Қазақстан республикасы білім және ғылым


Тақырып №3  Ұйымдық-өкілеттік құжаттар. Бұйрық



Pdf көрінісі
бет9/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Байланысты:
МТҚ

Тақырып №3 
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар. Бұйрық. 
Ұйымдық-өкілеттік құжаттарына құрылымдық бөлімшелер 
туралы Ережелер, бөлімдердің және жекелеген мамандардың 
жұмыс 
регламенті, 
лауазымдық 
міндеттері 
туралы 
нұсқаулықтар, басқару шешімдерін тіркейтін қаулылар, 
өкімдер, 
бұйрықтар, 
алқалық 
отырыстардың 
және 
жиналыстардың хаттамалары, хаттар, актілер және т.б. 
Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың негізгі ерекшелігі олардың 
ішкі құжаттар болып табылуында. Басқаша айтсақ, оларды 
әзірлеуге немесе қолданысқа енгізу үшін басқа ұйымдардың 
немесе қандай да бір басқа кәсіпорындардың өкілдерінің 
қатысуы қажет емес. Осы кәсіпорын басшысының немесе осы 
құжаттың қызметіне қатысты басқа лауазымды тұлғаның 
шешімі жеткілікті. 
Кәсіпорында шығарылатын ішкі құжат заңдылық күші 
болған жағдайда ғана қызметкерлер үшін орындалуы міндетті 
болып саналады. 
Құжаттың осындай күші болуы үшін: 

құжаттағы ережелер заңнаманың талаптарына қатаң 
сәйкес келуі тиіс; 

осы өкілеттікке ие кәсіпорын басқармасының, бөлімінің 
лауазымды тұлғалары осы құжатты дайындауы қажет; 

құжаттың деректемелері қабылданған нормаларға сәйкес 
болуы тиіс. 
Егер осы нормалар сақталмаса, онда құжат жарамсыз деп 
танылады. 
Құжат жасаудың және сақтаудың кеңінен тараған шағын 
жүйесі ұйымдық-басқару құжаттары болып табылады, оған 
мынадай топтар кіреді: 

ұйымдық; 

басқару; 

жеке құрам бойынша құжаттар; 

қаржылық-бухгалтерлік; 


13 

ақпараттық-анықтамалық.
Бұйрық 

Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттары ішіндегі ең 


маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. 
Бұйрық - қандай да бір міндетті шешу үшін кәсіпорын 
басшысы шығаратын нормативтік құжат. 
Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 түрге бөлінеді:
1. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. 
2. Жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар. 
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, 
жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, 
тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну т.б. мәселелер 
бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар 
жоғарғы органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, 
орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды 
анықтау керек болғанда шығарылады. 
Негізгі 
қызмет 
бойынша 
бұйрықтар 
кәсіпорынның 
бланкісіне толтырылады және мынадай деректерден тұрады: 
кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі, 
индексі (номері), мәтін тақырыбы (бекіту туралы, тапсырма 
туралы т.б.), бақылау туралы белгі, мәтін, қойылған қол, 
бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы белгілер. 
Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет