Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
МТҚ

«байланыс кәсіпорнының 
индексі, поштаның және телеграфтың мекен-жайы, 
факстің номері, E-mail, телефон номері, банктік шоттың 
номері»
сияқты деректемелер және 
«кіріс құжатының 
индексі мен күніне сілтеме»
деректемесінің тұрақты бөлігі 
жазылады, ал басқа құжаттарға арналған бланкілерде 
«құжат 
түрінің атауы» 
және 
«жасау немесе шығару орны» 
деректемелерін толтыру үшін бос орын қалдырылады. 
Құжаттары көп мекемелерде мысалы, қаулы, шешім, 
бұйрық сияқты құжат түрінің атауы типографиялық әдіспен 
басылған 
құжаттардың 
жекелеген 
түрлеріне 
арналған 
бланкілерді пайдалану ұсынылады. Егер құжатты екі немесе 
одан да көп заңды тұлға жасайтын болса, онда жалпы 
ережелерді қолдана отырып, қағаздың таза бетінде ресімдейді. 
Барлық бланкілер мен құжаттардың азат жолы: 
- сол жағынан және жоғарыдан – 20 мм; 
- оң жағынан және төменнен – 10 мм болуы қажет. 
Тәжірибеде 
пайдаланылатын 
неғұрлым 
маңызды 
деректемелер: 
01 – Қазақстан Республикасының елтаңбасы; 
02 - Қазақстан Республикасы наградаларының бейнесі; 


52 
03 - ұйымның эмблемасы немесе тауар белгісі (қызмет көрсету 
белгісі); 
05 - құжат нысанының коды; 
06- ұйымның атауы; 
07 – ұйым туралы анықтамалық деректер; 
08 – құжат түрінің атауы; 
09 – құжаттың күні; 
10 – құжаттың тіркеу номері; 
11 – тіркеу номеріне және құжаттың күніне сілтеме; 
13 – құжатқа рұқсатты шектеу грифі; 
14 – адресат; 
15 – құжатты бекіту грифі; 
16 – қарар; 
17 – мәтінге тақырып; 
18 – бақылау туралы белгі; 
19 – құжаттың мәтіні; 
20 – қосымшалардың болуы туралы белгі; 
21 – қол қою; 
22 – құжатты келісу грифі; 
23 – құжатты келісу бұрыштамалары; 
24 – мөр; 
25 – көшірмелерді куәландырғаны туралы белгі; 
26 – орындаушы туралы белгі; 
27 – құжатты орындау және оны іске жіберу туралы белгі; 
28 – ұйымға құжаттың келіп түскендігі туралы белгі болып 
табылады. 
А4 
форматында 
деректемелердің 
орналасуы 
деректемелердің бұрышта орналасуын белгілейтін схемада 
көрсетілген. Егер бланкілер қазақ және орыс тілдеріндегі 
деректемелермен дайындалса, онда ұзынынан (орталық) 
орналасу пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет