Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, бірнеше сұрақ дайындаңыз.
2. Мәтін мазмұнын айтыңыз.
3. Пікірталас.
- Қазақ тілінде кездесіп жүрген құжат тілі түсінікті ме?
- Мемлекеттік тілдегі құжаттар тілі орыс тілінің тікелей
аудармасы дегенмен келісесіз бе?
- Ол қазақ тіліндегі мағынасын аша ала ма?
Бақылау сұрақтары:
1. Құжат мәтіні қалай жазылады?
2. Құжат мәтіні қандай бөліктерден тұрады?
Тақырып №3
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар. Бұйрық.
Бұйрық – жетекшінің мекемені басқару барысында, алда
тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді
шешу мақсатында шығаратын, қарамағындағылар орындауға
тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.
Бұйрықтың құрылымы:
бланк штампының реквизиттері ;
құжат аты;
күні, нөмірі;
шыққан жері;
мәтін тақырыбы;
бақылау туралы белгі;
қолы;
виза;
құжаттың орындалғаны туралы белгі.
Достарыңызбен бөлісу: |