7
Практикалық сабақтарға арналған тақырыптар
Тақырып №1
Құжат. Оның қызметі.
«Құжат»
- латын тілінен аударғанда «куәлік», «дәлелдеу
тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі
қолданыста оның негізгі
үш мағынасы бар:
қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты
(мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы.
жеке басты ресми түрде
куәландыратын құжат
(төлқұжат);
бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі
грамоталар).
Қазақстан Республикасында құжаттарды рәсімдеу және
олармен жұмысты ұйымдастырудың
жалпы талаптары
Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және
қоғамдық
келісім
министірлігінің
Мұрағаттарды
және
құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті Төрағасының 2003
жылғы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік
ұйымдарында
құжаттау
мен
құжаттаманы
басқарудың
Тұрпатты ережелері туралы» №33 бұйрығымен белгіленген.
ҚР Үкіметінің 26.02. 03 ж. қаулысына сәйкес күші
жойылды
деп танылған ҚР Министрлер Кабинетінің 30.06.92 ж. № 562
қаулысымен бекітілген Ереженің орнына осы ереже енгізілді,
онда құжаттарды рәсімдеуге
қойылатын негізгі талаптар
сақталған, бірақ қазіргі күнгі талаптарды ескере отырып,
жаңартылған, толықтырылған. «Ережелерде»
толықтырудың
және айналымын басқарудың нормалары айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: