушылық;

  • жүйелеу.



Қауіпсіздік – негізгі принцип. Бұл адам өміріне, денсаулығына, дүниемүлкіне тауар арқылы нұқсан келтірмеуді көздейді. Сонымекн бірге қауіпсіздік тауардың тұтыну қасиеттері бойынша міндеттілердің бірі болып табылады. Тауартану тұрғыдан алғанда тауар коммерциялық іс-әрекеттің бүкіл субъектілері үшін қауіпсіздік қасиетіне ие болуы тиіс. Сондай-ақ тауартануда тауарлар мен қоршаған орта үшін қауіпсіздік прицибі орау, тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау процестеріне қатысты да ескерілуі керек.

Тиімділік тауарды өндіру, буып – түю, сақтау, өткізу және тұтыну кезінде мейлінше оңтайлы қорытындыға жетуді көздейтін принцип. Бұл принцип ассортиментті қалыптастыру барысында және тауар қозғалысының әртүрлі сатыларында тауардың сапасы мн санын қамтамасыз етуде маңызды орынға ие. Тауартанудың бүкіл ісқимылдары тиімділікті жоғарлатуға бағытталуы тиіс. Бұған, сәйкесінше, минимальды шығындарды кетіру арқылы аса тиімді ақырғы нәтижелерді қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардды таңдауға негізделген кешенді шара жүргізу нәтижесінде қол жеткізуге болады. Мәселен, буып-түю не сақтаук тиімділігі тиісті сапада сақталған тауарлар саны мен осы процестке кеткен шығындармен анықталады.

Үйлесімділік тауарларды топтастырып, біріктіріп қолдануға, ассоритменттерді қалыптастыруға, бір қоймада сақтауда сәйкестілігін(үйлесімділігін) анықтайтын принцип. Тауарлардың үйлесімділігін ассортименті қалыптастыру барысында, сақтау үшін оларды орналастыру, орманы таңдау кезінде орын алады. Түрлі тауарлары пайдалану кезінде олардың үйлесімділігі тауар сапасы сақталуының міндетті шарты және қажеттіліктерді толық қанағаттандыру үщін зор мәнге ие.

Өзараауыстырушылық – адам қажеттілігіндегі бір тауардың орнына басқаларын қолдануға мүмкіндігінше сипаттайтын принцип. Тауарлардың өзара ауыстырушылығы бәсекені күшейтеді және сол мезетте қажеттілікті әртүрлі тауарлармен қанағаииандыруға мүмкіндік береді.

Бір тауардың не оның бөлек бөлшектерін бірыңғай талаптарды басқа тауар түрлерімен орындау қабілеті өзараауыстырушылық тауарлар ассориментін қалыптастыру кезінде маңызды рөл атқарады.



Жүйелеу – біртекті, өзарабайланысты тауар, процесс немесе қызметтердің тізбектілігін анықтайтын принцип. Объектілірдің көптігіне байланысты жүйелеу тауартануда ерекше орынға ие. Бұл принцип тауарларды өзара байланысты етіп біріктіруге, белгілі бір жоспар бойынша жүйені жасауға мүмкіндік береді. Жүйелеу принцибі әдістер тобының негізіне алынған топтың құрамына: идентификация, классификация, жалпыламалау мен кодтау кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет