Қазақстан республикасы білім және ғылым


Қызметтік хаттың мазмұнына қатысты кейбір



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Байланысты:
МТҚ

 Қызметтік хаттың мазмұнына қатысты кейбір
кеңестер:
1. Қызметтік хаттың қолжазбасы дайындалғаннан кейін
оны үш бөлімге бөліп қарастырамыз. Бірінші – кіріспе, 
екінші – негізгі фактілер берілетін бөлім, үшінші – 
қорытынды, негізгі ұсыныстар, шешімдер, нұсқаулар 
айтылатын бөлім. 
2. Кіріспе бөлімде (хаттың мазмұнына сілтеме) жалпы хат 
мазмұнында айтылатын негізгі ойды ашатын, хат мақсатын 
анық көрсететін бір-екі сөйлемнің болуына көңіл бөлінеді.
3. Негізгі фактілер келтірілетін бөлімінде істің жалпы 
жағдайына тоқталып, негізгі мәселелер анық көрсетіледі. 
Сізге келіп түскен хаттан сұрақтар болған болса, оған жауап 
беріңіз. Егер істелген іс жайлы жазатын болсаңыз, оған 
қосымша баға беріп кетіңіз. Шешілмеген мәселелерді бөліп 
жазыңыз, себебін қысқаша түсіндіріңіз.
4. Қорытынды бөлімде айтылып отырған мәселеге 
байланысты ұсыныстар айтылады немесе нұсқаулар беріледі.
Тапсырма, бұйрықтар болса нақты беруге тырысыңыз. 
Сөйлемдеріңіз шұбалаңқы, көп сөзді болмасын.
5. Құжат мәтінін түзетіп, редакциялағаннан кейін
қайталап оқып шығыңыз. Қосымшалар болса, олардың 
тізімін жасағаннан кейін, хаттың қолжазба нұсқасымен 
келісетіндігіңізді көрсетіп, мәтінді басуға жіберіңіз. Хат
басылып, қол қойылғаннан кейін оны жіберуді жауапты 
адамға тапсырыңыз. Белгілі бір уақытқа дейін (керекті мерзім 
біткенше) құжаттың қолжазбасы мен бірінші данасын 
сақтаңыз. 
Жазылу 
мақсатына, 
хатта 
айтылатын 
мәселенің 
ерекшеліктеріне байланысты қызметтік хаттың бірнеше түрі 
болады. Олар:

ресми хаттар, 


23 

жеке хаттар, 

ұсыныс, кепілдеме хаттар, 

сұрау салу хаттар, 

жолдама хаттар. 
Хат 
мәтінінде 
мынадай 
грамматикалық 
үлгілер 
пайдаланылады: 
өтінемін, кәсіпорын өтініш жасайды, 
ұсыныс енгіземіз, хабарлаймыз, түсіндіреміз, мәлім етеміз 
т.с.с. 

Қызметтік хаттың үлгісі 
Алматы қаласы Алмалы ауданы 
Әкімі аппаратының басшысы_____________ 
ҚЫЗМЕТТІК ХАТ 
Осы жылдың 20 тамызы күнгі азамат А.Өтеновтің 
Алматы қаласы (Алмалы ауданы) Әкімі аппаратына келіп 
түскен өтініші бойынша, Сіздің тапсырмаңыздың орындалу 
барысы туралы төмендегілерді хабарлаймын.
Осы жылдың 22 тамызы күні өтініш беруші 
А.Өтеновпен 
телефон 
арқылы 
әңгімелестім. 
Әңгіме 
барысында ол Алматы қаласында (Алмалы ауданында) Жастар 
орталығын қорғау академиясын ашу туралы мәселе көтерді. 
Әңгімелесу нәтижесінде ол Алматы қаласы (Алмалы 
ауданы) Әкімінің бірінші орынбасары ___________ жеке 
қабылдауына жазылды. 
Жалпы бөлім меңгерушісі 
____________________ ____________________
(қолы) (аты-жөні) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет