Қазақстан республикасы білім және ғылым


Тақырып бойынша жаттығулар



Pdf көрінісі
бет13/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Байланысты:
МТҚ

Тақырып бойынша жаттығулар: 
1. Қысқы сессияның қорытындысы туралы хаттама үлгісін 
жазыңыз.
2. Сөздікті жазып, жаттап алыңыз. 
Хаттама - протокол Қаулы – постановление 
Қатысқандар – присутствующие Шешім - решение 
Келісім жасау – заключить сделку Басқарма – управление 
Күн тәртібінде – повестка дня Төраға – председатель
Тыңдалды – слушали
Бірінші мәселе бойынша – по первому вопросу 
3. Үлгіні пайдалана отырып, хаттама құрылымын түсіндіріңіз. 
 
Үлгі
ХАТТАМА ПРОТОКОЛ 
Кураторлар кеңесінің мәжілісі
28.05.2013ж. № 05/3 Ақтөбе қаласы 
Төрағасы: Кураторлар кеңесінің төрағасы Ж.С.Көмекова 
Хатшы: Оқытушы Д.А.Әлімова 
Қатысқандар: Асанова Г.К., Боранқұлов Т.Т., Нариманова 
Л.О., Райымбаева М.М., Сұлтанбаева Қ.Н., Теректина П.А., 
Уалиева А.А., Ұзақова О.Р., Шорманов А.С.
КҮН ТӘРТІБІ: 


18 
1. Кураторлар кеңесінің 2012-2013 оқу жылында атқарған 
жұмыстарының есебі. 
2. «Үздік куратор» сайысына үміткерлерді іріктеу. 
1. ТЫҢДАЛДЫ: 
Кураторлар кеңесінің төрағасы Ж.С.Көмекова Кураторлар 
кеңесінің 2012-2013 оқу жылында атқарған жұмыстары 
туралы есеп берді (есеп тіркелді).
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: 
120 топ кураторы М.М.Райымбаева кураторлардың өткен оқу 
жылында ауқымды жұмыстар атқарғанын айта келіп, алдағы 
уақытта белсенді топ кураторларын марапаттуға ұсыну 
керектігін айтты. 
1. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ: 
1.1. Кураторлар кеңесінің 2012-2013 оқу жылында атқарған 
жұмыстары 
қанағаттанарлық 
деп 
есептелсін, 
айтылған 
ұсыныстар назарға алынсын. 
2. ТЫҢДАЛДЫ: 
Кураторлар кеңесінің төрағасы Ж.С.Көмекова «Үздік куратор» 
сайысына үміткерлерді іріктеу ережесімен таныстырып
кураторлардың осы сайысқа қатысуға мүмкіндіктерінің бар 
екендігіне тоқталды (Ереже тіркелді). 
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: 
1. 122 топ кураторы Қ.Н.Сұлтанбаева осы сайысқа үміткерлер 
Кураторлар кеңесіне тиісті құжаттарын өткізген соң, жұмыс 
тобы 
белгіленген 
критерийлер 
бойынша 
үміткерлерді 
анықтасын деген ой айтты.
2. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ: 
2.1. «Үздік куратор» сайысына үміткерлер тиісті құжаттарын 
15 маусымға дейін Кураторлар кеңесіне тапсырсын.
Төрағасы _______________ Ж.С.Көмекова 
Хатшысы ________________ Д.А.Әлімова 


19 
Іс қағазы №05/3 
Хатшысы ________________ Д.А.Әлімова 
28.05.2013ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет