Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет10/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
Байланысты:
МТҚ

белгілеуші және 
жарлық. 
Белгілеуші бөлікте 
тиісті істердің мақсат-міндеттері, 
бұйрық шығарудың себептері баяндалады, не бұйрық 
шығаруға негіз болған сілтеме жасалады. 
Жарлық бөлігі
«БҰЙЫРАМЫН» деген сөзбен беріледі 
және жеке жолға жазылады. Мәтіннің бұл бөлімінде 
орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, 
лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен 
номерленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші 
жақ, бұйрық рай, ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктен 
(тапсырылсын, 
жариялансын, 
т.б.) 
және 
бұйрықты 


14 
орындаушыны 
(лауазымды 
адамды 
немесе 
бөлімшені) 
көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылық: «Бұйрықтың 
орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) жүктелсін» деп 
көрсетіледі. 
Жекелеген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде 
берілуі мүмкін және бұйрық мәтінінде оларға сілтеме жасалуы 
тиіс (қосымшаға сәйкес). Егер қосымшалар бірнешеу болса, 
олардың әрқайсысы номерленеді. Бұйрық пен қосымшалардың 
беттері бірыңғай құжат түрінде номерленеді. 
Бұйрықтан көшірмеде жарлыққа дейінгі барлық деректер 
сақталады, ал жарлық бөлімінен тек нақтылы сол жағдайға 
қажет мағлұмат алынады. Көшірмеде де үзінді нұсқа сияқты 
куәландырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет