Дәріс сабағы №8
Сабақтың тақырыбы: Сын есіимнің шырайлары. Анатомиялық терминологиядағы сын есімнің суффикстері.
Жоспары:
Сын есімнің шырайлары
Салыстырмалы шырай
Күшейтпелі шырай
Биологиялық номенклатурадағы салыстырмалы және күшейтпелі шырайдың құрылуы
Анатомиялық терминологиядағы сын есімдердің маңызды суффикстері
Латын тілінде сын есімнің шырайлары: жай шырай (gradus positivus), салыстырмалы шырай (gradus comparativus), күшейтпелі шырай (gradus superlativus).
Салыстырмалы шырай m және f тектік түріндeгі сын есімдерге -ior суффиксі жалғануы арқылы, ал n тектік түрінің сын есімдеріне -ius суффиксі жалғануы арқылы пайда болады.
жай шырай
|
түбір
|
салыстырмалы шырай
|
albus, a, um — белый, ая, ое
|
alb-
|
albior — ақшыл
albius —
|
celer, eris, erе — быстрый, ая, ое
|
celer-
|
celerior — жылдамырақ
celerius —
|
niger, gra, grum — черный, ая, ое
|
nigr-
|
nigrior — қаралау
nigrius —
|
sapiens, entis — умный, ая, ое
|
sapient-
|
sapientior — ақылдырақ
sapientius —
|
Жай шырайдағы сын есімнің сөздік формасында - атау септігіндeгі m және f тектік түріндeгі сын есімнің толық формасын және n тектік түрінің жалғауы болады: albior, ius; celerior. ius; nigrior, ius; sapientior. ius.
Салыстырмалы сын есім 3-ші жіктеуде және ілік септігінде -oris жалғауы жалғануымен өзгереді, ал түбірі атау септігіндeгі m және f тектік түріндeгі сын есімдермен сәйкес келеді
Nom. Sg.
|
Gen. sg.
|
Түбір
|
albior,
albius
|
albioris
|
albior-
|
celerior,
celerius
|
celerioris
|
сеlerіor-
|
nigrior,
nigrius
|
nigrioris
|
nigrior-
|
sapientior,
sapientius
|
sapientioris
|
sapientior-
|
Күшейтпелі шырай сөздің түбіріне -issim суффиксі және -us, -a, -um тектік түр жалғаулары жалғануы арқылы пайда болады.
жай шырай
|
түбір
|
күшейтпелі шырай
|
albus, a, um —ақ
|
alb-
|
albissimus — тым аппақ albissima —
albissimum -
albissimum —
|
brevis, e — қысқа
|
brev-
|
brevissimus — ең қысқа brevissima —
brevissimum —
|
sapiens, entis — ақылды
|
sapient-
|
sapientissimus — ең ақылды sapientissima — sapientissimum —
|
m тектік түріндeгі -er-ге аяқталатын сын есімдердің күшейтпелі шырайы -rim- суффиксі және -us, -a, -um тектік түр жалғаулары жалғануы арқылы болады.
жай шырай
|
күшейтпелі шырай
|
acer, cris, cre — өткір
|
acerrimus — ең өткір acerrima —
acerrimum —
|
celer, eris, ёrе — жылдам
|
celerrimus — тым жылдам celerrima —
celerrimum —
|
niger, gra, grum — қара
|
nigerrimus — тым қара nigerrima — nigerrimum —
|
Күшейтпелі сын есімдердің сөздік формасы 1-2 жіктеудeгі сын есімдер
сияқты: acerrimus, a, um; brevissimus, a, um; celerrimus, a, um;
sapientissimus, a, um. Осы үлгі бойынша күшейтпелі сын есімдердің түбірін
табады және жіктейді.
Күшейтпелі сын есімдерді қазақ тіліне аударғанда «ең», «өте», «тым» дeген
көмекші сөздер қолданылады.
Кейбір сын есімдердің шырайлары әр түрлі түбірден құрады.
жай шырай
|
салыстырмалы шырай
|
күшейтпелі шырай
|
magnus, a, um — үлкен
|
major — үлкенірек majus —
|
maximus — ең үлкен maxima —
maximum —
|
parvus, a, um — кіші
|
minor — кішірек
minus —
|
minimus — ең кіші minima — minimum —
|
bonus, a, um — жақсы
|
melior — жақсырақ melius —
|
optimus — ең жақсы optima — optimum —
|
malus, a, um — жаман
|
pejor — жамандау,
нашарлау
pejus —
|
pessimus — ең жаман pessima —
pessimum —
|
Төменде келтірілген алты сын есімнің жай шырайлық формасы жоқ. Олар салыстырмалы шырай ретінде қолданылғанымен, жай шырай мағынасына ие
anterior, ius — алдыңғы
|
posterior, ius — артқы
|
superior, ius — жоғарғы
|
inferior, ius — төменгі
|
exterior, ius — сыртқы
|
interior, ius — ішкі
|
Бұл сын есімдердің күшейтпелі шырайлары ботаникалық және зоологиялық номенклатураларда қолданылмайды.
Биологиялық номенклатурадағы салыстырмалы және күшейтпелі шырайдың құрылуы
Салыстырмалы шырайдың «үлкен» және «кіші» формалары биологиялық номенклатурада жай шырай ретінде қолданылады: Dendrocоpos major— үлкен сұр тоқылдақ, Lemna minor — кіші ряска, Parus major — үлкен торғай, Plantago major — үлкен жолжелкен.
Сүтқоректілердің анатомо-гистологиялық терминологиясында «үлкен» және «кіші» салыстырмалы сын есімдері бір-біріне жақын орналасқан аттас структуралардың көлемін салыстырғанда жай шырай ретінде қолданылады: үлкен қанат— ala major, кіші қанат— ala minor, үлкен төмпешік— tuberculum majus, кіші төмпешік — tuberculum minus, үлкен жамбас— pelvis major, кіші жамбас — pelvis minor.
Күшейтпелі шырайдың «үлкен» және «кіші» формалары жай шырай ретінде де қолданыла береді: Chlorohydra viridissima— жасыл гидра, Glyceria maxima —үлкен манник, Hydropilus aterimus — қара сусүйгіш, Limex maximus — үлкен ұлу.
Латын түр атауларының күшейтпелі шырайларын қазақ тіліне аударғанда бұл сын есімдер түсіп қалуы немесе басқа мағына беруі мүмкін: Elephas maximus — үнді nілі, Linum usitatissimum — зығыр, Tettigona viridissima — кәдімгі шeгіртке.
Латын афоризмдері:
1. Uses est optimus magister – тәжірибе ең жақсы ұстаз
2. Chirurgiae effectus inter omnes medicinae partes evidentissimus est —
медицинаның барлық саласынан хирургияның әсері ең мықтысы
Radices litteratum amarae sunt, fructus dulces - Білімнің тамыры ащы болғанымен, жемісі тәтті (Білім инемен құдық қазғандай)
Omnium profecto artium medicina nobilissima - ғылымдардың ең қайырымдысы медицина (Гиппократ)
Жаттығулар:
Достарыңызбен бөлісу: |