3. Латын тіліне аударыңдар:
ұзынырақ жіп, ең қалың мембрана, алдыңғы тесік, өте жалпақ жапырақ, өткірлеу тұмсық, ең жаңа түр, өте пайдалы өсімдік, жоғарғы эпидермис,
жіңішкелеу тамыр, жуандау сабақ, ең үлкен экземпляр, асқазанның артқы
бөлігі, атланттың жалпақ жалғамасы, бастың ұзынырақ бұлшық еті, үлкен
мүйіз және кіші мүйіз
4. Сын есім шырайларын құрыңдар: ащы, тәтті, еркін, жеңіл, өткір
Бақылау сұрақтары:
Сын есімнің қанша шырайы бар?
Биологиялық номенклатурадағы салыстырмалы және күшейтпелі шырайдың құрылуы
Биологиялық терминологиядағы сын есімдердің маңызды суффикстері
Дәріс сабағы №9
Сабақтың тақырыбы: Етістік (Vervum).
Жоспар:
Етістіктің грамматикалық катeгориялары
Латын тіліндeгі етістіктер жіктелуі
Бұйрық рай (Imperativus)
Латын етістігінің нeгізгі түлғалары мен түбірлері
5. Латын тіліндeгі esse (болу) етістігі
Достарыңызбен бөлісу: |