Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет33/95
Дата01.06.2020
өлшемі282,89 Kb.
#71925
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95
Байланысты:
силлабус

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

    1. Тәрбие дегеніміз не?

    2. Қоғамның дамуындағы тәрбиенің рөлі қандай?

    3. Тәрбиенің ерекшеліктерін атаңыз?

    4. „Оқыту”, „оқу”, „білім беру”, „тәрбие”, „тәрбиелеу” ұғымдарының айырмашылығы қандай?

    5. Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?

    6. Педагогикалық техникаға не жатады?

Дәріс № 2

Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі

Жоспар:

1.Сыныптың тәрбиелік жүйесі-мектептік тәрбиелік жүйенің компоненті.

2. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы.

3. Мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау

4. Педагог-тәрбиеші қызметінің жүйесі. Педагог-тәрбиеші қызметінің
Мектептің тәрбие жұмысының мазмұны, әдістемесі мен технологиясы

оның тәрбие жүйесімен анықталады. Әрбір мектеп бір-бірімен тығыз байланысты дидактикалық және тәрбиелік бөлімдерден тұратын педагогикалық жүйемен анықталады.

Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.


Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы



Сабақтан тыс тәрбие жұмысы




Мектеп ұжымындағы қарым-қатынас стилі, моральдық-психологиялық ахуал



Сыныптан тыс тәрбие жұмысы

Мектептен тыс тәрбие жұмысы

Мектептің педагогикалық жүйесі:

1. Дидактикалық жүйе.

2. Тәрбиелік жүйе.

3. Қарым-қатынас жүйесі.
Мектептің біртұтас жүйесі тұрғысынан алып қарасақ, сабақтың рөлі зор. Сабақтың мақсаты тек білім беру, дағды, икем қалыптастыру ғана емес, таным әрекетінің сыртқы ортамен қатынас барысында қалыптасатын дара тұлға- жеткіншекті тәрбиелеу.

Мектептің тәрбие жүйесіне енетін сабақ – дидактикалық жүйенің ең басты компоненті. Дидактикалық компонентпен қатар, тәрбие жүйесінің компоненттеріне мектептің материалдық-техникалық базасы, қоршаған ортаның табиғи, әлеуметтік және мәдени эстетикалық қырлары енеді.

Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың тәрбиелік

жүйесі, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Е.Шуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы. В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері.

Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды. Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады. Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.

Академик В.Д.Афанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:

— түпнұсқаның — жүйеге ұқсас, соған сай келуі;

— мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;

— субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу;

— түпнұсқаның — жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы.

Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгі жасау процесі — ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В.ГАфанасьев).

Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.

Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.

Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:



I кезең — мектеп бейнесін жасау. II кезең — оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру. III кезең — оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.

Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет